Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет160/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   170
Г. Қосымова 
филол.ғ.д., профессор 
Р.СЫЗДЫҚ ЕҢБЕГІ ЖƏНЕ 
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТЕОРИЯСЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Шешендік  өнер  ғалым  Р.Сыздықтың  негіздеуінің  арқасында  сөй-
леу өнері ретінде тілдің зерттеу нысанына айналды. Бұрын жұртшы-
лықтың арасында фольклордың бір жанры ретінде кең таралған, талай 
зерттеулерге материал болған шешендік сөзді сөйлеу өнерінің туын-
дысы ретінде қарамасақ, шешендіктің соңғы дəуірде дамымай тоқтап 
қалған сала болып қалар сөзсіз еді. Осы тұрғыдан алғанда, Р.Сыздық 
айтқан  мына  пікір  өте  маңызды  болды: «Шындығында  өте  ерте 
замандардан  бері  өмір  сүріп,  біздің  дəуірімізге  дейін  жетіп,  бүгінгі 
мəдени-рухани  өмірімізден  орын  алып  келе  жатқан  шешен  сөйлеу 
дəстүрі (құбылысы, актісі) бар. Жəне ауызша сөйлеудің аясы ұлғайған 
сайын , шешен сөйлеудің де қажеттілігі артып отыр.
Біздің  қазіргі  қоғамымызда  шешендік  өнердің  көрінетін  жерлері 
əлдеқайда  кеңіді:  ол  саяси-əлеуметтік  өміріміздің  барлық  саласында 
идеологиялық  күрестің,  тəрбие  мен  оқу-ағартудың,  заң  мен  ғылым -
ның,  қоғамды  басқарудың  ең  бір  пəрменді  құралына  айналды.  Со -


325
Тіл-ғұмыр
нымен қатар шешендік – ауызша жүргізілетін үгіт-насихат жұмыста-
рының бірден-бір құралы. Жиналыс, конференция, съезд, симпозиум, 
семинар,  диспуттар  да  шешендік  өнер  өте-мөте  қажет.  Бұл  күнде 
шешендікті радио мен телевизия да көрсетеді, өйткені бұларға жазба 
тілмен қатар ауызша сөйлеудің үлгісі ортақ». 
Осы  пікірдің  жарық  көруінен  бастап-ақ,  біріншіден,  ауызша  сөй-
леу  мəдениеті  дербес  зерттеу  тақырыбына  айналып,  қарым-қатынас 
мəдениетінің  нысанына  айналды.  Екіншіден,  ауызша  сөйлеу  акт  ре -
тінде назарға ілікті. «Акт» деген терминнің қолданысы сөйлеу деген-
нің əрекет екенін ұғындырды. Сөйлеу – адам əрекеттерінің жай ғана 
бір түрі ғана емес, ол – əрекеттердің ішіндегі адам үшін, қоғам үшін 
ең  маңыздысы.  Барлық  əрекет – белгілі  бір  нəтижеге  жету  үшін 
бағытталатын,  ұжымдық  сипаты  бар,  мақсат  бірлігі  арқылы  топтас-
қан іс-əрекеттер жиынтығы. Адам əрекеттерінің бəріне қозғаушы күш 
болатын,  мақсаттың  орындалу  тетігіне  айналатын  сөйлеу  актісі  өте 
күрделі  құбылыс.  Оның  күрделілігі – адамға  ғана  тəн  үш  негізден – 
сөйлеу,  есту,  ұғыну  деген  үш  бөлімнен  тұратындығында.  Жоғары -
дағы пікірден түйетін үшінші мəселе: «сөйлеу» тілдің өмір сүру фор-
масы  дегенді  нақтылайды.  Яғни  тілді  қатынас  əрекетінде,  өз  ойын 
басқаларға  білдіру,  басқаның  ойын  білу  мақсатында  қолдану  деген 
сөз.  Бұл  мақсат  сөйлеу  əрекетіне  қатысты  тек  тілдік  нормаларды 
дұрыс,  дəл,  айқындылықпен  қолданғанда  ғана  емес,  шешендік  нор-
маларын  біліп,  ой  айқындылығы  логикалық  жүйе  сақталғанда  ғана 
жүзеге  асады.  Осыдан  шешендік  өнердің  қоғамның  барлық  сала -
сында  қажетті  қарым-қатынас  құралы  ретіндегі  қоғамдық  мəні  та -
ныла түседі. 
Бұдан  шешендік  өнерді  оның  əлеуметтік  мəні  мен  қоғамдық  си-
патына  қарай  антропоөзекті  бағытқа  қарай  зерттеу  қажеттілігі  туын-
дайды.Адами  құндылықтарға  назар  аударуды  қажет  ететін  бүгінгі 
қоғамда  əлемдік  дүниетанымда  жəне  қоғамды  демократияландыруда 
зор  үлес  атқарған  риториканың  жалпыға  ортақ  ережелерін  нақтылап 
еске  түсіру,  адам  мінез-құлқын  қалыптастыруда  жоғарғы  мораль 
үлгісі  ретінде  танылған  шешендік  сөздің  танымдық-тəрбиелік  мəнін 
анықтау өзекті мəселе болып табылады. 
Антропоөзекті  зерттеудің  мақсаты  не  болмақ:  риториканың  сөй -
леу  өнерінің  ең  жоғарғы  түрі  екендігі  жəне  оның  өркениетті 
қоғамға  тəн  екендігін  таныту;  адамзаттың  басынан  кешірген  барлық 
қоғамында  риториканың  атқарған  қызметі  қоғам  мүшелерінің  мінез-
құлқын тəрбиелеу болғандығын дəлелдеу; адамдардың жүрегіне жол 
табатын  сөздің  шынайылығы,  ашықтығы,  анықтығы,  мəнерлілігі, 
қызығушылықты  білдіруі – риториканың  басқа  сөйлеу  түрлерінен 


326


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет