Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет71/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   170
Тіл-ғұмыр
ол орыс мектептеріне арналған қазақ тілі оқулықтарын (5-7 кл., 1952, 
8-10  кл., 1953) жазды,  үлкендерді  сауаттандырудың  бағдарламала-
рын (1958, 1960, 1963), ересектерге  арналған  «Əліппе» (1953, 1963) 
құрастырды,  мектеп  оқушылары  үшін  қазақ  тілінің  орфографиялық 
сөздігін  жəне  жазу  емле-ережелерінің  анықтағыш  кітабын  əзірледі. 
Бұл  соңғы  еңбек  баспасөз  тілінің  мəдениетін  көтеруге  де  үлкен  сеп-
тігін тигізді...
Рəбиға  Сыздықовамен  үшінші  рет  мен 1957 жылдың  жазында 
Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  ол  кездері  бөлінбеген,  яғни 
біртұтас  Тіл  жəне  əдебиет  институтының  қабырғасында  кездестім. 
Біз сол жылы кіші ғылыми қызметкер болып жұмысқа қабылдандық. 
Рəбиға  институтқа  келе  сала  қауырт  істерге  араласып  кетті.  Үлкен 
орфорграфиялық  сөздікті  жасасты,  жазу  емлелерінің  жаңа  (өзгертіл-
ген) ережелерін бекіттіруге атсалысты, əрі өзі көптен зерттеп жүрген 
«Абай  шығармаларының  тілі»  жайлы  кітаптар,  мақалалар  жазды. 
Оның  осы  тақырыптағы  алғашқы  кітабы 1958 жылы  жарық  көрсе, 
«Абай  өлеңдерінің  синтаксистік  құрылымы»  деген  екінші  кітабы 
«Ғылым» баспасынан 1971 жылы басылып шықты. Сол еңбектерінің 
негізінде ол 1959 жылы кандидаттық, 1971 жылы докторлық диссер-
тациялар қорғады. Рəбиғаның бұл зерттеулері қазақ филологиясының 
абайтану  саласына  қосылған  қомақты  үлес  болып  қана  қойған  жоқ, 
ол  сонымен  бірге  филология  семьясында  қанаттанып  келе  жатқан 
жаңа пəн – лингвистикалық поэтиканың іргетасы болып та қаланды. 
Қазақтың ғалым қызы Рəбиғаның осыншалықты зор ғылыми ізденіс-
терін  республикамыздың  ғалымдар  жұртшылығы  аса  жоғары  баға -
лап,  оны 1979 жылы  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  корреспон-
дент-мүшелігіне  сайлады.  Бұның  өзі  тек  істелген  істердің  өтеуіне 
ғана  емес,  болашақта  орындалатын  маңызды  ғылыми  жұмыстарға 
деген үлкен сенім де болатын.
Шынтуайттап  келгенде,  Рəбиға  Сəтіғалиқызы  тек  атақ,  дəреже 
үшін еңбектенетін адам емес. Оның ең алдымен көздейтіні тіліміздің 
тарихына,  мəдениетіне  қатысты  терең  сырларды  ашу.  Сондықтан  да 
ол  бірде  Хожа  Ахмед  Ясауидің  философиялық  толғауларының  тілін 
зерттесе,  енді  бірде  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  немесе  Қадырғали 
Жалаири  жазбаларының  стилін  барлап  қайтады,  қазіргі  жас  қалам-
герлердің сөз саптау машығын көз ұшынан қалт жібермей отырып, тіл 
мəдениетін жетілдіре түсуге күш салады. Ол қазір қазақ əдеби тілінің 
тарихын  талмай  зерттеп  жүрген  алымды  ғұламалардың  бірі.  Бұл 
салада  оның  ортаға  салар  тың  пікірлері  де  молшылық.  Шынайы 
оқымысты  қандай  беделді  жандармен  де  именбей  ғылымдағы  шын-
дық, əділет үшін ашық, қаймығусыз айтыса алады.


158
Рəбиға Сыздық
Рəбиға  Сыздықованың  қоғам  игілігі  үшін  атқарып  жүрген  аса  бір 
сүбелі жұмыстары – ғылым-білімді көпшілікке насихаттау. Бұл ретте 
оның  профессор  Құдайберген  Жұбановтың  творчестволық  өмірбая -
нын  түсіндіретін  мақалалар  сериясы  мен  «Ғалым-азамат»  атты 
кітабын, «Қазақ əдебиеті» газетінің жүлдесін алған «Сөздер сөйлейді» 
(1980) жəне «Сөз сазы» (1983) атты ғылыми-публицистикалық моно-
графияларын атап өтуге болады.
Кейінгі  жылдарда  Рəбиға  тағы  да  бір  күрделі  зерттеуін  аяқтап, 
кітап  етіп  шығарды.  Ол  «Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы»  деп  атала-
ды. Ғалым Рəбиға бұл еңбегінде көне тарихты көзбен шола отырып, 
қазақ  тілінің  қаймағы  бұзылмаған  небір  мəнерлі  сөзқолданыстарын 
талдайды,  тарихтайды.  Ал  ұлы  Абайдың  туғанына 150 жыл  толуы 
құрметіне 1995 жылы  жарық  көрген  «Абай»  атты  энциклопедияны 
шығаруға қосқан қомақты үлесі үшін Рəбиға Сыздықоваға Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Міне,  енді 75 жас  мүшелтойын  атап  отырған,  омырауына  «Құр-
мет  белгісі», «Парасат»  ордендерін  тағынған,  əлденеше  рет  Респуб -
лика  Жоғарғы  Советінің,  тағы  басқа  ресми  орындардың  сыйлықта-
рымен,  Құрмет  грамоталарымен  наградталған,  есімі  Қазақстан 
Республикасының  құрметті  «Алтын  кітабына»  жазылған,  қазақ  қыз-
дарының ішінен тұңғыш рет тілші-ғалым ретінде Республика Ғылым 
академиясының құрамына корреспондент-мүше болып сайланған ар-
дақты  апамыздың  азаматтық  əрі  ғылыми-творчестволық  түр-келбеті 
осындай.
 «Ақтөбе» газеті, 1999, 17 тамыз, №207.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет