Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет118/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   170
ратпа  мен  қыстырма  сөздер  сан  жағынан  едəуір  мол  екені  көзге 
түседі.  Қаратпа  сөздер – қазақ  поэзиясында  бұрыннан  да  жиі  кезде-
сетін  категория.  Бірақ  Абайдан  бұрынғы  əдебиетте  қаратпалардың 


252
Рəбиға Сыздық
дені  адам,  халық  болып  келетін.  Жанды  заттардан  көбінесе  жылқы, 
бүркіт  тəрізділерге  ғана  қарата  айту  кездесетін,  ал  жансыз,  əсіресе 
абстракт  ұғымдарға  қарата  айту  қазақтың  ауыз  əдебиетінде  де  (поэ-
зияда), Абайға дейінгі көркем əдебиетінде де өте сирек болатын (бұл 
салада  ең  жиі  ұшырасатыны – қызыл  тілге  қарата  айту  екенін  кө -
реміз).  Абай  дəстүрлі  қаратпалардан – адамдар, «құдай», «тəңір», 
«халық» («Қазағым,  қалың  елім,  қайран  жұртым»), «қызыл  тіл», 
сияқтылардан  басқа  жүрек,  көңіл,  қол,  тұла  бой,  сөз  тəрізді  дерексіз 
заттарды  да  пайдаланады.  Сірə,  абстракт  ұғымдарды  қаратпа  сөз 
ету – кең  жанрлы,  алуан  тақырыпты  күрделі  жазба  əдебиеттің  же -
місі.  Тіпті  Абайда  ажал,  рахат  тəрізді  ұғымдарға  да  қарата  айту 
бар», – деп, мына мысалды келтіреді: 
Бұрын сені біреуге көп жұмсап ем, 
Енді өзіме шақырдым, ажал батыр
Рахат, мені тастап қоймадың тыныш.
Қаpатпа  сөздеpдi  қолдануда,  олаpдың  эмоциялық  мағынасын, 
функциясын  айыpуда  интонацияның  жəне  оның  компоненттеpiнiң 
маңызы зоp екенiн фонетикалық экспеpименттеp де дəлелдейдi. Сөй-
лемнiң соңындағы қаpатпа сөз (ажал батыр) интонацияның төменгi 
тоналды  деңгейiнде  тұрып  таp  диапазонмен  жылдам  қарқынмен 
жəне  шамалы  үдемелікпен  ерекшеленеді.  Əдетте  ол  өзiнiң  алдын -
дағы синтагмадан кідіріс аpқылы бөлiнеді. 
Сөйлемнің  басындағы  қаратпа  сөз  (рахат)  əрқашан  жоғары  то-
налды  деңгейде  айтылады.  Қаратпа  сөздің  тоналды  диапазоны  оның 
мөлшерімен  тура  пропорциялы  болады.  Сөйлемнiң  басындағы  қа -
pатпа сөз əp уақытта бөлек синтагма құpап, сөйлемнен кідіріс арқылы 
бөлiнiп,  көтеpiңкi  тонмен  ерекшеленеді.  Сөйлем  мен  оған  кipген 
қаpатпа сөздiң жiк аpасында əуеннiң негiзгi тоны кенет өзгеpедi. Қа-
ратпа  сөздердің  динамикалық  жəне  уақыт  паpаметpлері  мол  мəнде -
рімен  сипатталады.  Сондай-ақ  олар  едəуip  жiгеpмен,  баяулау  қаp-
қынмен  айтылады.  Мұндай  интонация  сипаты  сөйлем  басындағы 
қаpатпа сөздiң инфоpмативтiк мазмұнының молдығын байқатады.
Абай  поэзиясын  жан-жақты  зерттеген  ғалым: «Қыстырма  сөздер 
де  бұрынғы  қазақ  поэзиясында  аса  актив  элементтер  болмағанын 
көреміз.  Əсіресе  автордың  айтпақ  ойына  өз  басының  əр  алуан  қаты-
сын  білдіретін  сөздер  мен  тіркестер,  яғни  модальдық  реңктің 
лексика-грамматикалық  элементтермен  берілуі  де  əдеби  үлгінің 
жанрына  жəне  əдеби  тіл  дəстүріне  тікелей  байланысты.  Абай  сөз 
иесінің  (өзінің  немесе  Татьяна,  Онегин  т.б.  тəрізді  геройларының) 
өкінішін,  күмəнын,  қапалығын  білемін,  білмеймін,  кім  біледі,  не  ке-
рек,  не  лажы,  не  шара,  əлбетте,  қайтейін,  қайтесің  тəрізді  қыс -
тырма  сөздермен  білдіреді», – дейді  автор.  Əрі  қарай: «Қыстырма 


253
Тіл-ғұмыр
сөздер, əсіресе, Татьянаның хаты сияқты адамның ішкі сезімін баян -
дайтын  шығармаларында,  жалпы  аударма  өлеңдерінде  жиірек  кез-
десетінін  көреміз», – деп,  тұжырымдайды  автор.  Қыстырма  сөздерге 
автор мынадай мысалдар келтіреді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет