23
Тіл-ғұмыр
Қасымның «Дариғасы»
– өзінің өлеңін жазып, ақындығын көр -
сету болса, менің «Дариғам»
– оқу, білімге ұмтылу, интеллектуал,
интеллект адамы болсам деу. Бұған үлкен ағам
– Шафхат əсер етті.
Оның өмірдегі жолы ауыр болды. Мəскеудегі Авиация институты -
ның төртінші курсын бітіріп, бесіншісіне көшейін деп тұрғанда əкем-
нің «халық жауы» болып ұсталуына байланысты оқудан шығарып
жіберген. Содан соң инженерлер ме əлде конструкторлар даярлайтын
институт па
– соған түсіп, оның да төрт жылын оқып, бесінші жылға
көшейін деп тұрғанда соғыс басталып, майданға алынды. Соғыстан
аман-есен оралып, Алматыда жұмыс істеді. Өте білімді еді. Бірге
жұмыстастары: «Екі аяқты энциклопедия»,
– дейді екен. Ол
– тама-
ша суретші де болатын. Əлкей Марғұлан 50-жылдардың басында
Ұлытаудағы Алаша хан мен Жошы ханның мазарларын зерттеп қай -
туға экспедиция ұйымдастырғанда Шафхатты суретші етіп алған.
Шафхат мерген де болатын. Мергендік бойынша Мəскеудегі сту-
денттер арасында өткен жарыста ылғи да бірінші орын алады екен.
Бар лығы ататекке тартады ғой. Нағашым, анамның атасы – «Мəтияз
мерген» деген болған. Астында атынан басқа бір қара малы жоқ, тек
аңшылықпен күн көрген. Сол мергендік тұқым қуалап, Шафхатқа қон-
ған. Сол мергендік менде де бар. Ол қасиет ұлым Əсетке де дарыпты.
Достарыңызбен бөлісу: