Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет20/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   170
Рəбиға Сыздық
Əрине, 3 сом  сияқты  «керемет  мол  ақшаны»  қайтара  алмай  кет -
кен  «кешірімсіз  күнəсі»  бар.  Əрі  оқу  залында  отыратын  адамдардың 
ішінде əйел балалар көзге түсіңкіреп, байқалып жүретіндіктен болар, 
əйтеуір  «ғылымға  ұмтылдырған  үлгі»  деп  мені  атағанына  мəз  бол -
ғаным  жоқ.  Ол  жігіт  жалғыз  мені  емес,  сол  кезде  оқу  залдарынан 
шықпайтын  жас  ғылыми  қызметкер,  бүгінде  академик  Жабайхан 
Əбділдиннен бастап оның жұптарын жазбай бірге жүретін философ-
əріптестерін,  жас  əдебиетшілер  мен  лингвистерді,  тарихшыларды 
өзіне  үлгі  тұтқаны  сөзсіз,  əрине.  Мененде  гөрі  жас  жігіт  ғалымдарға 
еліктегені, «солардай  болсам!»  дегені  де  даусыз,  өйткені  олар 
əйел  қызметкерлердей  емес,  оқу  залдарында  да  ұзағырақ  отырады, 
кітаптардың  да  түр-түрін  алып  жатады  дегендей.  Ал  мен  сол  сəтте 
эталон  етіп  мені  атағанына  емес,  үлгі-өнеге  ала  білгеніне,  нəтиже -
сінде «Ғылым» деген үлкен дүниеге құлаш ұрғанына риза болдым.
Осы болмашы оқиғаны еске алып отырғаным – кітапхана дегеннің 
ғалым  өмірінде  алатын  орнын,  оның  тек  кітап  қорларымен  ғана 
емес, тіпті залдарына келіп-кетіп жүрудің, отырыс-тұрыстың да мəні 
бар  екендігін,  адамның  (ғалымның)  мінез-құлқын,  жұмыс  кестесін 
тəрбиелеуде,  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыруда  да  орны 
ерекше құт-мекен екенін айтқым келгені.
Бұл  кітапхананың  менің  ғалымдық,  азаматтық  іс-қарекетімде 
үлкен  əлеуметтік  мəні  болған  бір  жағдайды  айту  борышым  тəрізді. 
1977  жылы  «Ұлы  Октябрьдің 60 жылдығы»  деп  дүркіретіп  атап 
жатқан кезде Тіл білімі институты да «Қазақ совет тіл білімі 60 жыл-
да» деген ғылыми конференция өткізбек болды. Оны ұйымдастырып, 
нақты  жұмыстарын  атқарып  жүрген  институт  директорының  орын-
басары  Əбдуəли  Қайдаров  еді,  одан  мен: «Қазақ  тілінің  Октябрь-
ге  дейінгі  зерттелуі»  деген  тақырыпта  баяндама  жасайыншы», – деп 
сұрап  алдым.  Шағын  баяндамамда  бұрыннан  баршамызға  таныс 
мағлұматтарды, яғни Н.И. Ильминский, П.М. Мелиоранский, В.В. Рад -
ловтардың  еңбектерін  атай  келіп, «Бүгінгі  ұлттық  тіл  біліміміздің 
іргесін қалаған Ахмет Байтұрсынов деуіміз керек» деген пікір айтып, 
оны барынша дəлелдедім, «Байтұрсыновтың идеологиялық, əлеумет-
тік  іс-əрекетінің  дұрыс-бұрыстығын  айта  алмаймын (1988 жылдың 
соңына  дейін  оны  «халық  жауы,  советтік,  коммунистік  идеология -
ның  қас  дұшпаны»  деп  келгеніміз  мəлім),  бірақ  ғылым  дегеніміздің 
тірегі – шындық  пен  адалдық  болатын  болса,  қазақ  тіл  білімінің 
ұлттық  негізін  Байтұрсынов  еңбектерінен  іздеуіміз  керек», – дей 
келіп: «Бұл  айтып  тұрғаныма  ғалым  ретінде  де,  коммунист  ретінде 
де  жауап  бере  аламын!» – деп,  əңгіменің  жай  əншейін  «батырлық» 
еместігін, саяси мəні бар, керек болса тиісті орындарға жауап беретін 


45
Тіл-ғұмыр
қарекет  екендігін  сезетіндігімді  алдын  ала  ескерттім.  Конференция-
да негізінен өзіміздің институттың қызметкерлері болды, бірен-саран 
сырттан қатысқан əріптестеріміз де болған болуы керек. Неге екенін 
білмеймін, аға буын ұстаздарымыздан тек Ахмеди Ысқақов қатысты, 
І.Кеңесбаев, М.Балақаев ағаларымыз болмады. Тыңдаушылардан еш-
кім  тіс  жарып,  айтып  тұрғаның  дұрыс,  не  бұрыс  демеді.  Осы  сəтте 
мен күні бүгінге дейін екі адамға мейлінше разы болғанымды айтып 
келемін: бірі – Əбекеңе (Қайдаровқа) конференцияны ұйымдастырып, 
баяндамалар беріп, басқарып, жүргізіп отырған институт жұмысының 
бірі ретінде конференцияда мұндай саяси қате, коммунистік пікірдің 
айтылғанына  жауапты  алдымен  өзі  беретінін  білсе  де,  менің  сөзіме 
қарсы  пікір  айтпады,  үндемеді.  Екіншісі – Ахмеди  аға  Ысқақовқа. 
Ол  кісіге  де  сан  сұрақтар, 1930 жылдан  бермен  қарай  айтылып  келе 
жатқан көзқарасты («А.Байтұрсыновтар – халық жауы» деген) жақтап 
айтуға болар еді, – үндемеді. Ал қарсы шықпағаны – қолдағаны. Мен, 
əрине,  ашық  жақтаушыларды  күткенім  жоқ, «үнсіз  қалғандары – 
іштерінен қостап отырғаны» деп ойладым. 
Сол  жерде  үндемесе  де,  жеткізетін  жерге  жеткізушілер  болса  ке-
рек.  Бірсыпыра  уақыттан  кейін  сұраушылар  сұрақтарымен  келді. 
Бірінші сұрақ: «Сізде А.Байтұрсынов туралы мағлұмат бар», – дейді, 
қайдан  алдыңыз?»  болды.  Міне,  осы  кезде  мені  Орталық  кітапхана 
құтқарды: «Мен  мағлұматты  қордан  алдым»  дедім,  яғни  қаладағы 
кітапханалардың  ашық  қорында  «Труды  Общества  изучения  Кир-
гизского  края»  деген  атпен  Орынборда 1922 жылы  шыққан  жур-
налдан  (М.Дулатов  пен  Е.Омаровтың  мақалалары)  жəне  академик 
А.Н.  Кононовтың  «Биобиблиографический  словарь  отечественных 
тюркологов. До октябрьский период» (Москва, 1974) деген еңбегінен 
алдым, екеуі де Орталық кітапханада тұр», – дедім. Тыңдады да кетті. 
Қайтып  шақырған  жоқ.  Осы  тұста  кітапхананың  құдіретін  сездім: 
ашық  қорда  тұрған  əдебиетті  пайдалануға  əбден  болады,  ондағы 
мағлұматтарды да көпшілікке жеткізуге құқықтымыз дегендей.
Міне,  осы  екі  штрихпен  Орталық  кітапхананың 45 жылдық 
ғалымдық  жолымда  алған  рөлін,  көрсеткен  қызметінің  бір-ақ  тұсын 
айтқым  келді.  Ал  жалпы  қажет  ғылыми  информациямен  қамтамасыз 
етуге  тіпті  көркем  əдебиет  пен  жарыққа  шыққан  өзге  де  кітаптарды 
(менің  тіл  білімінен  басқа  əдебиеттануға,  этнографияға  қатысты 
əдебиеттерді  де  пайдаланатын  «осал» («слабость»  дегенім  ғой)  жа-
ғым  бар)  алып  Орталық  кітапхананың  қызмет  көрсетіп  келе  жатқа -
нын жеткізе алмаймын. Əлі есімде, кезінде көркем əдебиет кітаптары 
кіре  беріс  коридорда  болатын,  кітапханашы – мəдениетті,  білімді 
орыс əйелі еді, кітаптарды өзім аралап таңдап алуыма рұқсат беретін, 


46
Рəбиға Сыздық
1-2  апта  сайын 4-5 кітапты  таңдап  алып,  оқып  əкеліп  тұратынмын. 
60-70-жылдары  газеттерді  көп  оқымайтынбыз  (оларда  тым  ресми, 
стандарт,  ғылыми  емес  материалдар  ғана  жарияланатын),  теледи-
дардан  қазіргідей 30-40 каналды  ұстап,  қызықтап  көру  болмайтын 
еді,  сондықтан  бос  уақыт  болса,  көркем  əдебиет  шығармаларының 
орыс  тіліне  аударылған  ағылшын,  француз  тілдеріндегі  кітаптарын 
оқитынбыз.  Орталық  көркем  əдебиет  қоры  үнемі  толығып  отыра-
тын.  Қазақ  тілінде  шығатын  кітаптардың  қай-қайсысын  да  керек 
кезінде алып оқитынбыз. Өйткені қазақ тіліндегі кітаптар түгел кітап 
дүкендеріне  түспейді,  таралымы  аз  болғаннан  кейін  өз-өзінен  тез 
тарап кетеді ғой. 
Кітапханашылардың  қызметі  жөнінде  де  бірер  ауыз  өз  пікірімді 
айтайын.  Мен  бұл  қызметті 497-нөмірлі  билетпен 1957 жылдан  бері 
көріп келемін. Еш уақыт дөрекі жауапты естігенім жоқ, кітапты тым 
кешіктіргенін  көргенім  жоқ.  Нағыз  кітапханашының  жұмыс  стилі 
сезіледі. Əсіресе жастар, көбі – қазақ қыздары, сыпайы, жүздері жылы, 
сөздері майда болып келеді, «қонақ аз отырып, көп сынайды» деген-
дей,  бұл  күнде  сиректеу  барып  жүрсек  те,  байқап  келеміз.  Көпшілік 
орны  болғандықтан,  адамдарға  қызмет  ету – басты  міндеті  болса, 
мұнда  болып  кеткен  сəттен  тек  алуан  ақпаратпен  сусындап  қоймай, 
жаныңа  ерекше  сезімді – жақсы  адамдардың  құлдық  ұрған  көңілін 
сезініп шығу да бір ғанибет.
«Бай  мұрамыздай  болып  отырған  Орталық  кітапхана  еліміздің 
жүздеген-мыңдаған болашақ ғалымдарын, үлкен зиялыларын баулып, 
білім-таныммен  сусындата  берсін!»  деген  арман-тілегімді  айтқым 
келеді.
Кітап: Орталық ғылым кітапханасы. Мұра. 
Алматы, 2002.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет