Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет124/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   170
Рəбиға Сыздық
көші-қонын  суреттесе  де,  ақын  көсемше  тұлғасын  əдейі  алады  да, 
оған ашық райдың қызметін артады...
Демек, қазақ əдеби тіліне ертеден таныс, бірақ таңдап-талғап сирек 
қолданылатын  бұл  тəсілді  Абайдай  сөз  шебері  нақ  түсініп,  орынды, 
яғни таза стильдік мақсатта жəне жиі пайдаланған».
Ғалымның  пікірінше,  ашық  райдағы  етістік  тұлғалары  эпикалық 
баяндау  үлгісіндегі  шығармаларға  тəн.  Өйткені  оларда  «белгілі  бір 
оқиға, іс-əрекет баяндалады, демек, баяндау стилі басым болады. Ал 
баяндау  стилі  үшін  ең  қолайлы  жəне  интонациясы  мен  синтаксисі 
жағынан  баяндау  мəнеріне  сай  келетін  құрылыс  баяндауыштың 
сөйлем  соңында  (демек,  тармақ  соңында)  тұруы  болады». «Ал  баян-
дау  емес,  суреттеу,  толғау  (размышления,  раздумья),  нақыл-өсиет 
түріндегі  шығармаларда  ұйқасқа  көбінесе  өзге  сөз  таптары  немесе 
етістіктің  ашық  райдан  өзге  тұлғалары  алынған».  Бұған  Махамбет -
тің  бірнеше  өлеңдерін  мысалға  келтіреді  де,  зерттеуші  мынадай 
түйін жасайды: «Біздің байқауымызша, жалпы Махамбет өлеңдерінде 
етістіктің ашық райлы тұлғасынан жасалған ұйқастар көп емес, оған 
басты  себеп – Махамбет  творчествосының  тақырыбы  мен  стилінде. 
Ол – белгілі  бір  оқиғаны  жырлаушы  емес,  сол  оқиғаға  өзінің  көзқа-
расы мен қатынасын білдіруші, өзі бастап араласқан тарихи оқиғаны 
констатациялап,  баяндаушы  емес,  сол  күреске  шақырушы,  дем  бе -
руші. Сондықтан оған баяндау стилі тəн емес».
Жалпы,  көркем  əдебиет  тілін,  жазушы  стилін  талдауда  баяндау 
типтерін  бұлайша  жіктеп  алып,  олардың  құрылысын,  берілу  жолда-
рын,  даму  тенденциясын  зерттеу  ең  зор  перспективалы  жұмыстар-
дың  бірі  болмақ.  Ғалымның  М.Əуезовтен  кейін  бұл  мəселелерге  ден 
қоюы назар аудартады.
Р.Сыздық  Абайдың  сөз  өрнегін  талдаған  соңғы  еңбегінде  көркем 
əдебиет  тілін  өнер  тілі  тұрғысынан  зерттеудің  жалпы  теориялық 
мəселелеріне де, нақты іс-тəжірибелік ізденістеріне де жаңа пікірлер 
қосады.  Абай  тілін  танудың  қырларын  сөз  ете  отырып,  көркем 
шығарма  тілін  талдаудың  бірнеше  бағыт-бағдарын  ұсынады.  Ол  бы-
лай  дейді: «... өлең  тілін  талдауда  негізгі  мақсат – ... ақынның  сөз 
кестесін:  көріктеу  құралдары  мен  көркемдеу  тəсілдерін  танып-таны-
ту  болмақ,  екінші  сөзбен  айтсақ,  ақын  поэзиясының  мазмұны  мен 
сол  мазмұнның  тілдік  көрінісін – тілдік  механизмін  зерттеу  бол -
мақ...  Жеке  суреткердің  идиостилін  танытуда  əдеби  дəстүр,  көркем -
сөз  мектебінің  ұласуы,  əдеби  тіл  нормаларының  көрінісі,  ақынның 
тілдік-көркемдік  əлеміндегі  ізденістері,  шеберлігі,  қосқан  үлесі  де-
гендер де əңгіме өзегіне айналды».
Ақынның  поэтикалық  тілін  зерттеуде,  оның  «өзіне  тəн  көркем -
дік  қолтаңбасы»  тақырып  өзегі  болса,  оны  анықтау  үшін  «тіл 


261
Тіл-ғұмыр
элементтерін  эстетикалық  қызметте  жұмсауының  принциптерін, 
стильдік  ерекшеліктері  арқылы  көрінетін  «автор  образын»  ашып 
талдау қажет болады».
Міне,  бұл – қазақ  көркем  əдебиеті  стилистикасында  енді  ғана 
айтыла бастаған соны сөз, жаңа бағыт-бастама.
Көркемсөздің  құдіретін  танытатын  еңбектерінің  бірі – «Сөз  құді -
ретінде»  М.Əуезов,  Ə.Кекілбаев,  Ш.Мұртаза,  М.Мағауин,  О.Бөкеев, 
С.Бердіқұлов,  А.Сүлейменов  шығармаларының  тілін  талдау  нəти -
жесінде  ғалым,  бір  жағынан,  олардың  өзіндік  көркем  тілдік  қолда-
ныстарын,  образ  сомдау  ерекшеліктерін,  тіл  жұмсау  шеберліктерін 
ашып  берсе,  екінші  жағынан,  сол  талдаудың  негізінде  аса  құнды 
теориялық тұжырымдар жасап отырады.
«Функционалды  стильдер  мəселелерін  сөз  ететін  ғылым  саласы – 
стилистика ұлттық тіл мəдениетінің негізін қалайды».
Ғалымның  бұл  темірқазық  тезис-тұжырымы  тіл  қолданысының 
негізгі  теориялық  базасын  құрайды.  Стилистика  тұрғысынан  тіл 
элементтерінің қызметін бағалау, тіл мəдениеті тұрғысынан олардың 
нормаға  сай  не  сай  емес  қолданысын  анықтау – бір  мəселенің  екі 
жағы,  сондықтан  «стилистика  мен  сөз  мəдениеті  мүдделері  тоғысып 
жатады».  Осыған  байланысты  зерттеушінің  ұлттық  көркем  тіл  нор-
маларын  анықтауға  ұмтылуы  да  түсінікті.  Бұл  мəселені  ғалым  жал-
пы  əдеби  тіл  нормасымен  байланыста  алып  қарайды.  Əрине,  көркем 
əдебиет  тілінің  нормасы  əдеби  тілдің  нормасына  үнемі  сай  түсіп 
жатпайды. «Көркем  əдебиет  тілінде  нормадан  ауытқу  көркемдік  та-
лабынан  шығып  тұрса,  ол – көркем  тілдегі  нормалылық  болғаны». 
Сондықтан  бұл  бағытта  жүргізілетін  ғылыми  ізденістердің  ішінде 
«қазақ  тілінің  ұлттық  көркем  əдеби  нормаларын  айқындау,  оның 
ерекшеліктерін  таныту,  əдеби  нормадан  ауытқу  құбылыстарының 
сырын  ашып,  табиғатын  көрсету»  болашақта  істелуге  тиіс  маңызды 
мəселелердің  қатарына  жатады.  Зерттеуші  көркем  əдебиет  тілін 
синхронды-нормативтік  тұрғыдан  тексеруді  бүгінгі  қазақ  тіл  білімі-
нің  өзекті  мəселелерінің  бірі  етіп  қояды,  еңбекте  бұл  бағытта  ма -
ңызды қадам жасалады.
Сөз  соңында  мына  жайға  көңіл  бөлгім  келеді.  Р.Сыздық  көркем 
əдебиет  тілін  осы  уақытқа  дейін  əркім  өзінің  жеке  бастамасымен,  өз 
білім,  тəжірибесінің  шеңберінде  зерттеп  келгендігін  ескертіп,  енді 
олардың  басын  біріктіріп,  бұл  бағыттағы  жұмыстарын  жүйелеп, 
үйлестіріп  отыратын  ғылыми  орталықтың  болуын  ұсыныс  етіп 
қояды. Бұл ұсыныс шешімін тауып жатса, құба-құп.
Ғылым-ғұмыр. – Алматы, 2014. 


262
Рəбиға Сыздық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет