Рəбиға Сыздық
дағы үйде тұратынмын. Театр Дзержинский көшесінің бойында.
Айтқан уақытында көшеге шықтым. Үй маңынан сəл көтеріліп төрт-
бес минуттай күтіп қалдым. Бір уақытта жоғарыдан жылдамдатып
келе жатқан адам сұлбасы көрінді. Ол жете бере: «Сіз күтіп қалды-
ау!» – деп екі етегім далақтап жүгіргенімді көрсеңіз», – деп күлді.
Шынында да, өзі де – бойлы адам, пальтосы да ұзын екен, екі етегі
далақтайтын жөні бар.
Жүздесуіміз алдымен өзін таныстырудан басталды: «Жиырмадан
асқан кезде «халық жауы» болып айдалып кеттім. Он жыл Колыма-
да болдым. Қиыр солтүстікте. Келіп, үй болып, бала сүйіп адам бо-
лып келе жатқанымда жиырма бес жыл қайтадан Сібірге айдалдым.
Əйелім кетіп қалды. Үш бала менде қалды. Туған қарындасым бар,
кейде балаларға сол қарайды. Көбінесе өзім қараймын», – деді.
Абай көшесінің бойында қыстай қыдырдық. Біреулер ойлайды
екен: «Бұлардың үйі жоқ па? Неге далада жүреді?» деп.
Шахаңның адамгершілігі зор еді. Өмірі ешкімді жамандамайтын.
Қанағатшыл болатын. Кезінде балаларын өзі бағып-қаққанына да
риза болдым.
Шахаңның үлкен қызы бір-екі жылдан кейін тұрмысқа шығып
кетті. Бір баласы бұзақылардың қолынан қайтыс болды. Мақпал
болса, біздің үйге бауыр басып кетті. Сабақтан шыққасын өз үйіне
бармай бізге келетін. Оған қалай «келме!» – деп айтарсың?! Ақыры,
сегіз жасар кезінен қолымызда өсті. Бірде бəріміз шай ішіп отырған-
быз: «Рəбиға тəте, сізді «мама!» – деп айтуға бола ма?» – деді тілі əрең
бұратылып. Сегіз жасар кезі ғой. Мына сөзді естіп, мен өксіп жылап
жібердім. Мен жылағасын ол да жылады. Шахаң да көзіне жас алды.
Сөйтіп, Мақпал бізді өзі таңдады.
Шахаңның алдында, 1948 жылы жүрек қалауыммен Мақаш Сыз-
дықовқа күйеуге шыққанмын. Жоғарғы дипломатиялық мектепті
бітірген, француз, түрік тілдерін меңгерген, халықаралық қатынастар
саласындағы қазақтан шыққан тұңғыш ғылым кандидаты еді. Азама-
тымнан ерте айырылып, отызға жетер-жетпесте жесірлік тақсіретін
тарттым. Соңында «Əсет» есімді ұл қалды. Мен сол Мақаштың фами-
лиясында қалдым. «Ең болмаса, артында аты қалсын!» – дедім. Шахаң
да бұған қарсы болған жоқ. Əсет қазір Мəскеуде тұрады. Үш баласы
бар. Мақпал болса, Санкт-Петербургте. Оның бір ұл, бір қызы бар.
«Мен Сібірге жер аударылғанда Сталиннің «қанды көйлек» жол-
дастарымен, Мəскеу мен Ленинградтың ғалымдарымен, ақын-жазу-
шыларымен, бұрынғы эсер, кадет сияқты партиялардың көсемдері-
мен бірге болдым. Осылардан сабақ алдым. Менің білімім сендерге
қарағанда көптеу секілді», – деп күлетін Шахаң.
29
Тіл-ғұмыр
Шахаң 1998 жылы кенеттен сал болып қалды. Келесі жылы 86 жа-
сында маған деген разылығын айтып жатып көз жұмды. Біздер отыз
сегіз жыл бірге өмір сүрдік.
– Бұл үй – қазақ қадір тұтар белгілі шаңырақ қой. Талай жақсы -
лар мен жайсаңдар бас қосқан болар...
– Көп болмағанымен, біразы болды. Ахмет Жұбановтан бастап...
Хамит Ерғалиев, Тахауи Ахтанов, Қуандық Шаңғытбаев... Орал-
хан Бөкеев, Асқар Сүлейменов, Фариза Оңғарсынова... белгілі өнер
иелері...
Бірде қызық болды: сырттан келген Шахаң: «Бір талантты жазу-
шымен таныстым», – деді. «Сенің бауырың болуы керек. Аты – Орал-
хан. Орал жақтың қазағы секілді. Фамилиясы – Бөкеев екен. Бөкей
ордасының қазағы, сірə. Қарындасының аты – Мəншүк...». Расында да,
былай қарағанда, батыс өңірінің қазағы деп қалатындай. Туған жеріне
қарағанда Оралхан менен гөрі Шахаңа жақынырақ еді.
Бір күні Оралхан, Асқар, тағы бір-екі жігіт үйге келді. Асқарды
бұрыннан білемін.
Шахаң таныстырып жатыр.
– Мынау – «Оралхан» деген інім. Мынау – «Асқар» деген інім...
Осы кезде Асқар ұшып тұрды:
– Кешіріңіз, Шаха! Рекең бізге апа-рақ болады! – деді.
Отырғандар күліп жатыр.Осыдан кейін Асқарды үй-ішімізбен
«Апарақ» атап кеттік. Ол да мені кейде «апарақ» дейтін болды.
Асқарды ең соңғы көргенім – қызы босанып, перзентті болды. Сол
күні үйге соқты.
– Перзентханадан келе жатырмын. Тұңғыш немере-жиенім. Осы
қуанышымды «апарағыммен» бөлісейін деп келдім, – деді.
Шахаң да үйде еді. «Құтты болсын!» – деп жатырмыз. Содан қай-
тып Асқарды көре алмадым.
Фариза жиі келетін. 75 жылдық мерейтойына қатыса алмадым.
Жиынға да, дастарқанына да бара алмайтынымды өзіне айттым. Шы-
нын айтқанда, қазіргі күйіммен – ақсаңдап, көзімді сығырайтып,
ешкімнің көзіне түскім келмеді. Тентек қыз ғой: «Ренжіп, көрмей
кететін шығар», – дегем.
Той өткесін екі-үш күннен кейін біреу есікті қағады: Фариза.
Қасында жас əйел бар.
– Апама сəлем беруге келдім, – дейді.
Фаризаның поэзиясы жөнінде «Қазақ əдебиетінде» мақалам
шықты. Ол уақытта Германияда емделіп жатқан. Біреулер жеткізген
сияқты.
– Дəрігерлердің беріп жатқан емінен гөрі сол мақалаңыз ем бол -
ды, – деді кейін.
30
Рəбиға Сыздық
Жұмекен Нəжімеденов, Мұқағали Мақатаев... Нұрлан Оразалин
поэзиясының ерекшеліктері жөнінде жазу ойымда бар еді. Көп мате-
риал жинап қойғанмын. Соларға кірісуге мүмкіндік болмады. Адам:
«Пəлен істеймін», – деп болжамауы керек екен. Асылық екен. Істейтін
болсаң, сол бойда бітіріп тастау керек екен.
– Сіздің спортты ұнататыныңыздан хабардармыз. Себебін біл-
сек...
– Жақсы көретінім рас. Шахаң екеуміздің отбасымызда екі ұл
бала өсті. Аралары тоғыз айдан. «Кешке көшеге шығып, тектен-тек-
ке жүрмесін» деген ниетпен теледидардан көрсетілетін спорттық
ойындарға қызықтырдық. Нəтижесінде футболды, хоккейді жақсы
көрді. Оларға қосылып, біз де ұнатып қалдық. Мұз үстінде мəнерлеп
сырғанауды да сүйсініп тамашалайтын.
Снукер ойыны керемет ұнайды. Халықаралық жарыстарды түннің
ортасына дейін тамашалаймын. Қысқы спорт түрі – биатлонға да
қызығушылығым ерекше.
Бала кезімде өзімнен екі жас үлкен ағам Хамитке жақындау бол-
дым. Аурушаңдау өстім. Соның салдарынан 1-інші жəне 2-інші клас-
тарды оқыған жоқпын. Ағаммен қатар отырып, əріп жазуды, сан са-
науды, оқуды үйрендім. Менің алғашқы ұстазым – Хамит ағам бол-
ды. Сіңлімнен гөрі ағама жақынырақ болдым. Ол асық ойнаса, мен
де ойнаймын, доп ойнаса, онда да қалмаймын. Хамит коньки тебетін.
Конькиді арқанмен пимаға байлап алатынбыз: конькиіміздің түрі –
осы. Мұз айдынымыз – көше. Ақтөбеде қар бір түсіп, тапталды ма ай-
дын болып қалады. Ерімейтін. Тапталып, тапталып мұз болып жата-
тын. Жылтыраған мұз да емес. Көп құламайсың да. Қаланы екі айналып
коньки тебетінбіз. Соғыс жылдарында шаңғы тебуді үйрендім. Тұрған
жерімізден үш-төрт шақырымдай жерде «Толағай» дейтін тоғай бол-
ды. Тоғайда жұмыс істейтіндер картоп, көгөніс егетін. Соларды қыста
арзанырақ бағаға сатады. Шаңғымен барып, көтергенімізше картоп,
пияз алып келетінбіз. Жас кезімде суда жақсы жүздім. Мылтық атудан
да жақсы болғанымды жоғарыда айттым.
– Өмірде нені бағалайсыз?
– Бағалайтын нəрсе көп қой. Ақыл айтып, көсемсіп отыратын
қасиетім жоқ. Бірақ ойларың болады. Біраз əділетсіздік көрдік.
«Адамзат əділетті болса екен!» – деймін. Тура сөзді айтатын болса.
Бір журналдан оқығаным бар: Америкадағы үндістердің салтында
өтірік айтатын адам – ең сорлы, біткен адам екен. Оның əрі қарай өмір
сүруіне хақысы жоқ. «Сөзде тұрмау, біреуді жамандау» деген жақсы
емес. Ең ұнатпайтыным – мақтану. Шəкəрім Құдайбердіұлы ақталған
кезде «Қазақ əдебиеті» тұтас бетке өлеңдерін жариялады. Сондағы
мына бір шумақ əлі есімде:
31
Тіл-ғұмыр
Кей жаман өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа шақтап сөйлесең, нең құрайды?!
Жақсыны жарық болса, кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?
Қандай ғажап сөз! Мақтанып отыратындар осыны білсе ғой. Бұл
сөздер – менің өмірімдегі ұстанымым. Жақсылап істе, қабілетің де,
еңбегің де болсын. Бірақ соны өзің айтпа. Көзіңді бақырайтып қойып,
мақтағанды жек көремін. Бірде елге белгілі академик ғалым бір
жиында аяқ-қолымды жерге тигізбей мақтасын кеп. Үйге келіп, те-
лефонмен ренішімді айттым: «Ұят емес пе? Мені бір міні жоқ адам
етіп...». Ол ақталғандай болды. «Мақтау емес, менің пікірім солай», –
деп. Не нəрсенің де реті болуы тиіс.
Сұхбаттасқан: Нұрперзент Домбай
«Ана тілі» газеті. 2014, 14 тамыз
Достарыңызбен бөлісу: |