Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек


ҚАДАМ БАСҚАН САЙЫН ƏДІЛЕТСІЗДІК КҮТІП ТҰРДЫ



Pdf көрінісі
бет18/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   170
ҚАДАМ БАСҚАН САЙЫН ƏДІЛЕТСІЗДІК КҮТІП ТҰРДЫ
Бір  қарағанда,  дүйім  қазаққа  мəшһүр  ғалым  Рəбиға  Сəтіғали-
қызын  таныстыру  артық.  Алайда  көзі  қарақты  оқырман  кісінің 
ғылыми  еңбектерінен  хабардар  болғанымен,  ғұмырының  күнгей-
теріскейін біле бермейді. Айтуынша, өзі туралы аз жазылған. Жор-
налшы қауым зорға сөйлейтін кейіпкерлерді де, керемет əңгімешіл 
жандарды  да  аз  кездестірмейді.  Рəбиға  апамыз  соңғы  санаттан. 
Сондықтан əйгілі ғалымның қиын да қызық тағдыры жайлы тек 
өзін сөйлетуді құп көрдік. 
Негізінен  отбасымызды  ешкім  арандатпай,  хал-ахуалымыз  дұрыс 
болғанда  математика  пəнінің  ұстазы  болар  ем.  Өзім  есеп  шығаруды 
сондай  жақсы  көретінмін.  Оқушыларға  ұқтыра  алмай  қиналам. 
«Əдістеме» деген болатынын əбден кейін білдік қой.
Қадам басқан сайын əділетсіздік күтіп тұратын. Темірдегі шіркеуді 
бұзу басталды. Мұсылмандар бармайды оған. Орыстар да некен-саяқ. 
«Халық  жауының»  əйелі  мен  баласы», – деп  шешем  мен 15 жасар 
ағамды  апарып  салды  жұмысқа.  Кешке  қолдарының  көбесі  сөгіліп, 
қан-қан  болып  келеді.  Соның  өзінде  «халық  жауының»  отбасына 
еңбекақының тек жартысын төлейді.
Ес білгелі көрген зорлық-зомбылық ширатты ма, орта мектепті де, 
педучилишені де бестікпен тəмамдадым. 1944 жылы жазда Ақтөбеде-
гі  мұғалімдер  институтына  келдім.  Онда  сырттай  оқу  деген  жоқ. 
Қабылданған соң екі айдан кейін бітіретіндермен бірге емтихан тап-
сырдым  да  қызыл  диплом  алып  шықтым  (Соғыс  жағдайында  маман 
жетіспейтін, жедел оқыту жүргізіліп жатқан).
Ақтөбедегі  №6  мектеп  Алматыдағы  №12  мектеп  сияқты  əуелден 
əйгілі. Соған оқу ісінің меңгерушісі болғанымда ақын Ізтай Мəмбетов, 
Бəкір  Тəжібаевтардың  ұрынарға  қара  таппай  жүрген  албырт  шағы 
екен.  Əртүрлі  үйірме  ұйымдастырдым.  Жергілікті  хабар  əзірлеттім. 


38
Рəбиға Сыздық
Кейіннен  Ізтайдың  жазғаны  бар: «Сіз  тəрбиелемесеңіз,  қылмыскер 
болып, сүйегім Ресей ормандарының бірінде шіріп қалар еді!» – деп. 
Немістер Сталинградқа жақындағанда Ақтөбе əуежайын жөндеуге 
апарды. Екі ай бойы жуынып-шайынатын су көрмедік. Содан қайтуға 
көлік  те  жоқ.  Жаяу-жалпы,  əйелдер  улап-шулап,  Темір  қаласының 
шетіндегі өзенге жетіп жан шақырдық. Үйге келсем, шешемнің көңілі 
жабырқау. Майдандағы екі ағам ойыма сап етіп, зəрем зəр түбіне кетті. 
Жоқ. Кішісі Хамит аман-есен. Ана ғой, 19 жасар балғын жігіттің бір 
қолын «төлеп» қайтуы жанына батса керек. Танкісі өртенгенде тара-
мысына  ғана  ілініп,  етқызуымен  жүгіре  беріп,  талықсып  құлаған  өз 
айтуынша.  Ал  Шафхат  ағам  Мəскеудегі  (жабық  оқу  орны  делінетін) 
ұшқыштар  институтының 1937 жылы 5-курсынан  шығарылған  əкесі 
«халық жауы» болғандықтан. Елге қайтпай, басқа институтта оқыды. 
Соғыстан  белінен  жараланып  оралды  да  түрегеліп  тұрып  чертеж 
сызуға денсаулығы келмей, аударма жасап, жазу-сызумен шұғылдан-
ды. Сіңлімнің ныспысы – Роза.
* * *
Есіл-дертім – оқу.  Мəскеу  Мемлекеттік  университетіне  құжатта-
рымды  жібердім.  Сөйтіп  жүргенде  аяқ  астынан  Абайдың 100 жыл-
дығымен  мұғалімдердің  республикалық  кеңесіне  облыстан  мені 
жіберді. Алматыдағы М.Əуезов, С.Мұқанов сынды тірі жазушыларды 
тұңғыш  көріп,  таңмын.  Кеңесте  өзім  күнделікті  пайдаланып  жүрген 
оқулықтарды  бас  салып  сынайын.  Оқулық  авторлары – Балақаев, 
Кеңесбаевтардың үзілістегі қағытпасына да көп мəн бермедім. Ахме-
ди Ысқақов ағамыз ҚазПИ-дің директоры екен. Өзі келіп, «3-курстан 
бастап  оқытайын»  деген  ұсыныс  жасады.  Сөйтіп, 3-курсты 30 қыз, 
ортамызда  Ерғали  Дайрабаев  деген  жалғыз  жігіт  бар,  оқуға  кірістік. 
Өте  жақсы  үлгеріммен  аспирантураға  қалдырылдым.  Айтпақшы, 
əдебиетші,  тілші  ағаларымыздың  ілтипаты  өз  алдына,  Тимосков  де-
ген профессор: «Философиядан қорғасаң!» – деп өтінетін. Əйелі біз-
бен  қатар.  Əмбе  жатақханамыз  жақын.  Күніге  бір  түрлі  көйлек  киіп 
шығатын.  Қыздың  көзі – қызылда,  қызығатынбыз.  Курстастарым 
қалжыңдайтын: «Шал  өлгенде  əйеліне  де,  көйлектеріне  де  ие  болып 
қаласың,  шəкірт  бол», – десіп.  Алған  тақырыбымыз  қазір  күлкілі – 
«КПСС тарихының қазақша аудармасы». Бірақ сол кез үшін маңызды 
мəселе. Жетекшім – Сəрсен Аманжолов. 
1948  жылы  Мақаш  Сыздықовқа  күйеуге  шықтым.  МГУ-дің  дип-
ломатия  факультетін  француз,  түрік  тілдері  бойынша  оқыған,  ха-
лықаралық қатынастар саласындағы қазақтан шыққан тұңғыш ғылым 
кандидаты.  Амалым  не,  азаматымнан (1954 жылы)  ерте  айырылып, 


39
Тіл-ғұмыр
отызға  жетер-жетпесте  жесірлік  тақсіретін  тарттым.  Соңында  Əсет 
есімді  ұл  қалды.  Қазір  ол  Мəскеуде  тұрады.  Əсеттен  Санжар  деген 
немерем қолымда бүгінде. 
* * *
1924  жылы  Ақтөбе  облысының  Ойыл  ауданында  дүниеге  келіп -
пін.  Отызыншы  жылдардың  басында  көкжөтелдің  кесірінен  оқуға 
бара  алмадым.  Булығып  ұзақ  жөтелетінмін.  Дəрігерлер: «Жүрегіңіз 
орнынан қозғалған», – дейді. Е, біздің жүректі кім қозғамады...
Сырқаттанған  себепті  мектепке  бармай  тұрып-ақ,  үйде  хат  таны-
дым. «Аттап  оқу»  деген  бар  ол  шақта.  Сол  жылы  Темір  ауданының 
қазақ-татар  мектебінің 4-сыныбына  бала  жетіспеді  ме,  əйтеуір,  бір 
мəтінді  көшіртіп  емтихан  алды.  Сауаттылау  көрінсем  керек,  бірден 
4-сыныпқа қабылдандым. 
1932  жылы  Арал  қаласында  тұрдық.  Қала  онда  теңіздің  жаға -
сында.  Арғы  беттен  пароходпен  келген  қазақтар  көшеде  бұралып 
аштықтан өліп жатқандарын көріп, зəреміз ұшатын. Кішкентаймыз ғой, 
аяғыңның астында көзі ақиып мал емес-ау, адам өліп жатса. Отбасы-
мыз  ол  зауалдан  дін  аман  қалдық.  Өйткені  əкем  Сəтіғали  Құтқожин 
байланыс  саласында  жауапты  қызмет  істейтін-ді.  Ол  кісі  Қазан  төң-
керісіне дейін-ақ мұсылманша, орысша оқыған. Заманындағы ең сауат -
ты  азаматтардың  бірі.  Ашаршылық  апатынан  арашалап  қалған  зия-
лылығы ұзамай отбасымызды ойрандауға сылтау боларын сезбедік.
Анам – Жеміс  Қалуқызының  айтуынша,  Алаш  ардақтылары 
Халел,  Жаһанша  Досмұхамедовтермен,  дəрігер  Иса  Қашқынбаевпен, 
төре  тұқымды  Шынтас  Қаратаевпен  əкемнің  аралас-құраластығы 
«халық  жауы»  атануына  себеп  болған.  Оған  қоса  Ойыл  қаласы 
Алашорданың  батыстағы  орталығына  айналғаны  мəлім.  Бертінге 
дейін əкем бір жерде тірі жүргендей көрінетін. 1956 жылы ақталғанда 
да біржола үмітімді үзбедім.
Тек 1994 жылы алған мəліметтен кейін ақиқатқа мойынсұнғандай 
күй кештім. Сөйтсем, əкем 1937 жылдың күзінде-ақ атылып, Ақтөбе 
қаласы  маңындағы  «Пригородный»  совхозының 2-бөлімшесі»  деген 
жерде, 1930-1950 жылдардың  құрбандары  жатқан  ортақ  шұңқырға 
лақтырылыпты. Құзғын заманға не дерсің?...
Əкем  тұтқындалғанда  Ақтөбенің  Темір  ауданында  едік.  Күзде 
мектепке  барғанымда  балалар  маңыма  жоламады.  Əдетте  партада 
2-3-тен  отыратынбыз.  Жыл  бойы  сопайып  жалғыз  жүрдім.  Сонда 
алғаш қатты қорланғаным.
Кейіннен Ақтөбеге көшірілген педучилищенің (бұл кезде Темірде. 
Онда  Құдайберген  Жұбанов  қызмет  істегені  белгілі) 2-курсында  жү-


40
Рəбиға Сыздық
ріп,  мектепке  сабақ  беруге  бардым. 16-ға  толмаған,  төлқұжатым 
жоқ  себепті  жалақы  бермей  сенделтті.  Ол  аз  болғандай, 4-сыныпты 
ұсынсын.  Балалар  əбден  ересейіп  оқитын  тұс.  Кішкентаймын.  Өзім-
мен  қатар  жеткіншектер  тыңдай  бермейді.  Осының  бəрі  қысастық -
пен жасалатын.
1951  жылы  Бекмахановтар  айдалып  кетіп,  қоғамның  ескі  дерті 
қайта  қозып, «халық  жауының»  қызы  ретінде 6 ай  жұмыссыз  отыр -
дым.  Бірақ  онда  жолдасым  сүйеу  болды.  Енді  ғылымға  қолды  бір 
сілтеп, оқу-педагогикалық («Рауан») баспасына қызметке кеттім. Əді-
лін айту керек, баспадан көп нəрсе үйрендім. 1957 жылы академияға 
қайта  шақырды. «Бұрын  қуып  жібергесіңдер!» – деп  бұлдандым. 
Ақыры  Ғ.Мұсабаев  бастаған  ағаларымыз: «Қ-ның  құйрығын,  ғ-ның 
белбеуін  іздеп  отырасың  ба?!» – деп  қоймағасын  ғылымға  оралдым. 
Мұхтар  ағаның  пікірімен  «Абайдың  қара  сөздерінің  морфологиясы» 
деген  тақырып  алып,  біржарым  жылда  қорғап  шықтым.  Докторлық 
еңбегім – «Əдеби тілдегі Абайдың орны».
Жалпы,  өзге  ағалар  сияқты  Мұхтар  Əуезов  те  ұмтылып  тұрған 
жастарды  қолдап,  қорғап  жүретін.  Сезді  ме,  кім  білсін,  дүниеден 
озарына  қараған  жаңа  жылды  қарсы  алуға  өзі 200 сом  беріп,  Надя 
Қарашева  екеумізге  міндет  жүктеді.  Дастарқан  мəзірі  өз  алдына, 
драма  театрдан  ұлттық  киімдер  əкелуге  бардық.  Сеніп  барған  ада-
мымыз бірден бере қоймай театрдың маңының қарын күретті. Не ке-
рек, Əдебиет, Тіл институты бөлінбеген шағы, Мұхтар, Əлкей, Ісмет 
ағаларды  төрге  отырғызып,  əжептəуір  тойладық.  Анда-санда  тама-
шалатып  жүрген  деректі  фильмдегі  Мұқаңмен  сəукеле  киіп  билеп 
жүрген сондағы менмін. Қайтыс болғанында Италияда жүргенмін.
Əдеттегідей 1961 жылы 31 желтоқсанда  телефонмен  көптеген 
адамнан  құттықтау  алдым.  Соның  біреуі  бейтаныс.  Аты-жөнін  анық 
ұқпай  қалдым. 10-15 күннен  кейін  тағы  телефонмен  кездесіп,  таны-
суымызды  өтінді.  Ол – менің  екінші  отасқан  жолдасым,  Қазақстан -
ның Халық əртісі, ақын Шахан Мусин еді.
1932  жылғы  ашаршылықты  жырлаған  «Наркомға  хат»  деген 
16  жол  өлең  жазып, 18 жыл  айдауға  кеткен.  Шахан  маған  əкеммен 
тағдырлас  болып  көрінді.  Дегенмен  əртістігі  үшін  «салқынқанды 
ғылым  адамына  тимей,  жын-шайтанда  несі  бар?»  дегендер  де  бол-
ды.  Əлгі  «Наркомға  хаты»  еш  жерде  жарияланбаса  да,  түпнұсқадан 
да  əсерлі  тəржімаланып, 1937 жылы  Колымаға  жер  аударыларын-
да  алдынан  шығыпты.  Колыма  демекші,  ақын-жазушы,  Жамбылды 
алғаш  аударған  Андрей  Алдан-Семеновпен  лагерьде  бірге  болғанын 
əңгімелейтін.  Қорлыққа  шыдамаған  ақын  бірде  шарбаққа  қарай 
жүреді  қасақана. «Стой!» – деп  үш  мəрте  қайталанғанда  тоқтамаға -
сын  қарауыл  атып  салады.  Сақырлаған  сары  аяз.  Шахан  ақырын-


41
Тіл-ғұмыр
ақырын  жақындай  түседі.  Айғайлаған  ешкім  болмағасын  қансырап 
жатқан  Андрейді  кері  алып  қайтады. «Алғашқы  ерлігім – Андрейді 
ажалдан  арашалап  қалуым,  екіншісі – өзіңе  батылым  барып  таны-
суым», – дейтін əзіл-шыны аралас.
Лагерьде аштан ісініпті. Жалпы ісікті саусағыңмен бассаң, шұңқыр 
пайда  болады  да  саусақты  алғасын  адам  терісі  орнына  келеді.  Ал 
аштан  ісінгенде  бармақ  батқан  шұңқыр  орнына  келмей,  сол  күйінде 
ойылып  тұрады  екен.  Колымада  үш  рет  ісінгенінде  қарт  грузин,  ев-
рей  дəрігер,  сосын  алматылық  жас  орыс  жігіті  қамқоршылықтарына 
алып, қатарға қосылыпты.
Шаханның  ең  үлкен  азаматтығы  айналамдағы  туыс-туғаныммен, 
тіпті  Мақаштың  бауырларымен  де  сыйласып  өтті.  Өз  кезегімде  мен 
де (бұрынғы əйелінен туған) ұл-қызына қабақ шытпадым.
Тірі  болғанда  Шақан  тоқсанға  биыл  толатын  еді.  Шахан  тіп-тік 
жүретін.  Сол  қайратына  қарап,  таңғалатын  дос-жаранға  өзі: «Мені 
тағдырым 20 жыл  тоңазытқышта  (Сібірде)  сақталған», – деп  əзіл-
дейтін. 1998 жылы  кенеттен  сал  болып  қалды.  Жуындырып-шайын-
дырып, киім-кешегін ауыстыру бір мен үшін мүмкін емес. Ақшасын 
төлесең,  бағып-күтіп  беретін  аурухана  бар  екен.  Бірақ  оған  апарма-
дым.  Немеремді  алдырдым.  Шəкірттерім  кезек-кезек  келіп  көмекте-
сіп  тұрды.  Өмірі  ұстара  ұстап  көрмеген  басым,  оған  қоса  солақай 
едім, оңқаймен екі күнде бір сақалын алып үйрендім. Сөйтіп, 2 жылға 
тарта  бейнетінен  кейін 1999 жылы,  маған  деген  разылығын  айтып 
жатып, көз жұмды 86 жасында.
* * *
Мұхтар  Əуезов – ғұлама  ғой,  біле  отырып  аңқаусып,  меңзеп 
сөйлейтін.  Бірде: «Зат  есім,  сын  есім,  етістік», – деп  зерттейсіңдер, 
олар  біткесін  не  істейсіңдер?» – дегені  бар.  Сол  сөз  жебеп,  тіл  та-
рихына  біржола  ден  қойдым.  Менің  негізгі  мамандығым – бұл. 
XV  ғасырдан  бергі  тіл  тарихын  шама-шарқымша  қузадым.  Сексен -
нің  сеңгіріне  шығар  тұста  ХІІ  ғасырдағы  Ахмет  Ясауи  еңбектерінің 
тіліне  үңіліп  отырмын.  Əдеби  тілдің  сан  ғасырлық  тарихы  аманшы -
лық болса, қолдарыңа тиіп қалар.
Əсіресе  əр  жылдарда  Құдайберген  Жұбанов,  Ахмет  Байтұрсынов, 
Халел Досмұхамедов еңбектерін жариялауға қосқан үлесімді көңіліме 
медет тұтам.
* * *
Жиырма  шақты  кітап,  үш  жүздей  мақала  жаздым.  Уақытымның 
60-70% үй шаруасымен кетеді.


42
Рəбиға Сыздық
* * *
Ұстанымым – ер  азаматтың  қараша  басын  хан  тұту; «Əй,  кəпір!» 
атанбау; өзімнің де қолымнан келмейтінді өзгеге салмақтамау. 
* * *
Теледидардан  сериал  тамашаламаймын.  Есесіне,  жазғы,  қысқы 
олимпиада кезінде 15 күнге еңбек демалысын алып, көгілдір экранның 
тұтқынына айналам. 
* * *
Қонаққа бармауға келгенде өтірікті жақсы айтам. 
* * *
Жазу-сызу жұмысын елең-алаңда тұрып жасаймын. 
* * *
Анасы сəбиін тұзды суға неғұрлым көбірек жуындырса, соғұрлым 
ширай түсетіндей, мені де ащы тағдырым пісірді. 
Əңгімелескен: Дағжан Белдеубайұлы
 «Ана тілі «газеті, №9, наурыздың 6-сы, 
Жылқы жылы, 2003.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет