Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек


ҚАЗАҚ ƏДЕБИ ТІЛІ ТАРИХЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет37/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   170
ҚАЗАҚ ƏДЕБИ ТІЛІ ТАРИХЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 (конференциядағы жарыссөз)
Мен  баяндамада  айтылған  пікірлер  мен  олар  жөніндегі  талас-
тартыстарға  тоқталмаймын.  Жұртшылық  назарын  бір  ғана  мəселеге 
аударғым келеді. Ол – менің алдымда сөйлеп өткен А.Əбдірахманов-
тың  соңғы  пікірлерімен  үндесетін  текстология  жайы.  Қазақ  əдеби 
тілі  тарихын  түбегейлі  зерттеу  үшін  өткен  дəуірлердегі  мұралар 
текстерін  шығаруды  қолға  алу  қажет.  Ол  үшін  шын  мəніндегі  текс-
тологиялық жұмыстарды бастау керек. Бізде əлі бұл салада мардым -
ды  жұмыс  жоқ,  əсіресе  тілшілер  тарапынан  жүргізілген  немесе  жүр-
гізіліп жатқан ізденістер мен табыстар мүлде жоқ деуге болады.
Мен 1964 жылы  «Жұлдыз»  журналының  бетінде  текстология 
проблемасына  арналған  үлкен  мақала  жариялап,  онда  біраз  мəселе-
лерді көтеріп ем. Бірақ оны кезінде іліп əкеткендер болмады, əсіресе 
тіл  мамандары  үн  қоспай  қалды.  Ал,  шындығында,  бұл  тек  əдебиет-
шілер емес, тілшілер үшін де, оның ішінде тіл тарихына үңілу үшін де 
өте  қажет,  өйткені  текстің  дұрыс  оқылуының  айрықша  мəні  бар.  Бір 
ғана мысал келтірейік. Атақты Бұхар жыраудың: Еңсесі биік боз орда 
Мортық  болар  бүлген  соң  деген  жолдарындағы  бүлген  сөзін  екінші 
бір  басылымда  бөлген  соң  деп  берсе,  енді  біреулерінде  бүлінген  соң 
деп  жазыпты.  Осы  түбірден  жасалған  бүлгін  сөзін  Махамбеттің 
бір  басылымында  Туып  тұр  ел  басына  бұл  күн  деген  деп  жазыпты. 
Бұл – не?  Жай  корректорлық  ағаттық  па?  Біздіңше,  жоқ.  Бұл  жер-
де  кітап  шығарушы  редактор,  корректорларды  жазғырудан  гөрі, 
текстологиялық жұмыстардың жоқтығын айту керек. Өйткені текстің 
мазмұнына,  өзге  де  мұралардың  тіліне,  өткен  кезеңдердегі  образдар 
дүниесіне  назар  аударып,  текстологиялық  ізденістермен  шұғылдан-
ған  адамға  бүлу  етістігі  мен  бөлу  немесе  бүліну  мен  бұл  күн  сөздері-
нің арасы алшақ дүниелер екені жақсы танылар еді. Текстологиялық 
жұмыстардың  жоқтығынан  осы  типтес  жаңсақтықтар  молынан  кетіп 
жатыр,  ал  олар – тіл  үшін,  оның  тарихи  барысын  тану  үшін  прин -
ципті  мəні  бар  құбылыс.  Тіл  тарихшысын  шатастыратын,  жаңылыс-
тыратын қателер.
Сондықтан  қазақ  тілі  тарихына  қатысты  текстерді  дайындауды 
қолға  мықтап  алмас  бұрын  текстолог  мамандар  дайындау  қажет.  Ол 
үшін, айталық, осы институттың жанынан екі-үш адамнан тұратын се-
минар  ұйымдастыру  керек  пе  əлде  Москва,  Ленинградтарға  жіберіп, 
оқытып  алу  қажет  пе,  əйтеуір,  кадр  дайындауды  ойластыру  жөн. 
Мұнда  қазақ  текстологтарының  жұмыс  əдістері  мен  міндеттері  орыс 
тіліндегі мұраларды зерттейтін мамандар пікірінен бөлекше түсетінін 


76
Рəбиға Сыздық
қатты  ескеру  керек  болады.  Біздің  əдеби  дүниелеріміз  (өткен  ға-
сырлардан  келген  мұраларымыз),  біріншіден,  ауызша  сақталып  жет -
кендігін, олар хатқа түскенде, əсіресе өткен ғасыр мен осы ғасырдың 
30-жылдарына  дейін  жазылып  алынғандары  араб  жазуымен  беріл-
гендігін  ескерсек,  текстологтардың  жүгі  ауырлай  түсетіндігін  де  мо-
йындауға мəжбүрміз.
Конференцияда  пікір  алысып,  сөйлеушілердің  кейбіреуінің  сөзіне 
байланысты  бір  ауыз  ескертпе  айтуға  рұқсат  етіңіздер. «Əдеби  тіл» 
дегеннің  ең  өзекті  мəселесі – норма  жайы  екенін  дұрыс  түсінсек. 
Оның  үстіне  бұл  норманы  «барлық  дəуірге,  барлық  стильге  бірдей 
тəн»  деп  жəне  қарамасақ.  Егер  əдеби  тілдік  норма  бір  рет  пайда  бо-
лып, ол ешбір өзгермейтін болса, əдеби тілдің тарихын да сөз етпеген 
болар ек, өйткені ол тарихтың өзі болмаған болар еді. Екінші, əдеби 
норманың  функционалдық  стильдерге  қарай  түрленіп  келетіндігін, 
яғни  əр  стильдің  өзіне  тəн  нормаларының  да  болатындығын  тіл 
тарихына  үңілушілер  жақсы  білсе  керек  еді.  Құрметті  Мəулен  Бала-
қаев  өз  сөзінде  бір  өлеңнің  тексінен  мысал  келтіріп,  мұнда  сөйлем-
нің бастауышы баяндауыштан соң келгендіктен, нормадан тыс болып 
есептелінеді,  қысқасы, «поэзияда  əдеби  тіл  нормасы  жоқ»  дегенді 
айтты. Бұл, сірə, «синтаксис – ғылым емес» деген сияқты «тұжырым-
ның» сыңары болар, тіпті қалжың сөз болар. Əйтпесе «Жас теректің 
жапырағы  Жамырайды  соқса  жел»  деп  жырлаған  Ұлы  Абайдың 
поэзиясы  əдеби  тіл  нормасынан  «шығып  кеткен»  дүние  болар  еді 
(мұнда жамырайды деген баяндауыш пысықтауыштан соң, ал соқса 
деген  баяндауыш  жел  деген  бастауыштан  бұрын  орналасып,  ақын 
əдеби тіл нормасын «бұзған» болып тұр ғой). Ал, шындығында, өлең -
нің  ұйқасы,  өлшемі,  ырғағы  сияқты  шарттарына  орай  сөйлем  мү-
шелерінің  орындары  ауысып  келе  беретіндігі – поэзия  стилінің  нор-
масы емес пе!
Норманы  тек  бүгінгі  күннің  танымымен  талап  ету – тарих  үшін 
қиянат.  Тіпті  прозаның  өзінде  əдеби  норма  өзгеріп  отырмады  ма? 
Қазіргі  кезеңде  көбінесе  «болу  керек»  деп  жұмсайтын  тіркестің  ор-
нына  күні  кешеге  дейін  қазақ  прозасы  «болса  керек», «болмаққа  ке-
рек»  дегенді  жұмсап  келді  ғой. «Деп»  деген  көсемшеге  аяқталатын 
сөйлемдер Абайға  дейін  норма болып  келген жоқ  па? Міне,  осылар-
ды  ескерсек,  яғни  əдеби  тілдің  нормасын  əрі  «тарихи  құбылыс»,  əрі 
«стильдік тарамдары бар құбылыс» деп тану тек қазақ тіл білімі үшін 
емес,  жалпы  лингвистикада  орныққан,  дəлелденген  теория  екенін 
білсек»  дегенді  айтқым  келеді.  Айтыс-таластарымыз  профессионал-
дық жағынан мейлінше сауатты, дəлелді болса деймін.
Қазақ əдеби тілі тарихының проблемалары. 
Алматы: Ғылым, 1983. – 348-350-б. 


77
Тіл-ғұмыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет