Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек


Б. Момынова филол.ғ.д., профессор  АКАДЕМИК Р.Ғ. СЫЗДЫҚ ЖƏНЕ



Pdf көрінісі
бет121/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   170
Б. Момынова
филол.ғ.д., профессор 
АКАДЕМИК Р.Ғ. СЫЗДЫҚ ЖƏНЕ 
ҚАЗАҚ ƏДЕБИ ТІЛІ ТАРИХЫНЫҢ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ  тілі  диалектологиясы  мен  тарихи  грамматикасы  бойынша 
қол  жеткен  табыстардың  негізінде,  тілдік  материалдарды  басқаша 
тануды,  өзгеше  саралауды  мақсат  тұтқандықтан,  қазақ  əдеби  тілі 
теориясының  іргетасы  қаланды.  Əдеби  тілді  ғылыми  негізде  танып-


255
Тіл-ғұмыр
білудің өзі тіл жəне сөйлеу фактілеріне мəн бере қарауды, теориялық 
тұрғыдан  терең  меңгеруді  қажетсінетінін  ескерсек,  бұл  аса  оңай 
шаруа  емес,  өйткені  осы  екеуінің  жиынтығы,  Ф.  де  Соссюрдің  ай-
туынша,  лингвистиканы  құрайды.  Əдеби  тілді  зерттеудің  күрделілі-
гіне академик В.В. Виноградовтың мына бір сөзі арқылы көз жеткізе 
түсеміз: «Изучение литературного языка, как бы его ни понимать, вле-
чет за собой изучение таких явлений как диалекты, жаргоны, с одной 
стороны, разговорный язык, письменный язык, – с другой, языковой, 
речевой и литературный стиль – с третьей» (1, 288). Яғни, əдеби тілді 
зерттеуші маман ғана емес, нағыз адам болуы, тек адам ғана емес, ұлт 
тілінің  табиғатын  терең  түсінетін,  сөздің  сырын  жете  меңгерген,  сөз 
төркінін танитын, өзгелерге таныта алатын жан болуы тиіс. Ал тілдегі 
кез  келген  ұсақ  детальдарға  дейін  көңіл  бөліп,  оларды  мейлінше 
аялап,  нəзік  сезімталдықпен  зерттеуді  əдетке  айналдырған  Р.Сыздық 
бойынан бұл қасиеттердің бəрі де табылады.
Академик  Р.Сыздық – тілдегі  адам  факторын  барынша  бағалай 
білген  зерттеуші.  Біздің  бұлай  деуімізге,  оның  мəтінтанушы  ретін-
дегі  танымал  еңбектерінің  жекелеген  жазушылардың  индивидуалды 
шығармашылықтарын талдауға арналғандығы, ең бастысы, ұлтымыз-
дың  символына  айналған  Абай  тілін  зерделегені  себеп  болып  отыр. 
Ғалым  жеке  тұлғалар  шығармаларының  тілін  зерттеу  барысында 
ауызекі  тіл  мен  диалектілердің  көркем  шығармалар  арқылы  əдеби -
лене алатындығын, əдебиленуге əлеуеттілігі бар сөздердің мол екенін 
батыл айтқан алғашқы ғалымдарымыздың санатында.
Өз  ізденістерінің  ең  жемісті  жылдарын  қазақ  əдеби  тілінің  тео-
риясына,  əдеби  тілдің  түрлі  бағыттары  мен  аспектілерін  таратуға, 
талдауға  арнаған  Р.Сыздықтың  зерттеулері  тиянақтылығы,  терең  ой-
лылығы,  фактологиялық  тыңғылықтылығымен  қайран  қалдырып 
келеді.  Бұған  дəлел – Абай  шығармаларының  тілін  зерттеген  моно-
графиясы, «Қазақ əдеби тілінің тарихы» монография-оқулығы, «Сөз-
дер сөйлейді», Жами-ат тауарихтың тіліне арналған зерттеулері т.б. 
Біз академик Р.Сыздықты əдеби тілдің тарихи аспектісін айқын-
даған, қазақтың ұлттық тұлғалары ұғымын əдебиетте де, тілде де 
қалыптастырған,  тұрақтандырған,  ауызекі  сөйлеу  (халықтық)  тілі 
мен  əдеби  тілдің  айырмашылығын  ашып-ажыратқан,  қазақ  əдеби 
тілінің,  тарихи  дамуының  схемасын  алғаш  рет  мейлінше  дұрыс 
хронологиялық  тəртіппен  түзіп  көрсеткен  ғалым  деп  білеміз.  Сон-
дай-ақ  даулы  мəселелерден  туындайтын  пікірталастарда  білімпаз -
дығы  мен  көзқарасының  тиянақтылығы  арқасында  өз  ойын  тайсал-
май айта алатын қайсар адам ретінде танып жүрміз.
Əдеби  тіл – заман  тудырған  феноменді  құбылыс.  Содан  болар, 
қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерінің қай-қайсысы болмасын қазақ 


256
Рəбиға Сыздық
əдеби  тілінің  теориясы  төңірегіндегі  өз  ойларын,  пікір-тұжырым -
дарын  ортаға  тартып  отырған.  Ал  Рəбиға  Ғалиқызы  қазақ  əдеби 
тіліне  қатысты  қандай  байламдар  жасады,  өзгелерден  ерек  қалай 
тұлғаланады?  Бірден  басын  ашып  айтар  болсақ,  ол  қазақ  əдеби  тілі 
тарихының  көкжиегін  сан  ғасырға  кеңіткен,  тарих  төріне  сүйреген 
ғалым.  Асан  қайғы  бас  болып,  соңы  Махамбеттермен  аяқталатын 
бес  ғасыр  өкілдерінің  шығармашылығы  əдеби  мұра  мəртебесін  ием -
денді,  шығармаларының  тілі  əдеби  тілдің  зерттеу  нысанына  ілікті. 
Сөйтіп,  Р.Сыздық  ауызша  əдеби  тіл  ұғымы  мен  ауызша  əдеби  тіл 
терминін  ғылыми  ортаға  енгізгеннен  бастап,  бұл  ұғым  əдеби  тілдің 
белгілі  постулатына  айналды,  əдеби  тіл  туралы  ойлар  кең  арнала-
нып,  қазақ  əдеби  тілі  біртұтас  филологиялық  проблематика  дең-
гейіне  көтеріліп,  іргелі  ғылым  саласы  болып  қалыптасты  десек, 
көптің  көкейіндегісін  тап  бастық  деп  ойлаймыз.  Өйткені,  өзі  айтып 
жүргендей,  көп  уақытқа  дейін  қазақ  тіл  білімінде  «əдеби  тіл»  деген 
ұғымға  тиянақты  бір  анықтама  берілмей  келді. «Жалпы  күні  бүгінге 
дейін  «қазақ  əдеби  тілі», «қазақ  жазба  əдеби  тілі», «қазақ  ауыз  əде -
биеті  тілі», «қазақтың  жалпыхалықтық  тілі»  деген  категориялар 
бір-бірінен  ажыратылып,  əрқайсысы  нақты  анықтамаға  ие  болған 
жоқ» [2, 6].
Сонымен  бірге  бүгінгі  күннің  талап-мүддесінен  шығатындай 
əдеби  тіл  қазақ  топырағында  барлық  дəуірлерде  болды  ма,  əдеби 
тілге қойылатын талаптарға үнемі жауап бере алды ма деген сауалға 
əдеби  тілдің  тарихи,  бірақ  құбылмалы  түсінік  екенін,  əдеби  тілдің 
барлық  белгілерінің  түгел  болуы  барлық  дəуірлер  үшін  міндетті 
еместігін  айтып,  біраз  даулы  мəселелердің  басын  ашып,  батыл  қа-
дам  жасаған.  Сөйте  отырып,  əдебиетшілердің XIX ғасырдың II жар-
тысына  дейін  өмір  сүрген  ақын-жыраулардың  көлемді,  көркем  шы-
ғармашылығын  əдебиет  санатына  қоспай  келгендіктеріне  наразылық 
білдіреді.  Бұл  дəуір  мұраларының  фольклордан  айрықшаланатынын, 
əдебиеттік  шығармалар  екенін  дəлелдейтіндей  бірнеше  пункттен 
тұратын  кесімдерін  келтіреді.  Сонымен  бірге,  олардың  ұқсастықта -
рын  көрсетуден  де  қашқақтамайды,  бірақ  неге  ұқсас,  себебі  бар  ма 
дегенде, бəрінің де себептерін ашып көрсетеді. Сөйтіп барып, «Қыс-
қасы, қазақта халық əдебиетінен өзге, бірақ оған едəуір ұқсас келетін 
профессионал  əдебиет  өмір  сүріп  келді,  оның  тілі  əдеби  тіл  санаты-
на кіреді деп табу керектігін» [2, 14] баса айтып, оның тілін ауызша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет