Е. Жұбанов,
Қ. Өмірəлиев
СӨЗ ҚҰПИЯСЫНЫҢ СЫРЫ
Тіршілік қажеті үшін халықтар материалдық жəне рухани игілік-
терді қатар дамытып келеді. Ал халық тұрмысының өзгеруіне бай-
ланысты материалдық игіліктер де ауысып отырады. Сондықтан бір
195
Тіл-ғұмыр
дəуірде жасалған, тұтынуда болған заттар ұрпақтардың өсіп-өнуіне,
тіршілік-тынысына сəйкес тарихқа, көнеге айналып отырады.
Бірақ тарихтан тарихқа үнемі ауысып отыратын бір нəрсе бар: ол –
халық жасаған тіл мəдениеті.
Жеке ұрпақтардың бірін-бірі ауыстыруынан бұрынғының бəрі –
тарих. Ал тіл мəдениеті осындай ұрпақтар ауысуларының бірнеше-
уінен өтіп барып, бүгінгі күнге жетті. Бұл тіл бірін-бірі ауыстырған
барлық ұрпақтардың тұрмыс-салтын, ой-санасын, жан дүниесін түгел
өзінде сақтап, күллі тарихты сөз түрінде бүгінгі ұрпағына жеткізді.
Сондықтан əр халықтың тілі мен сөз мəдениеті – сол халықтың өзі,
өз тарихы, өз тарихының айнасы. Əрине, сөз де өледі. Ал оның əр
кезде жалпы халықтық тұтынуда болуы – тірілігі. Бұл тұста оларға
жаңа мағына жүктеп, жаңа сөз орамы ішіне енгізіп, кейінгі буынның
түсінік-танымына лайықты орында пайдаланып, өздеріне қызмет бе-
ріп көтермелеу арқылы жаңа қатарға қосып отыру – əр дəуірдегі сөз
зергерлерінің ісі. Ал осы орайда жеке сөздердің көлеңкелене, көле-
гейлене бастаған байырғы мағыналарының көзін аршып, бүгінгі
буынға танытып отыру, жоқшы болу – тіл мамандарының абыройлы,
ардақты міндеті.
Біз тіл зерттеушілері тарапынан жасалған осындай игілікті, нəти-
желі істі «Мектеп» баспасынан жақында шыққан Р.Сыздықованың
«Сөздер сөйлейді» деген кітабынан көріп отырмыз.
Филология ғылымдарының докторы Рəбиға Сыздықова – халық-
тың сөз мұрасына зор сүйіспеншілікпен қарайтын білімдар ғалым.
Автор жаңа еңбегінде де осы қырынан танылған. Өйткені мұнда
туған əдебиетіміздің өткені мен бүгінгі мəселелері түгел жəне жетік
баяндалған.
Тіліміздегі жеке сөздерді этимологиялық таза ғылыми тұрғыдан
келіп ашу бар да, ол сөздердің мағынасын көпшілік оқырманға
лайықтап түсіндіру, яғни өмір тəжірибесінің талап тұрғысынан тал-
дау бар. Кітапта осы екі ерекшелік шебер ұштастырылғанымен,
соңғы сипатқа ерекше назар аударылған. Бұл автордың «нені, қай тұр-
ғыдан, кімге айтып беру керек» деген талабынан туған ерекшелік.
Мектепте оқушыларға қазақ тілі оқулықтары көлемінде білім
беру – əлі толық күйінде ана тілін таныту емес, ол – ана тілінің жүйе-
сін программалық, ережелік, анықтамалық сипатта үйрету. Оқушыға
тілді, оның қыр-сырын оңай ұғындыратын, көркемдеп жеткізіп
отыратын қосымша кітаптар, солар арқылы көркемсөз үлгілерін қару
еткен мұғалімдердің тынымсыз еңбегі.
Тілді үйрету формаларды, категорияларды үйрету арқылы емес,
оны таныту, оның құдіретіне басқаларды қанықтыру, сөздің көлеңке
196
Рəбиға Сыздық
мағыналарының сырларын, сөз үлгілерінің көркем айшықтары та-
сасында тұрған контекстік мəнін, яғни «тіл астындағы тілді» үнемі,
үздіксіз, жүйелі түсіндіріп отыру арқылы ғана жүзеге асырылады.
«Сөздер сөйлейді» – осы зəрудің өтеуі. Абайдың: «Көлеңкесі тү -
седі көкейіңе» дегеніндей, автор бұл кітабында оқығанда көңілге
көлеңкесін түсіретін, бұлдыр, сағымданып тұратын сөздердің мағы-
наларын ашуға талаптанған.
Ғалым жаңа еңбегінде мақал-мəтелдерде, батырлар жыры мен ли-
ро-эпостарда, ХV–XIX ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың
өлең-толғауларында, яғни мектеп программасында бар əдеби үлгі -
лерде кездесетін, түсініктемесі берілуі керек сөздердің көбіне тоқ-
талған. Жəне оқушыларға, əсіресе мектеп мұғалімдеріне əдеби
текспен жұмыс істеудің, ондағы түсінуге қиын сөздермен, сөз тіркес-
термен, контекспен жұмыс істеудің ыңғайлы үлгілерін берген. Яғни
сөздерді сөйлету əдісі – əлі жүйелі жолға түспеген, сөз танытуда
олқы жатқан оқыту əдістерін толықтыруға септігін тигізген. Бұл ең-
бектің педагогикалық жəне методикалық құнын арттырған.
Автордың жеке сөзді, оның мағынасын методикалық-лингвисти-
калық талдаулар арқылы текстіні толық түсіндіруі де жақсы шешім
екендігін атаған орынды. Өйткені, шындап келгенде, жұмыстың жа-
зылуына да осындай жайлардың əсер еткені анық байқалады.
Зерттеуде жүзден аса сөздің мағынасы ашылған. Олар нақтылы
текстер мен сөз тіркестері арқылы талданған. Керекті жерінде көне
жазба ескерткіштеріміздің материалдары, бұрын-соңды шыққан бе-
делді сөздіктер дерегі қоса қамтылған. Бұлардың сыртында жеке
автордың сол сөз туралы айтқан пікірлері де келтірілген. Мысалы:
Сан шерулі қол болса,
Батырлар болар ағасы, –
деген Махамбет ақынның сөзін V класс оқушысынан бастап фило -
лог-студентке дейінгі аралықта кімдер оқымады?! Көп жылдар бо -
йында осы жолдарға көз тоқтатып, көңіл аударған ешкім болған
жоқ: оқытыла салынады, оқи салынады. Күнде өздері бірнеше рет
қолданатын аға сөзін күңгірт ойға оралтады да, нобайлап ұғынады.
Ал автор аға сөзі Махамбет пен өзге ақын-жыраулардың өлеңдерін-
де мұның əскери басшы, əскери атақ, дəреже, құрметті атақ деген
ұғым беретін термин сөз екенін дəлелдейді, оның мəні мен мағына-
сын ашады. Сондықтан жақсы еңбектің жұртшылықтың жүрегіне
жол табатындығына біздің де сеніміміз мол.
«Қазақстан мұғалімі» газеті, 1980, 5 декабрь.
197
Тіл-ғұмыр
Достарыңызбен бөлісу: |