АШЫП АЛАР ЖАЙТ КӨП НЕМЕСЕ ƏДЕБИ ТІЛДІҢ
ТАРИХЫ ХАҚЫНДА
Əдеби тілді зерттеу сол халықтың рухани-мəдени дүниесінің та-
рихын танып білумен тығыз байланысты. Көптеген халықтардың та-
рихында оның əдеби тілінің қалыптасып дамуы көркем əдебиетіне,
оның ішінде поэзиясына қатысты болып келетінін бүгінгі тілтану
теориясы жоққа шығармайды. Демек, белгілі бір кезеңдердегі көркем
əдебиетті қалай танысақ, соған орай оның тілін де анықтауға тиіспіз.
Осы жағынан келгенде, «Қазақ əдебиеті тарихының» бірінші томын-
да (1968 жылы орыс тілінде шыққан) келіспейтін жерлер бар. Мұнда
Абайға дейінгі қазақ поэзиясын əдебиетке («литература» дегенге)
қоспайды, оны «халық өлеңі» («народные песни») деп табады да ақын-
жырауларды «өлеңшілер» («песеньки») деп атайды. Ал 1979 жылы
(орыс тілінде) шыққан екінші том авторлары бірде «индивидуалдық
поэзия», енді бірде «халықтың ауызша поэзиясы», тағы бірде
«ауызша поэтика өнері» (сол сияқты «ақындар поэзиясы», «халық
поэзиясы» т.т.) деп атайды. Сөйтіп, бұларда қазақтың XV–XIX ға-
сырлардағы əрі мол, əрі құнарлы, қуатты сөз өнері – ақын-жыраулар
мұрасын жазба əдебиет дүниесіне қоспай, бөлек категория деп тану-
шылық бар. Бұл жерде əдебиет дегенге тек жазба əдебиетті ғана
жатқызу ниеті анық байқалып тұр.
Біздіңше, бұл – дұрыс емес. Ең алдымен, қазақ жұртының бір-
неше ғасырлық ақын-жыраулар поэзиясын əдебиет деп тану керек.
«Неге?» – дейсіз ғой. Біріншіден, халық ауыз əдебиеті авторсыз дүние
екені мəлім болса, ақын-жыраулар дүниесі – авторлары бар мұралар
жəне ең маңыздысы: əр автордың творчествосы өзінің композиция-
сы, мазмұны, тақырыбы, идеясы, көркемдеу тəсілдері жағынан бір-
бірінен ажыратылып тұрады. Демек, ақын-жырауларда жекелік
(индивидуалдық) творчество, сипаты бар, ал бұл сипат – əдебиетке
тəн белгінің бірі. Екіншіден, халық ауыз əдебиетінің тіліне, əсіресе,
оның эпос сияқты кесек шығармаларына көптеген дəстүрлі образ-
дар, белгілі сөздер мен тіркестер ортақ болып келеді, олар бірінен
біріне ауысып та жүре береді. Ал ақын-жыраулар тілінде мұндай ор-
тақ элементтер фольклорға қарағанда кемдеу кездеседі, бірақ мұнда
да бар. Бар болу себебі мынада сияқты: біріншіден, ақын-жыраулар
тілінің негізгі арнасы – ауыз əдебиеті тілі. Авторлы əдебиеттің ауыз-
ша таралып, сақталуының нəтижесінде əр алуан қоспалардың болуы
əбден ықтимал. Бірақ «айырмашылығы да бар» деп ойлаймыз. Фоль-
клор тілінде стереотип формулалар: дəстүрлі образдар, ортақ тұстар,
негізгі поэтикалық модельдер, композициялық тəсілдер тұрақты
болып келеді, ал қазақтың ақын-жыраулары тілінде бұлар шартты
55
Тіл-ғұмыр
жəне міндетті емес. Дегенмен қайткен күнде де ақын-жыраулардың
əрқайсысына тəн өзіндік сөз қолданыстары бар екендігі де хақ. Бұл –
əдеби тілдің басты белгілерінің бірі. Үшіншіден, ақын мен жы-
рау поэзиясында уақыт пен мекенге қарай нақтылық, адамның ішкі
дүниесін суреттеушілік, лиризм сарыны күшейе түседі. Бұлар – фоль-
клордағы тілдік дəстүрден бірте-бірте алыстай бастайтын, суреттеу-
дің жаңа амалдарын тудыратын сəттер. Демек, бұл – «авторлы поэ-
зия тілінің лексика мен грамматика саласында да жалпы поэтикалық
мүмкіншіліктері байи түсті» деген сөз. Ақын-жырау тілінің осы
белгісі халық ауыз əдебиеті тіліндегі біршама консервативтікті, дəс-
түрлік-тілдік шектеушілікті бұзып, оның құрсауынан босаттырады.
Төртіншіден, əрбір ақын немесе жыраудың қабілетіне орай өлең-
жыр шығарушылық ерекшелігі өлең техникасына шым-шымдап
жаңалықтар, даралықтар қосады, яғни авторлы поэзия ұйқас таңдау,
синтаксистік жəне ритмикалық топтарды пайдалану сияқты салаларда
ауыз əдеби тілі шеңберінен шығып кетеді.
Қазақ топырағында өмір сүрген ақын-жыраулар поээиясы мен
халық ауыз əдебиеті (поэзия түріндегісі) тілдерінің бұлардан басқа да
айырым-белгілерін арнайы зерттеу үстінде нақтылап көрсете түсуге
болар еді жəне бұл салада Қ.Өмірəлиев пен Е.Жұбановтың жақсы
еңбектері де бар. Біздің бұл шағын мақалада көздеген мақсатымыз –
сөз өнерінің бұл екі саласының бірдей еместігін, тілі жағынан қосып
қарауға болмайтындығын ғана ескерту. Сонымен қатар бұл екі сала-
ның бір-біріне ұқсас ортақ белгілері де бар екені белгілі.
Ең басты ортақ белгі – екеуінің де ауызша таралып, ауызша сақ-
талуында. Осының салдарынан заман озған сайын олардың текстері
біртіндеп «редакцияланып», там-тұмдап жаңғыртылып отыру фактісі
бар. Сондықтан бұларда көне тұлға-тəсілдерімен қатар жаңа сөздер -
дің, тіркестердің, біздің заманымызға тəн тəсілдердің орын алуы
заңды. Бірақ бұларда «модернизация», біздің байқауымызша, түбе-
гейлі емес.
Осылайша, өзгешеліктері мен ұқсастықтарын есептей отырып, біз
қазақтың мұндай авторлы əдебиетін «халық ауыз əдебиеті» деп емес,
«профессионал əдебиет» деп, ақын-жырауларды «өлеңшілер» деп
емес, «профессионал қаламгерлер» деп танимыз.
Ал «қазақ ақын-жыраулар творчествосы шамамен XV–XVI ғасыр-
лардан бастап өмір сүріп келеді» деген пікір соңғы жылдарда бел алып
келеді, бірақ бұл – өз алдына бөлек проблема жəне əлі де зерттей,
анықтай түсетін əңгіме.
Қысқасы, қазақта халық ауыз əдебиетінен өзге, бірақ оған едəуір
белгілерімен ұқсас келетін профессионал əдебиет те өмір сүріп келді
|