244
Рəбиға Сыздық
данғанын байқаймыз. Мысалы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет
Байтұрсынұлы, Ілияс Жансүгіров сияқты ақындар жан толғанысын
поэзия тілімен айтуға келгенде, сегізаяққа жүгінеді. Абай «Сегіз-
аяғында» өзінің философиялық, азаматтық, суреткерлік ой-толғам-
дарын білдірсе, Ахмет Байтұрсынұлы да үстіміздегі ғасырдың басын-
да елдік, ұлттық тəуелсіздігінен айырылып, отар жұрттық күн кешіп
отырған, ғылым-білімнен де құр қалған халқына:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның
Аш көзіңді оянып.
Қанған жоқ па əлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың?! –
деп, қазақ қоғамының ұлттық намысын оятпақ болады. Бұл идея
Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл ақындық, ағартушылық қызметінің
лейтмотиві болса, оны білдірудегі ең бір ұтымды деп тапқаны – осы
ойын айтатын өлеңін сегізаяқтың үлгісімен жазу. Мұнда ақын ұстаз
тұтқан Абайдың үлгісімен алғашқы екі жұпты алты тармақта айтыл-
мақ идеяның тезисін (баяндауды) береді де, соңғы екі тармақта сол
тезистен шығатын түйінді, яғни антитезисті ұсынады» [197-198 бб.].
Бұл үрдісті зерттеуші Сұлтанмахмұттан да тауып, теориялық
талдау арқылы дəлелдеп берген: «Солардың бірі – Сұлтанмахмұт То-
райғыров. Ол да Абайды, оның ақындығын пір тұтқан жан. 1913 жылы
«Айқап» журналында жариялаған «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары
жайынан» деген мақаласында сол кезеңде, үстіміздегі ғасырдың
алғашқы 10-15 жылдығына, қазақ тілінде деп жарық көріп жатқан
поэзия дүниесінің алдымен тақырыбы мен мазмұнын, сонан соң,
идеясы («рухы») мен түрін («тілін») қатты сынап, «марқұм Абай
өлеңдері басқаларға қарағанда пайғамбардың жүрегінен құйылған
құрандай, соқыр кісі сыбдырынан танырлық аққұла ашық тұрады»
дейді де, оның
өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала ал-
Достарыңызбен бөлісу: