Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет159/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   170
Рəбиға Сыздық
жеткізуге  «маманданған»  тілдік  бірліктермен  қатар  прагматикалық 
қабілеті  жұмсалым  үстінде  анықталатын  бірліктер  мен  компонент-
тер  де  бар.  Тіл  бірліктерінің  ықпал  етуші  қызметі  ашық  немесе  жа -
сырын  көрінуі  мүмкін.  Сондықтан  тілдік  құбылыстарды  прагмати-
калық  параметрлер  тұрғысынан  қарастыру  прагмалингвистикалық 
міндеттерге жатады. Осымен байланысты қазақ көркем проза мəтіні-
нің  прагматикалық  əлеуетін  зерттеуде  прагматикалық  мазмұны  бар 
қарапайым  компоненттер  мен  ең  кіші  прагматикалық  мағынасы  бар 
тетіктердің  қызметін  жалпы  семантикалық-прагматикалық  құрылым 
жүйесінде анықтау қажет.
Соған  сəйкес  тіл  шығармашылығы  процесінің  соңғы  нəтижесі 
ретіндегі мəтін жəне оны түзудің прагматикалық əлеуетін жан-жақты 
анықтау – көркем  мəтін  тілін  зерттеудің  өзекті  мəселесі.  Көркем 
мəтін  тіл  жүйесі  ішінен  синтаксистің  ең  жоғарғы  бірлігі  ретінде  өз 
орнын  алды  жəне  мағыналық,  коммуникативтік,  атауыштық,  құры-
лымдық – қарапайым  сипаттармен  сəйкестендіріле  отырып,  танып, 
түсінілді.  Осы  тұрғыдан  филологиялық  еңбектерде  қаламгерлердің 
шығармашылық  қабілеті,  суреткерлік  зердесі,  көркемдік  ойлау  жү-
йесі,  ұлттық  дүниетанымы,  сөз  саптауын  талдаудың  тиімділігі  праг-
матикалық əлеуетін анықтаумен байланысты.
Сөз  зергерлерінің  суретші  қылқаламынан  туғандай  суреттері, 
адам  тірлігі  табиғат  құбылыстарымен  астасып,  дүние  нұрын  адам 
көңіл-күйімен  үйлестіретін  тəсілдер  прагматикалық  əлеуетпен  оқыр-
манды тəнті етеді.
«Ынталы жүрек сезген сөз, 
Бар тамырды қуалар», – 
деп  Ұлы  Абай  айтқандай,  сөз – тіл  аталатын  мəңгілік,  аса  құнды  да 
қасиетті дүниені құрайтын бөлшек.
Рəбиға Ғалиқызының «Сөз құдіреті» атты кітабында былай дейді: 
«Сөз  құдіреті»  деген  əсем  атауының  екі  құрамы  да  астарлы: «сөз» 
дегеніміз  «тілдің  ең  кішкентай  кірпіші» – жеке  сөз  деген  мағынада 
емес  «тілдің  қолданысы,  яғни  көркем  əдебиеттегі  тілдің  көрінісі, 
ал  «құдірет»  сөзі  құпия,  тылсым  деген  танымда  емес,  адамға  ететін 
əсер, «қолданыстағы  тілдің  көркемдік  қуаты,  күші»  деген  мəнінде». 
Жалпы  ақын,  жазушыға  қажет  тілдің  шұрайлылығы,  сезімінің 
сұлулығы,  сөздерінің  саздылығы,  образдарының  ойлылығы.  Ой  мен 
сезімнің  серіктесе  үйлесім  табуы,  өмір  құбылыстарына  көзқарасы 
мен  пайымдауының  өзінше  болуы.  Оқырман  санасын  нұрландырып, 
асау  өзен  иіріміндей  үйіріп  əкететін  сиқырлы  сыры  болуы.  Ой  мен 
сезім  домбыраның  қос  шегіндей  жұптасып,  жарасып,  күмбірлете 
күй  төккендей  үндесуі.  Кейіпкерлердің  жанды  бейнесі  бірден  көз 


323
Тіл-ғұмыр
алдыңа келе қалуы, əдебиеттегі əр кезеңнің, əр толқынның өз сөзі, өз 
қолтаңбасы, талап пен талғам биігінен көрінуі. Серпінді ырғақ, самал-
дай саз, мөлдір сезім сынды суырылған ой, сағынышқа айналған мұң 
тағы  басқа  оқырманға  айшықты  көріктеу  құралдары  арқылы  жетуі 
қажет. 
Рəбиға  Ғалиқызы  осы  еңбегінде  «Мұхтар  Əуезов – көркем 
сөздің  пірі», «Жинақы,  үнемді,  астарлы  тіл»  деп  Шерхан  Мұртаза, 
Əбіш  Кекілбаевтың,  Мұхтар  Мағауиннің, «Жанр  мен  тіл  үйлесімі» 
деп  Оралхан  Бөкеев,  Сейдахмет  Бердіқұлов,  Асқар  Сүлейменов 
шығармашылығына  талдау  жасап,  тілдің  өзін  емес,  мүмкіншілігін 
көрсеткен. Сөз зергерлері əрбір сөзді, əрбір грамматикалық тұлғалар 
мен  тəсілдерді  шығарма  идеясы  мен  стиліне  орайлыстыра  «ойната» 
білгенін, жұмсай білгенін, əр сөзге ұқыптылықпен қарап, оны түсініп 
барып  пайдалануды  өзінің  жазушылық  талабына  айналдыруы,  өз 
шығармасының  мазмұны  мен  жанрына  орай  сөз  таңдауды – əдеби-
тілдік  тəсілдің  бірі  етіп  ұстау  керектігін  ұлы  Мұхтар  Əуезов  айтқа -
нын, қазақ тілін сөзге бай тілдердің қатарына қосқанын баса айтады. 
Қазіргі таңда жазушының тілдегі даралық стилі, автор образы көркем 
əдебиет  тілі  лингвистикалық  стилистика,  этнолингвистика,  когни-
тивтік  лингвистика  тұрғысынан  зерттеліп  отырғаны  мəлім.  Рəбиға 
Ғалиқызы  аталмыш  еңбегінде  «Көркем  əдебиет  стилі»  атты  екінші 
бөлімінде  көркем  əдебиет  стилінің  қалыптасуы,  дамуы,  бүгінгі  нор-
малары жайында, осы категорияның мəн-мазмұнын ашып көрсетеді. 
Тақырып – қазына толы сандық. Сөз – осы сандықтың кілті. Сандық 
иесі, егер заттарды бірінен соң бірін ұқыптылықпен ала бастаса, оның 
түбінен  нағыз  асылдар  салынған  қобдиша  шығатынын  білсе  ғой», – 
деп,  Р.Ғамзатов  айтқандай,  тақырып – мəтін  мазмұнына  жасалған 
сілтеме.  Көркем  шығарма – күрделі  механизм.  Күрделі  механизмде 
əрбір тетік өзіндік рөл атқарумен бірге бір-бірімен тығыз байланыста 
болады,  ортақ  мақсатқа  қызмет  етеді.  Көркем  шығармада  тақырып 
пен  идея  таңдау,  сюжеттің  өрбуі,  кейіпкер  бейнесінің,  автор  бейне -
сінің  қалыптасуы,  өзіндік  маңызға  ие  бола  отырып,  біртұтас  бірлік 
ретінде  шығарманың  бүкіл  болмысын  анықтайды.  Сөз  əлемінің 
көркемдігін  тануға  қажет  ғылыми-теориялық  негіздерді  дəлелдейтін 
фактілердің  қазақ  көркем  дүниесіндегі  көрінісі  туралы  кітаптың  осы 
бөлімінен мағлұмат алуға болады. 
Академик  Рəбиға  Ғалиқызы  еңбегінде  көркем  мəтін  тілін  зерт-
теуге  қатысты  қаламгерлердің  шығармашылық  қабілеті,  суреткерлік 
зердесі,  көркемдік  ойлау  жүйесі,  ұлттық  дүниетанымы,  сөз  саптауы 
сияқты осы салаға байланысты мəселелер адам факторын ескере оты-
рып,  коммуникативтік  мақсатқа  жету  үшін  тілдік  көрсеткіштермен 


324
Рəбиға Сыздық
айқындалатыны  туралы  сөз  болған.  Осы  салада  Ұстазымыздың 
ғылыми зерттеулерін жалғастырған шəкірттері Х.Нұрмаханов, Б.Ша-
лабай, Н.Уəлиев, Қ.Есенова, тағы басқа шəкірттері, олардың шəкірт-
тері мəтіннің құрылымдық-мағыналық сипатына қалай қол жеткізуге 
болатынын,  коммуникативтік-прагматикалық  тұрғыдан  өзара  байла-
нысқан  ой  білдірулердің  жиынтығының  жазушы  шеберлігінің  сы-
рын  көркем  мəтіннің  прагматикалық  əлеуеті  арқылы  сараптап,  ав-
тор  идеясын,  көзқарасын  оқырман  қажетіне,  түсінігіне  сəйкес  тілдік 
бірліктермен  қалай  беретіні  тереңдеп  талданып,  зерттеле  бермек. 
Рəбиға  Ғалиқызы  сөйлеп  кетсе,  мағыналы  сөзімен,  жүрекке  жа -
ғымды  даусымен  аудиторияны  баурап  алатын  жоғары  деңгейлі  ру-
хани-интеллектуалды  Ғалым.  Ұстазымызға  зор  денсаулық  тілеп,  ба-
лаларының,  немере-шөберелерінің  қызығын  тойлап,  арамызда  аман-
есен жүруіне тілектеспіз. 
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: 
ғылыми мұра жəне ғалым феномені. 
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция 
материалдары. – Алматы, 2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет