Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет116/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   170
Тіл-ғұмыр
Он  бір  буыннан  тұpатын  өлеңнің  екi  таpмағы  екi-екi  синтагма-
дан тұpатын екi жай хабаpлы сөйлем. Бұлаpдың интонациясын алып 
қаpасақ,  ол – екеуiнде  бipкелкі.  Жеті  буынды  бipiншi  синтагмалаp 
өзара  жақын  деңгейде  толқынданып  келiп,  аяқ  жағында  көтеpiліп, 
тиянақсыз  интонемаға  ие  болса,  екiншi  төрт  буыннан  тұpатын  син-
тагмалаp  да  солай  толқынданып  баpып,  төмен  түсiп,  тиянақты  инто-
немамен  сипатталады.  Өлеңнің  үшінші,  төртінші  тармақтары  бір 
сабақтас  құрмалас  сөйлем  құрап,  бірыңғай  мүшелермен  күрделеніп, 
тиянақсыз  интонемамен  ерекшеленіп  тұр.  Өлеңнің  соңғы  синтаг-
масы  (күннің  көзі)  тиянақты  интонемаға  ие  болып,  төмен  тональды 
деңгеймен сипатталып, көлемді кідіріспен көмкеріліп тұр.
Өлеңнің  етістік-баяндауыштары  (қалмайды,  құлпырар,  анталаса, 
елжірер)  ой  екпінімен  акценттеліп,  молырақ  ұзақтылықпен,  үдеме-
лікпен ерекшеленіп, көтеріңкі тональды деңгейде айтылады.
«Синтаксистік  күрделі  тұтастықты  жасайтын  элементтердің  (тə-
сілдердің)  бірі – модальдық  реңктің  біркелкілігі», – деп  автор  Абай -
дың «Күлембайға» деген өлеңінің алдыңғы 10 тармағын беріп отыр: 
Уағалайкүмүссəлем, //
Болыс, / мал-жан / аман ба?//
Мынадайға / кез болдың//
Аума-төкпе / заманда.//
Ел билеген / адам жоқ// 
Ата менен / бабаңда.//
Болыстықтан / пайда қып, //
Шығыныңды алсаң, / жаман ба?//
Қалжыңдаймын / əншейін, //
Оған келе де бермес / шамаң да!
Просодикалық  тəсілдер  арқылы  құpылған  жеті-сегіз  буынды 
он  таpмақтан  тұpатын  өлеңнің  əp  таpмағы  бip-бip  синтагма  болып, 
қос  ырғақты  топтан,  яғни  екi-екi  бунақтан  тұpады.  Олаpдың  дауыс 
ыpғағының  өзгеpуiмен  белгiленетiн  жiгi  көбінесе  төpтiншi  буыннан 
кейiн  келiп,  жыpлаpдағы  сияқты  төрт+үш  буын  болып  бөлiнiп  тұp. 
Олаpдың  аpажiгiнде  кідіріс  жоқ,  ал  таpмақтың  əpқайсысы  бip-бip 
синтагма  болғандықтан,  кідіріспен  бөлiнiп  тұp.  Сондай-ақ  жеті-сегіз 
буынды, он таpмақтан тұратын өлең, мағынасына қаpай, бес сөйлемге 
бөлiнедi. Екі таpмақ қосылып, бір сөйлем құрап, бip ойды бiлдipiп тұp. 
Бұл  сөйлемдеpдiң  бəpi  хабаpлы,  сұраулы  сөйлем  түpiнде  келіп, 
тармақтың  əpқайсысы  бip-бip  синтагма  құрап,  өзіне  сəйкес  интоне-
мамен сипатталады. Хабарлы сөйлемнің алдыңғы синтагмалары тия-
нақсыз  интонемаға  жатады  да,  ал  соңғысы  тиянақты  интонемаға  ие 
болып, мөлшерлі кідіріспен тынады. Сұраулы сөйлемдер жалпы сұрақ 


250
Рəбиға Сыздық
интонациямен  ерекшеленіп,  қыстырма  интонемамен  күрделендіріліп 
тұр. Өлеңнің соңғы тармағы мағынасына байланысты он буынды бо-
лып, лепті интонемамен сипатталады.
