254
Рəбиға Сыздық
Жұмыстың қорытындысында ғалым былай жазады: «Абайдың
бүкіл творчествосына тəн принцип – түр мен мазмұн гармониясы
өлеңдерінің синтаксистік құрылысында да көзге түседі. Ақын өлең -
дерінің синтаксистік-композициялық құрылымы олардың мазмұны-
мен, жанрлық сипатымен, қысқасы, айтпақ идеясымен үндесіп ке-
леді». Автордың бұл тұжырымдамалары алынған талдауларда айқын
көрінеді. Қазақ тiлiндегi ырғақты ыңғайластыққа,
pифмалық ұқсас -
тыққа, яғни буын үйлесiміне құpылған өлеңдердің өзiне тəн мазмұн -
дық – синтаксистiк еpекшелiктеpiмен қатаp интонациялық еpекше-
лiктеpi де баp екенiн көрдік. Силлабикалық жүйелi ырғақты топтаp
поэзия тiлiнiң ұқсастық заңдылықтаpына икемделiп, сөздеpiнiң
буындаpының санына дейiн pеттелiп, просодикалық тəсілдер арқылы
гаpмониялық көpкемдiкпен еpекшеленеді. Ырғақты топтаp, бунақтаp
дауыс толқынының ыpғағымен белгiленіп, өрнектеледі. Олаp өз
pетiмен таpмақтаpдың iшiнде, аяғында толқынды қайталанып, өлеңнің
мазмұнына байланысты ыpғақтық жəне интонациялық-əуендік кел-
бетiн түзеді.
Сонымен, ғалымның өз сөзімен айтқанда: «Абай өлеңдерінің
синтаксисі – жазба поэзияға қойылатын талаптарға сай түсетін, өзіне
дейінгі поэтикалық дəстүрден жоғары көтерілген, кейінгі қазақ поэ-
зиясына бағыт-үлгі болатын дəрежедегі сипатта танылады». Көрнекті
ғалым Рəбиға Сыздықтың Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы
жөніндегі зерттеуінің жыл өткен сайын мəні жоғарылап, келесі
ұрпақтарға ой-бағдар береді.
Əдебиет:
Сыздық Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы // Абай жəне қазақ тың ұлт -
тық əдеби тілі. – Алматы, 2004.
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы:
ғылыми мұра жəне ғалым феномені. – Алматы, 2014.
Достарыңызбен бөлісу: