ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА – ҒАЛЫМ КӨЗІМЕН
Орталық кітапхана ғылым əлеміне 1950 жылдардың кезінде кел-
ген біздер үшін екінші жұмыс орнымыз болатын, ал жұмыс орны -
мыз – «екінші үйіміз», – десек болар. Бар сергек уақытымыз үйде
емес, жұмыста өтетін. Барып-келуімізбен, түскі демалысымызбен қоса
есептегенде, күндізгі 8-9 сағатымызды алып жататын жұмыс пен сол
жұмыста адамдармен жасаған қарым-қатынас өмірімізді толтырып,
мақсат-мұраттарға ұмтылдырып тұратын.
«Ғылым дүниесі» деген – ұмтылыс қой: институт жоспары жүк -
теген жұмысты орындауға ұмтыласың, оған қоса ғылыми атақ-
дəрежеге қол созып, диссертация, мақала, кітап жазасың дегендей.
Міне, осы тұста кітапханаға асыға кіріп, жалықпай отыратын құтты
жайыңа айналады.
Жаңылмасам, 1958 жылы болуы керек, Ғылым академиямыз Шев-
ченко көшесі жанындағы бас ғимаратына көшті. Біз істейтін Тіл мен
əдебиет институты (ол кезде бүгінгі екі институт бірге болатын) бас
ғимараттың үшінші қабатының оң жақ қанатында орналасқан еді,
ал Орталық кітапхана да сыртқы есіктен кірген беттен қарағанда оң
43
Тіл-ғұмыр
қанатты (үшінші қабатқа көтерілген беттен барғанда сол жағын) алып
жататын. Оқу залдары қазіргідей 2, 3-қабатта болатын. Неге екені
белгісіз (сірə, ол кезде сенім күшті болды ма екен?) біздің қызмет-
керлер отыратын кабинеттер мен 3-қабаттағы оқу залының арасын-
дағы есік ашық тұратын. Біздер, əсіресе қатардағы жастар, жұмысқа
келіп, бөлмелерімізге бас сұға салып, бірден екі аттам жердегі оқу за-
лына келіп, отыра қалатынбыз. Кейбіреулеріміздің тіпті «меншікті»
үстеліміз болатын, яғни күнде-күнде бір орында отыратынбыз. Осы
күнгі ірі-ірі ғалымдар: академиктер, докторлар, профессорлар, əр ал-
уан үлкен қызмет басындағылардың көбі 1958–1959 жылдардағы
осы оқу залының «тұрғындары» болатын.
Қашан да да ғылымға келген жас адамның ғылым-білімге ұмты-
лысы, ынтасы, ықыласы зор болады, сондай бір шаршау, жалығу, ерігу
дегенді білмейтін бақытты шақты бастан кешіргенімізді еске алып
отырмын. Орталық кітапхананың оқу залдары құт мекеніміз болған
осы шақтың бір штрихы есімнен кетпейді. Бірде, 1960 жылдардың
іші болуы керек, кешке, жұмыстан соң жолдасымыз екеуіміз Орталық
гастрономда азық-түлік алып жүр едік, бір жас жігіт жүгіріп келіп:
«Апай, бір үш сом (қазіргі 300–400 теңге) бере тұрыңызшы, ақшам
жетпей қалды, ертеңдер кітапхананың оқу залында боласыз ғой,
апарып беремін», – дегені. Бердім. Ертеңіне де, одан кейін де ешкім
жолықпады, жас жігіттің аты-жөнін де білмеймін. Түр-түсі де бей -
таныс болатын. Күндер өтті, бұл болмашы оқиғаны ұмытып та
кеттім. Жылдар өтті, есімде мүлде еш нəрсе қалмады. 3-4 жылдан
соң Академияға кіре бергенімде артымнан біреу тарсылдатып қуып
жетті. Амандасып жатыр. Бейтаныс жас адам. «Апай, кешіріңіз, сізді
күтіп жүр едім алғыс айтайын деп. Мен Харьковте (əлде Киевте деді
ме, қазір есімде жоқ) аспирантурада оқып, қорғап келдім. Мені
ғылымға баулыған сізсіз, соған рақмет айтам!» – деп тұр. Мен аң-
таңмын. Украинадан қорғап келген əріптесіміз (тіл маманы не
əдебиетші) туралы білмеймін. Соны сезді ме, жігіт сөзін əрі қарай
жалғастырды: «Мен сіздің əріптесіңіз емеспін (басқа бір ғылым сала-
сын айтып еді, сол бойда да дұрыс естімедім, қазір мүлде білмеймін),
ал менің ғылым жолына түсуіме сіздің кітапханамыздың оқу залын-
да отырған үлгіңіз себепкер болды, білімге, ғылымға деген ынтаңыз,
тəртібіңіз (сірə, көп кіріп шықпай, тапжылмай сағаттап отырғаны-
мызды айтқан болар) маған қамшы болды, «осылай отырғанда ғана
нəтиже шығады екен»! деп, диссертациямды мезгілінде жақсы қорғап
келдім. Есіңізде болса, сізден 3-4 жыл бұрын аз ғана ақша алып ем,
кезінде сізді кездестіре алмай, кетіп қалдым. Енді, міне – сол құтты
қолыңызбен берген ақшаңыз», – деп 3 сом беріп тұр.
|