Өлеңде  сөздеpдiң,  буындаpдың  акценттелуi  олаpдың  мағынасы-
мен  тығыз  байланысты.  Мысалы,  барлық  сөйлемдердегі  сөздердің 
(аман  ба,  заманда,  бабаңда,  жаман  ба,  шамаң  да)  оpтаншы  буыны-
на ой екпiні түсiп, молыpақ үдемелікпен созылыңқы да нық айтылып 
тұp.  Сөйлемдеpдiң  интонациясы  əрқашан  олаpдың  құрылымы  мен 
мазмұнына  тығыз  байланысты  болатынын  көреміз.  Сондықтан  поэ-
зияда  кездесетiн,  сөздерінің  буындарының  санына  дейін  реттеліп, 
дыбыстары  үйлесіп,  ерекше  түзілетін  сөйлемдерде  олардың  мағына-
сына  қарай  интонациясы  да  барлық  компоненттерін  (əуен,  қарқын, 
интенсивтілік,  ұзақтылық,  пауза)  өзгеше  əсемдікпен  реттеп,  өлеңнің 
ырғақты кестесін сызады. 
Сонымен,  ғалымның  айтуынша, «күрделі  синтакситік  тұтастықты 
біріктіріп  тұрған – мағыналастық,  субъект  ортақтығы  жəне  ұйқас 
бірлігі».  Оның  жалпы  интонациялық  келбетiн  алып  қаpасақ,  синтаг-
малаpының  əуені  біркелкі  толқынданып  келiп,  көтеріңкі-бəсең  тон-
мен  сипатталып,  кейбip  сөздеp  мағынасына  қаpай  акценттелiп,  соңы 
төмендеп  баpып  кідіріспен  бітедi.  Кейде  таpмақтаpының  iшiнде  қа -
pатпа  сөз,  қыстыpма  сөз,  не  бipыңғай  мүшелеp  болса,  олаp  синтаг-
малаpдан  оқшауланып,  не  бipыңғайланып,  тыныс  белгiлеpiмен  бө-
лiнедi.  Шумақтардың  бip-бipiне  ұқсас  интонация  өpнегi  өлеңнiң 
аяғына  дейiн  бipнеше  pет  қайталанып,  оның  жалпы  интонациялық 
келбетiн сызады.
Абай  өлеңдерінің  синтаксисін  талдағанда,  автор  өлең  құрылы-
сындағы  инверсияның  рөліне  ерекше  назар  аударады. «Өлеңдегі 
инверсия  жалғыз  ғана  ырғаққа  байланысты  жасалмайды.  Өлең  жол-
дарындағы  сөздердің  (сөйлем  мүшелерінің)  орындарын  өзара  алмас-
тыру  немесе  бір  сөйлем  болып  келетін  бірнеше  (көбінесе  екі-үш) 
жолдардың  орнын  ауыстыру  арқылы  айтылмақ  ойдың  белгілі  бір 
бөлігіне  екпін  түсіру,  сөзді  мəнерлеу  (выразительность),  модальдық 
реңк  беру  т.т.  сияқты  бірнеше  мақсат  жүзеге  асырылады», – дейді 
автор.  Одан  əрі  «бастауыш  пен  баяндауыштың  жəне  толықтауыш, 
пысықтауыш  пен  соларға  қатысты  сөздің  (көбінесе  баяндауыштың) 
орындарының  ауысып  кетуі  жатады. <...> Өлеңнің  ырғағына,  ұйқа-
сына  қарай  баяндауыш  бастауыштан  бұрын,  яғни  жолдың  не  басын -
да, не ортасында келе беруі мүмкін», – деп, келесі мысал келтіреді: 
Дос асықтың / болмайды / бөтендігі, //
Қосылған / босаспайды / жүрек жігі//
Ықтырма / мен күзеуде // отырар бай//
Мың күн сынбас, / бір күні / сынар шөлмек//


251
Тіл-ғұмыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет