Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет5/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170
Рəбиға Сыздық
XVIII  ғасырлардағы  қазақ  ақын-жыраулары  тілі  мен  осы  ескерткіш 
тіліне  тəн  ортақ  белгілер  мен  жарыспалы  құбылыстарды  ашуы 
аталмыш  зерттеудің  аса  бір  бағалы  жағы  деуге  болады.  Сонымен, 
бұл  еңбекте  Қадырғали  Жалайыридың  «Жами’ат-тауарихы»  тілдік 
жағынан  да,  рухани  мəдениет  жағынан  да  қазақ  халқының  байырғы 
дəуірінен қалған мұра екені ғылыми тұрғыдан жан-жақты дəлелденеді.
Р.Сыздықтың  тарихшы  ғалым  М.Қойгелдиевпен  бірге  жазған 
«Қадырғали  би  Қосымұлы  жəне  оның  жылнамалар  жинағы»  деген 
кітабы 1991 жылы жарық көрді. Студенттер мен аспиранттардың, із -
денушілердің пайдалануына лайықтап жазылған бұл еңбекте XVI ға-
сырдағы  қазақ  авторының  шығармасы  тарихи  жəне  тілдік  тұрғыдан 
кеңінен  баяндалады.  Екі  кітаптың  екеуінде  де  ескерткіш  тексі  араб 
жазуынан қазіргі қазақ жазуына көшіріліп берілуін де ерекше бағалау 
қажет. Бұл – ескерткіштің 140 жылдан кейін екінші рет жарық көруі 
(алғаш  рет 1854 жылы  ескерткіштің  бір  ғана  қолжазба  нұсқасын 
Қазан  университетінің  профессоры  И.Н.  Березин  жариялаған  бола-
тын).  Р.Сыздық  Березин  нұсқасын  кейін  табылған  екінші  қолжазба 
тексімен салыстырған. 
Р.Сыздық  түркі  тілдерінің,  оның  ішінде  қазақ  тілінің  тарихына 
хронологиялық  тұрғыдан  əрі  қарай  жылжып,  көп  жылдардан  бері 
Қожа  Ахмет  Ясауи (XII ғ.)  мұрасының  «Самарқан  немесе  Залеман 
нұсқасы»  деп  аталатын  қолжазбасы  бойынша  оның  тіліне  лексика-
грамматикалық,  көркемдік  жəне  текстологиялық  талдау  жүргізді. 
Əлеуметтік  мəні  аса  жоғары  бұл  еңбек  ҚР  Ақпарат  жəне  қоғамдық 
келісім  министрлігінің  қолдауымен 2004 жылы  «Ясауи  «Хикметте-
рінің» тілі» деген атпен жарық көрді. 
Р.Сыздық  əдеби  тіл  тарихын,  ортағасырлық  жазба  ескерткіштер 
тілін  зерттеумен  қатар,  тарихи  лексика  мəселелерін  де  арнайы  қа-
растырып  келеді.  Ғалымның  «Сөздер  сөйлейді» (1980, 1994) деген 
еңбегі – осы  саладағы  ізденістің  нəтижесі.  Тарихи  лексикология  бо -
йынша  бірден-бір  оқу  құралы  болған  бұл  еңбек  бірнеше  рет  толық-
тырылып,  өңделіп  жарық  көрді.  Кітапта  тарихи,  лиро-эпостық  жыр-
ларда,  ақын-жыраулар  тілінде,  тұрақты  тіркестер  құрамында,  мақал-
мəтелдерде кездесетін көне сөздердің байырғы мағыналары, түп-төр-
кіні ашылып, семантикалық өзгерістеріне талдау жасалады. 2014 жылы 
тоқсанға  келген  абыз  анамыз  «Ауызша  дамыған  қазақ  əдеби  тілі» 
атты  монографиясын  ұсынды.  Аталмыш  еңбек  тіл  мамандары  ғана 
емес,  байырғы  көркем  мұраларды  сүйсіне  оқитын  жұртшылық  үшін 
де бағалы зерттеудің бірі болды.
Р.  Сыздық  лингводидактика  саласындағы  жұмыстарға  ерте  кез-
ден араласып, оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, бағдарламалар 


11
Тіл-ғұмыр
түзді. Атап айтқанда, ол орыс мектептерінің жоғары сыныптары үшін 
«Қазақ  тілі»  оқулығын (1952–1953), «Үлкендерге  арналған  əліппені» 
(1958, 1963), «Ересектерді  оқытудың  программасын» (1958), уни-
верситеттер мен институттарда «Қазақ əдеби тілі тарихын оқытудың 
программасын» (1965, 1969, 1975) жазысуға атсалысты.
Р.Сыздықтың ұзақ жылдар аса өнімді еңбек етіп, жемісті зерттеу -
лер беріп келе жатқан саласы – тіл мəдениеті мен қолданбалы линг-
вистика.  Бұл  ретте  ғалымның  шешендік  сөз  туралы,  сөз  қолданыс 
пен əдеби норма т. б. мəселелерге арналған бірқатар теориялық зерт-
теулері ғылыми жинақтарда («Жазушы жəне сөз мəдениеті», Алматы, 
1983; «Қазақ əдеби тілінің ауызша түрі», Алматы, 1987 т. б.), ғылыми 
журналдарда  жарияланды.  Сонымен  қатар  тілдік  нормаға  арналған 
«Тілдік  норма  жəне  оның  қалыптануы» (2001) деген  атпен  жеке  мо-
нографиясы қазақ тіл білімінде норма мəселесін теориялық тұрғыдан 
арнайы сөз еткен тұңғыш ізденіс болды. Мұнда бүгінгі əдеби тіліміз -
дің қолданысында қалыптанған лексика-грамматикалық, орфография-
лық,  орфоэпиялық,  көркемдік  заңдылықтарын  жүйелеп  көрсетумен 
қатар,  олардан  уəжді-уəжсіз  ауытқитын  сəттерін  де  саралап  берді. 
Ғалым  бұл  зерттеуінде  тілдік  нормалардың  түрлері  мен  типтеріне 
тоқтала  отырып,  əдеби  тілдік  норманың  негізінде  тілдік  жүйе  мен 
заңдылықтар  жатқанына  назар  аударады.  Əдеби  тіл  нормасының 
қазіргі  қалып-күйін  көрсете  келіп,  басым  варианттардың  түрлерін 
айқындайды. 
Сонымен  бірге  жұртшылықтың  тіл  мəдениетін  көтеретін,  қоғам-
дық-мəдени  өмірде  орны  ерекше  саналатын  практикалық  құралдар 
(«Қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігі», 1960, 1974, 1988, 2001) жа -
зуға  қатысып,  емле  ережелерін  жүйелеген («Қазақ  орфографиясы 
мен  пунктуациясы  жөнінде  анықтағыш», 1959, 1974, 1994, 2000), 
орфоэпиялық  нормаларды  тиянақтаған («Сөз  сазы»,  Алматы, 1983, 
1995, 2000) еңбектер жариялады. Бұлар – қазақ тілі нормаларын коди-
фикациялауда өзіндік орны ерекше еңбектер саналады.
Р.Сыздықтың  тікелей  басқарып,  белсене  қатысуымен  «Қазақ  ор-
фографиясы  негізгі  ережелерінің  жаңа  нұсқасы»  жасалды.  Негізгі 
ереженің  жаңа  редакциясы 1983 жылдың 25 тамызында  Қазақ  ССР 
Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен бекітілді.
Р.  Сыздық  мерзімді  баспасөз  беттерінде  тіл  мəдениетінің  көкей-
тесті мəселелерін көтерген, қоғамдық ойға қозғау салған аса көлемді 
мақалалар жариялаумен бірге, театр, теледидар, баспа ұжымдарында, 
газет-журнал редакцияларында, жоғары оқу орындары мен орта мек-
тептерде  əдеби  тіл  нормаларын  насихаттау,  қалың  көпшіліктің  тіл 
мəдениетін  көтеретін  шараларды  (ғылыми-практикалық  конферен-


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет