Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек


тіл  мəдениеті  жөніндегі  ой-толғамдары  да  жақсы  таныс.  Алаш



Pdf көрінісі
бет8/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   170
тіл  мəдениеті  жөніндегі  ой-толғамдары  да  жақсы  таныс.  Алаш 
ардақтылары – Ахмет  Байтұрсынұлы,  Құдайберген  Жұбанов, 
Халел  Досмұхамедов  жəне  басқалар  туралы,  олардың  тіл  білімі 
тарихында  алар  орнын  тілге  тиек  еткен  туындылары – сүбелі 
еңбектер.  Қазақ  тілі  орфографиясы  мен  пунктуациясы,  лексико-
логия,  лексикография  мəселелері  де  ғалым  назарынан  тыс  қалған 
емес.  Бұлардан  басқа  əртүрлі  сөздіктерді  құрастыруға,  баспаға 
əзірлеуге де белсене атсалыса білді. 
Таяуда  тоқсан  жасын  бүкіл  ел  болып  атап  өткелі  отырған  ғалым 
апамыздың  шаңырағында  болып,  емен-жарқын  əңгіме-дүкен  құру-
дың  сəті  түсті.  Төмендегі  сыр-сұхбат  арқылы  ұлтының  мақтаны -
шына айналған осы ардақты жанның жеке өміріне, қайраткерлік ада-
ми қадір-қасиеттеріне аз-кем болса да қанығуға мүмкіндік туар деген 
ой бар.
–  Апа,  есіңізде  болар,  осыдан  үш  жыл  бұрын  əйгілі  ақынымыз 
Қасым Аманжоловтың 100 жылдығын атап өттік. Сол кезде Қасым 
ақынның сізге арнаған мына жыр жолдары: 
Тіліңіз тəтті, ойыңыз қандай!
Тыңдадым, ұқтым жай-күйіңізді.
Болар ем күнде бір жасағандай.
Көп туса қазақ дəл сіздей қызды.
Ойыңыз жарқын, тойыңыз жақын
Қуаныш, бақыт бір өзіңізде.
Жүрегіңізге тимесін салқын
Ұрынба, жаным, ертелей күзге, – 


17
Тіл-ғұмыр
дегені  есімізге  түсіп,  осы  өлеңнің  қалай  дүниеге  келгені  жөнінде 
сұрағанбыз. Сонда сіз: «Дəл қазір емес, реті келгенде айтармын», – 
дегенсіз.  Біз  де  бұл  жауабыңыздан  кейін  өзіңізді  мазалауды  жөн 
көрмедік. Сол рет дəл бүгін келіп тұрғандай...
– Иə, солай дегенмін. Сол кезде Қасым туралы, ұлы ақын жайын-
да  үлкен  сөз  болып  жатты.  Осындайда  мен  де  қыстырылып, «атым 
шығып  қалсыншы»  деген  адам  сияқты  көрінетін  болдым.  Бұл  өлең -
нің  жай-жапсары  жөнінде  сіз  ғана  емес,  көп  адам  сұрайды.  Абы-
лай  хан  атындағы  Шет  тілдер  университетінде  кездесу  болды.  Оны 
белгілі  тележүргізуші  Дана  Нұржігіт  жүргізді.  Ол  да  сұраған.  Сонда 
қысқа  жауап  бергенмін. «Бұл  менің  көп  мақсаттарыма,  армандаған 
ойларыма, тындырған істеріме разы болып айтқан сөзі болар», – дедім 
де қойдым. «Біз де солай ойладық», – деді ол.
Мен  Қасым  Аманжоловпен  қалай  таныстым?  Оны  қай  кезден 
білемін? Өткен күндерді еске түсіріп көрейін.
1945  жыл.  Қасым  айтпақшы, «күркіреп  күндей  өткен  соғыстың» 
біткен  уақыты.  Бұл  –  бір  өзгеше  кезең  еді.  Менің  құрбыластарым, 
құрдастарым – жастар өмірге жаңа келгендей едік. Өйткені соғыстың 
төрт  жылы,  оның  алдындағы  бір-екі  жыл  да  ауыр  болды.  Бізде 
«жасөспірім», «жастық шақ» деген болған жоқ. Аштық, жалаңаштық 
өз алдына, моральдық жағынан да күйзелісті бастан өткердік. Соғыс 
біткенде  қараңғы  түнектен  шыққандай  болдық.  Жастардың  ғана 
емес, халқымыздың өмірі жаңадан басталғандай еді. Біздің үкімет те 
өмірді  жаңаша  бастауды  ұйғарған  болу  керек. 1945 жылдың  тамыз 
айында  ұлы  Абайдың 100 жылдығы  атап  өтілетін  болды.  Зор  мəні 
бар  салтанат  болғаннан  кейін  оған  тек  сол  кездегі  астана  тұрғын -
дары – алматылықтар  ғана  емес,  өңірлерден  де  делегаттар  шақы -
рылды.  Ақтөбеден  алты  адам  келуі  керек  екен.  Солардың  бірі  –  мен 
болдым. Менің болуым кездейсоқтық емес. Оның да себебі бар. Мен 
16  жасқа  толмай  жатып  мектепте  сабақ  бердім.  Соғыс  жылдары, 
мұғалім  тапшы  кез.  Одан  кейін  педучилищеге  сабақ  беріп  жүріп, 
оны бітіріп алдым. Алдында екі курсын оқып кеткенмін. Бір демалыс 
кезінде Ақтөбедегі мұғалімдер даярлайтын институтқа барып, емтихан 
тапсырып, бұл оқу орнының да дипломына ие болдым. Бір күні мені 
Ақтөбеге  шақыртты.  Мен  жұмыс  істеген  педучилищенің  директоры 
болып  «Рахила  Сəрсенова»  деген  апай  қызмет  атқарған-ды.  Сауат-
ты  кісі.  Бұл  кезде  ол  –  облыстық  оқу  бөлімінің  бастығы  еді.  Кезін-
де  қол  астында  істеген  мұғаліммін.  Қабілетімді  біледі.  Ақтөбеде 
«№6  мектеп»  деген  болды.  Үлкен  мектеп.  Алматыдағы  №12  мек-
теп  секілді.  Осы  мектепке  оқу  ісінің  меңгерушісі  етіп  бекітті.  Жа-
уапты  қызметті  жан-тəніммен  атқардым.  Көптеген  үйірмелердің 


18
Рəбиға Сыздық
ашылуына  ұйытқы  болдым.  Талантты  балалардың  басын  қосып, 
шеберліктерінің  шыңдалуына  күш  салдым.  Солардың  ішінде  Ізтай 
Мəмбетов,  Бəкір  Тəжібаев...  болды.  Сол  уақытта  көзге  түскен  болу-
ым керек. Республикалық тамыз кеңесіне бір адам баруы керек екен. 
Бұған  да  менің  кандидатурам  келе  қалыпты  əрі  «əдебиетті  жақсы 
біледі» деген болуы керек. Сөйтіп, 6 адамның бірі боп шыға келдім. 
Алматыға  келу,  оқу  –  көптен  күткен  арманым  еді.  Темірден  отыз-
отыз  бес  шақырымдай  жерде  Жұрын  деген  стансы  бар.  Пойыздан 
біреулерді  қарсы  алып  не  шығарып  салғанда  осы  стансыға  барамыз. 
Бұл  жерден  шығысқа  қарай  пойыздар  аттанып  жатады.  Сол  пойыз-
дарға  қызыға  қарайтынмын. «Шіркін-ай,  қашан  осы  пойыздардың 
біріне мінер екем» деп қиялдайтынмын. Ондағым – Алматыны көру, 
əсем қалада білім алу.
Сөйтіп, армандаған Алматыма бірінші рет келдім. Біздерді Киров, 
қазіргі  Төле  би  көшесіндегі  кішігірім  қонақүйге  орналастырды. 
Əйел адамнан екеуміз: бірі – өзім, екіншісі – Рахила Сəрсенова апай. 
Қалғандары  –  ер-азаматтар.  Ертеңіне  осы  маңға  таяу  орын  тепкен 
Орталық  Комитеттің  ғимаратына  алып  келді.  Жиын  осында  өтеді 
екен.  Үп-үлкен  зал,  текшеленген  орындықтары  бар.  Бағдарламамен 
алдын  ала  таныстырған.  Жиында  құрметті  қонақ  ретінде  кімдер 
қатысатыны,  баяндаманы  кім  жасайтыны  белгілі  болатын.  Баянда-
машы  –  Мұхтар  Əуезов  еді.  Жиын  ашылды.  Төралқада  біраз  адам 
отырды. Баяндамашыға сөз берді. Бірінші рет жазушыны, бірінші рет 
М.Əуезовті  көрдім. «Жазушы»  деген  –  мен  үшін  қатардағылардың 
бірі емес, өзгеше, керемет адам болып көрінетін.
М.Əуезов  ортаға  шықты.  Байсалды.  Қоңыр  даусымен  Абайдың 
өлеңін бастады.
Жүрегімнің бойына терең бойла, 
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпасыз жерде өстім, 
Мыңмен жалғыз алыстым, кінə қойма...
Даусы қандай?! Құлаққа ұнамды қоңыр дауыс. Тыңдамасыңа қой-
майды.
Баяндаманы бір сағаттан артық жасады-ау деймін. Бар зейінімізбен 
ұйып  тыңдадық. «Абай  деген  –  осындай  екен  ғой.  Менің  мектепте 
балаларға  оқытып  жүрген  Абайым  –  осындай  кісі  екен  ғой.  Абайды 
осылай  айтып,  түсіндіру  керек  екен  ғой!» – деп  баяндаманы  тыңда -
ғанда  қайран  қалдым.  Менің  «Алматыға  келсем!»  деген  арманым 
Əуезовтің  сөзін  тыңдағаннан  кейін  одан  сайын  үдей  түсті: «Оқысам 
ғана  осылай  болады  екем!».  Оқымай  айтатын  Абайым  мен  оқыған 
адамның Абайы қандай болып шығатынын көрдім.


19
Тіл-ғұмыр
Күнұзаққа  жиналыс  болды.  Жиналыстардың  ортасындағы  бір 
үзіліс  кезінде  жанымызға  Қуандық  Шаңғытбаев  келді.  Мен  оны  бұ-
рыннан  білетінмін.  Сөйлеп  тұрған,  ашық  адам  болатын.  Қасындағы 
кісімен  таныстырды: «Бұл  –  Қасым  Аманжолов  дейтін  ақын».  Мен 
елең  еттім. «Əдебиет  майданын»  оқып  тұратынмын.  Журналдан 
Қалижан  Бекхожиннің,  Тайыр  Жароковтың,  Əбділда  Тəжібаевтың... 
солардың  ішінде  Қасым  Аманжоловтың  да  өлеңдерін  оқитынмын. 
«Е-е-е, «ақын» деген осындай екен ғой», – дедім де қойдым.
Кешкі астан кейін бағдарлама бойынша Опера жəне балет театры-
на  бардық.  Орыс  тіліндегі  операны  тамашаладық.  Опера  біткеннен 
кейін  Қуандық,  Қасым,  тағы  бір-екі  жігіт  бар,  біздерді  шығарып 
салды. «Біздер»  деп  отырғаным  –  біздің  делегациядағы  апайымыз, 
төрт-бес жолдасымыз.
Екі-үштен  топ  болып  сөйлесіп  келеміз.  Қуандық  пен  Қасым,  неге 
екенін  білмеймін,  мені  сөйлетеді. «Қайда  оқыдың?», «Қазір  не  істеп 
жүрсің?»...  –  дей  ме...  Жаспын  ғой.  Бір  нəрселерді  айтатын  болуым 
керек.  Өмірімді,  бастан  кешкен  қиындықтарымды  айтатын  шығар -
мын. Ертеңіне тағы да жиналыс болды. Тағы да кездестік. Бұл жолы 
бəріміз бірге отырдық. Кешке театрға барып, балет тамашаладық. Қай-
тарда Қуандық, Қасымдар кешегідей шығарып салды.
Үшінші  күні  үлкендер  Абайдың  ауылына  тойға  кетті.  Мен  мұ-
ғаліммін. Тамыз мəслихатына қатысуға тиіспін. Соған қалдым. Рахила 
апай да қалды. Жұмыстары болды ма...
Тамыз  жиыны  №25  мектепте  өтті.  Жұрт  сөйлеп  жатыр.  Бір  кез-
де  жиынды  жүргізуші: «Арамызда  облыстардан  келгендер  бар. 
Кім  сөйлейді?» – деді.  Қол  көтеріп  шықтым.  Сөзім  тұтастай  сынға 
құрылды. «Мына  кітапта  мынандай  қате  жазылған...  Мына  жерді 
оқушыларға түсіндіру қиын...», – деймін сөзімнің арасында. Үзілісте 
бір  адам  қасыма  жақындап: «Өзің  пысық  қыз  екенсің.  Қайдан  кел -
дің?» – деді.  Сөйтсем  бұл  кісі  –  Ісмет  Кеңесбаев  екен.  Тағы  бір 
адам  жөн-жобамды  сұрады.  Ол  –  Мəулен  Балақаев  болып  шықты. 
Байқаймын,  ол  менің  сөзімді  жақтырмағандай.  Бұл  кісі  əлгінде  мен 
кемшілігін  айтқан  кітап  авторларының  бірі  секілді. «Автор»  деген 
болады  екен.  Оларды  сынап  жатырмын»  деген  ойымда  болсашы. 
Екінші  күні  жолыққан  адам  «Мұғаліммін»  дегенде: «Нені  бітір -
дің?» – деді. «Мұғалімдер  институтын»,  –  дедім. «Ары  қарай  не 
істейсің?» – деді. Оқығым келетінін айттым. «Оқығың келсе, осында 
«ҚазПИ» дейтін оқу орны бар. Мен сол институттың директорымын. 
Сені  үшінші  курстан  алайық.  Құжаттарыңды  дұрыстап  алып  кел»,  – 
деді. Бұл кісі – Ахмеди Ысқақов екен.
Төртінші  күні  жиналыстан  кейін  Қуандық,  қасында  Қасым  бар, 
шығарып  салды.  Олармен: «Институт  директорын  көрдім.  Үшінші 


20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет