Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет23/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   170
Рəбиға Сыздық
қазіргіге  қарағанда  өнімдірек  қолданылғанға  ұқсайды.  Демек,  оның 
Ыбырай əңгімелерінде кездескендерін түзетудің қажеті жоқ екен.
Жалғыз  бұл  екі  мысал  емес,  қазақ  прозасының  алғашқы  үлгілері 
мен  ауыз  əдебиеті  мұраларының  қара  сөзбен  берілген  үзіктеріне 
текстологиялық  бақылау  жүргізсек,  бұларда  осы  күнгі  прозамыз-
да  баратын,  келетін  түрінде  ықшамдалып  айтылатын  есімшелер 
баратұғын,  келетұғын  түрінде,  сондай-ақ  осы  күнгі  проза  тілінде 
мен, да болып қолданылатын форманттар менен, дағы түрінде көбірек 
кездеседі.  Тұғын,  менен,  дағы  тұлғалары  қазіргі  ауызекі  сөйлеу  тілі -
мізге  тəн.  Демек,  əдеби  тіліміз  қазіргі  жинақты,  ықшам  нормаларға 
бірден келген жоқ екен. Сондықтан да ауыз əдебиеті тілі былай тұр-
сын,  жазба  əдеби  тілдің  іргетасын  қалаушылардың  бірі – Абайдың 
прозасында  тұғын,  менен,  дағы  тұлғаларының  орын  алуы – таңыр-
қарлық  жай  емес.  Жаңа  қалыптаса  бастаған  проза  жанрларының 
тілінде ауызекі сөйлеу нормаларының көрінуі сол жазба əдеби тілдің 
өзі  нəр  алған  қайнар  көзімен  тамырласып  жататындығын  таныта-
ды.  Осы  себепті  қазіргі  бірқыдыру  тұрпайылау,  əдеби  емес  болып 
көрінетін мұндай тұлғалар өткендегі əдеби мұралардың тілінде кезде-
се қалса, оларды əдеби нормаға келтіріп редакциялаудың қажеті жəне 
жоқ. Бірақ, өкінішке қарай, мұндай редакциялар əсіресе ауыз əдебиеті 
нұсқаларының соңғы басылуларында өте-мөте көзге түседі.
Осы  «түзету,  редакциялау,  қазіргі  нормаға  келтіру»  дегендерді 
сөз  еткенде,  екінші  бір  мəселенің  шеті  көрінеді.  Ол – орфограмма-
лар, яғни сөздердің жазылу мəселесі. Өткенде баспа бетін көре қалған 
əдеби нұсқаларымыз, өздеріңізге аян, арабша жазумен шықты. Өткен 
ғасырда, сондай-ақ үстіміздегі ғасырдың бас кезінде араб транскрип-
циясымен  шыққан  қазақша  кітап,  газет,  журналдарды  оқи  қалсаңыз, 
олардағы атлар, балаларны, йігіт, яки, һəм, һəр, ғарыз, мехкеме деп 
жазылған  сөздерден  көзіңіз  тұнады.  Тіпті  қазақтың  жалпақ  тілімен 
жырланатын эпостық поэмалардың өзінде: 
Сөйле десек бізлерге.
Не сөйлейін сізлерге, 
Немесе: 
Он сегізде яшы бар, 
Ялғыз туған басы бар («Қамбар», Қазан, 1888).
Алқисса, күнлерде бір күн Байбөрі малларын аралап жүріп, менің 
ұғлым болса, осы малның қызығын көрер еді («Кисса Алпамыш», 1901) 
деп жазылғандарды оқимыз.
Ал  осы  жайдың  алдыңғы  айтылғандарға  қатысы  қаншалықты? 
Бұлар түзетілуі керек пе, жоқ па? Біздіңше, бұл екі мəселені екі бөлек 
қарау керек. Ауыз əдебиеті үлгілерінің тілінде болсын, ілгерілі-кейінді 


51
Тіл-ғұмыр
өткен  ақын-жазушыларымыздың  шығармаларында  болсын,  қазіргі 
оғаштау  көрінетін  кейбір  грамматикалық  тəсілдер  орын  алған  болса, 
олар – тілімізде  бұрыннан  өмір  сүріп  келген  немесе  белгілі  бір  ке -
зеңде  өнімді  қызмет  атқарған  тұлғалар.  Қысқасы,  олар  тіліміздің  əр 
қабаттағы,  əр  кезеңдегі  күй-қалпын  танытады.  Ал  соңғы  орфограм-
ма жайы болса, ол – қазақ тілінің өз заңдылығынан туған нəрсе емес. 
Оны тудырған – бірнеше сыртқы факторлар. Бұл жерде, ең алдымен, 
кітаби  тіл  деп  аталатынның  əсерін  айқын  сеземіз.  Мұны  кітаби 
тілдің  ортақ  орфографиясы  деп  атауға  болар  еді.  Екіншіден,  бұл 
мəселеге сол тұстағы татар əдеби тілінің əсерін де қатыстыруға бола-
тындай.  Үшіншіден,  сол  кездегі  қазақша  кітаптардың  Қазан,  Уфа, 
Орынбор  сияқты  татардың  мəдени  орталықтарында  басылуларының 
қатысын  да  жоққа  шығара  алмасақ  керек.  Қазақ  сөздерінің  бізлəр, 
сізлəр,  яш,  ялғыз  болып  жазылуын  біз  шартты  түрде  «сөздің  ша-
ғатайша-татарша  таңбалануы»  дер  едік.  Қысқасы,  қайткен  күнде 
де  қазақ  сөздерінің  шағатайша-татарша  орфограммасы  қазақтың 
жалпыхалықтық  тілінің,  соның  негізінде  жасалған  жазба  əдеби 
тілінің  тарихи  заңдылықтарынан  туған  фактор  болмағандықтан,  оны 
бұлжытпай  сақтап,  сол  күйінде  ұсынудың  акедемиялық  басылулар-
да болмаса, көпшілікке арналған басылуларда қажеті жоқ. Міне, осы 
екі  мəселені  шатастырмай,  ара-жігін  ашып  алсақ,  ат,  аттар  деп 
түзетудің жетегінде баратұғын-ды баратын деп, азық етерге-ні азық 
етуге деген түзетулер кетіп қалмас еді.
Қорыта  келгенде  айтарымыз:  қазіргі  əдеби  тіліміздің  іргетасы 
қаланып,  шын  мəнісінде  қалыптасу  тарихы  араларға  ғасырлар  емес, 
ондаған жылдарды ғана салып отырғандықтан, сол тарихты зерттеуде 
біз  əрбір  фактіні  мүлт  еткізбей  қағып  алып,  айнала  талдауға  тиіспіз. 
Тіліміздің  тарихи  грамматикасын  зерттеуде  халқымыздың  ғасырлар 
бойы  келе  жатқан  небір  асыл  қазынасы – ауыз  əдебиеті  мұралары -
ның  тілі,  оның  ерекшеліктері  қандай  қымбат  болса,  өткенде  жасап 
өткен  əртүрлі  археологиялық  бағыттағы  ірілі-ұсақты  ақын-жыршы-
лардың,  сондай-ақ  тұңғыш  баспасөз  үлгілерінің  тілі,  ондағы  ерек-
шеліктер  сондағы  бағалы  материалдар  болмақ.  Сондықтан  «бүгінгі 
күні,  яғни  өткендегі  мұралардың  қажеттісін  сұрыптап  алу,  пайда-
лану,  оларды  көпшілікке  жеткізу  сияқты  əрі  игілікті,  əрі  жауапты 
іске  кіріскелі  тұрғанымызда  сол  материалдарды  баспаға  дайындау 
үстінде олардағы грамматикалық əрбір тұлғаға мұқият қарап, олардың 
ішінде бейтаныстау көрінгенін бас салып түзете беруден сақ болу ке-
рек»  дегенді  əсіресе  əдебиетші  жолдастарға  баса  айтқымыз  келеді. 
«Публикацияға  енді  ұшырайтын  мұраларды  дайындау  процесінде 
ғана емес, Абай, Ыбырай, Махамбет немесе XX ғасыр ақын-жазушы-


52
Рəбиға Сыздық
лары  сияқты  бұрыннан  сан  рет  басылып  келе  жатқан  қазыналардың 
əрі  қарай  басылуларын  дайындауда  да,  біз  қозғап  отырған  осы  жай 
қатты еске алынуы қажет» дегенді айтуға мəжбүрміз. Тегі, текстоло -
гия  мəселесіне  назар  аудару  үстінде  осы  трибунаны  пайдаланып, 
көкейде жүрген тағы бір ойымызды айтып қалуға тура келеді: ілгері-
кейінді  өткен  ұлылы-кішілі  сөз  шеберлеріміздің  əдеби  мұраларының 
канондық  текстерін  дайындау  мəселесін  сөз  ететін  күн  туғандай, 
қала  берді,  Абай,  Ыбырай  сияқты  алыптарымыздың  академиялық 
кітаптарын бастыруды ойлануға да мезгіл жеткен тəрізді.
Əдеби мұра жəне оны зерттеу.
 Алматы: Ғылым, 1961. – 164-168-б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет