Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет86/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   170
Рəбиға Сыздық
оқиғаны  өзінше  талдап,  баға  беруге,  тиісті  қорытынды  шығаруға 
жетелейді.
Сөйтіп,  Абай  өмір  сүріп,  дүние  құбылыстарын  өз  шығармала -
рына  арқау  ете  бастаған  кезең  қазақ  қауымының  əлеуметтік-эконо-
микалық, саяси жəне мəдени өміріне түбегейлі өзгерістер кіре баста -
ған кезі еді. Атап айтқанда, Ресей патшасы қазақ даласын өзінің түп-
кілікті  отарына  айналдырудың  барлық  саясатын  табанды  түрде  жүр -
гізіп  жатқан  шақ  болатын.  Ең  алдымен,  қазақтардың  мемлекеттік 
құралымын  жойып,  хандық  үкіметті  құлатты.  Жаңа  əкімшілік  құ-
рылыстың  басшысы,  Батыс  Сібір  губернаторы  Сперанский  Сібір 
қазақтары  үшін 1822 жылы  əзірлеген  «Сібір  қазақтары  туралы  жар-
ғы»  жүзеге  асырылды.  Бұл  «жарғыға»  сəйкес  қазақ  жері  округтерге, 
болыстар мен ауылдарға бөлінді. Округтерді сайланып қойылған аға 
сұлтандар басқаратын болды. Бұрынғы ел қорғаны болған батырлар-
дың  бағасы  төмендеп,  билер  институты  мемлекеттік  сот  жүйесімен 
алмастырыла бастады. Əрине, бұл ыдырау аз күннің ішінде орындала 
салған  жоқ.  Қоғамдық  құрылыс  өзгеріп,  халық  ескіден  арыла  алмай, 
жаңаға көндіге алмай жатқан аласапыран шақта Абай дүниеге келді.
1868  жылы  «Орынбор  жəне  Батыс  Сібір  генерал-губернаторлық-
тарының  дала  аймақтарын  басқарудың  уақытша  ережесі»  қабыл -
данды.  Енді  қазақ  даласы  үш  генерал-губернаторлыққа  (Түркістан, 
Орынбор  жəне  Батыс  Сібір)  бөлшектеліп,  барлық  əскери,  азаматтық 
билік  орыс  заңы  негізінде  жүргізілетін  болды.  Өйткені  жоғарыда 
аталған екі заң негізінде қазақ жеріне орыс шаруалары қаптап келіп, 
жапырлай  жайғасып  алған,  жанталаса  орнығып  жатқан  болатын. 
Осыған  орай  жергілікті  халықты  олардың  бəріне  ортақ  орыс  заңына 
бағындыру саясаты жүргізілді. Ал генерал-губернаторлықтар бірнеше 
облысқа,  облыстар  үйездерге,  үйездер  облыстар  мен  ауылдарға  бө -
лінді. Мысалы, Батыс Сібір губернаторлығына қарайтын, Абай туып, 
азамат болып өсіп келе жатқан Семей облысы Семей, Көкпекті, Зай-
сан,  Баянауыл,  Қарқаралы  жəне  Өскемен  үйездеріне  бөлшектелді. 
Осы  бөлік,  басқару  принциптеріне  байланысты  (жер  дауы,  жесір 
дауы,  болыс  сайлауы...)  жергілікті  адамдарда  жаңа  психология  қа-
лыптаса  бастайды.  Қазақ  елін  келімсектер  билеген  саяси-экономи-
калық,  психологиялық  бұл  өтпелі  кезеңде  Абай  жасы  жиырмадан 
асып,  отызға  қарай  аяқ  басқан  азамат  екен.  Кейін,  жасы  қырықтан 
асқанда  ол  өзінің  өлмес  өлеңдеріне  сол  заманның  жақсылы-жаман -
ды осы оқиғаларын өзек етеді.
Осыдан кейін елін, жерін, бір жағынан, орыс əкімдері тонап, екінші 
жағынан,  жергілікті  шонжарлар  қанаған  «қалың  елі,  қазағы,  қайран 
жұртының» ортасында Абай қалай өмір сүрді екен деген сұрақ туса, 


189
Тіл-ғұмыр
оған  академик  Зейнолла  Қабдоловтың  «Абай  жолы»  деген  мақаласы 
жеткілікті  жауап  береді.  Бұл  мақала  қазақ  халқының  ұлы  жазушысы 
Мұхтар  Əуезовтің  дүниежүзі  халықтарының 116 тіліне  аударылған 
атақты  «Абай  жолы»  роман-эпопеясына  арналған.  Соның  қысқаша 
мазмұнын айтады, қадір-қасиетін баяндайды. Оқыған адамның жанын 
жадыратып, ардақты Абайға, ол туралы жазылған осы атақты кітапқа 
деген сүйіспеншілігін одан сайын арттыра түседі.
«Абай жолы» эпопеясын əлі күнге дейін оқыған аз, оқымаған көп 
деп ойлаймын. Əсіресе, қазақ оқырмандарының шетінен оқи алмаға-
ны аян. Оның бір себебі, орысшасының тиражы өте көп болғанымен, 
қазақша  таралымы  шектеулі  болды:  анда-санда  бір  шығарылды,  аз 
тиражбен  таратылды.  Екінші  себебін  қазекеңнің  бойкүйездігінен 
көремін.  Бұл  мақаласында  автор  негізінен  эпопеядағы  ең  басты  екі 
кейіпкерге  толығырақ  тоқтайды.  Желінің  қос  қазығындай  ол  қос 
кейіпкер Абай мен оның əкесі Құнанбай. Осы екеуінің іс-əрекеті ар-
қылы  роман-эпопеяның  бүкіл  мазмұны  ашылады.  Одан  кейін,  ол 
екеуіне  халық  бұқарасы  өкілдерінің  бірегей  бейнелері  Дəркембай 
мен  Базаралы  жалғасады.  Үшінші  сала  сөздің  арқауы  романдағы 
жас-кəрі  жүзге  тарта  əйелдердің  іс-əрекеті.  Олардың  ең  бастыла-
ры  Зере,  Ұлжан,  Тоғжан,  Əйгерім  болса,  осылардың  əрқайсысының 
жеке-жеке тұлға-түрінің шығармада суреттелуі сөз болады.
Мақала авторының төртінші толғап айтатыны – бүкіл əлемді «жа-
улап  алған»  қазақ  романының  ғажайып  тілі  туралы. «Абай  жолы» 
қазақ қауымының жарты ғасырлық жанды тарихы: дала жыры, халық 
мұңы,  дананың  сыры  ғой,  шіркін!  Əрине,  сіз  оны  оқыған  боларсыз 
бұрын.  Бəлкім,  екінші  рет  бастауыңыз  да  мүмкін.  Бірақ  неше  рет 
оқып, қанша тамсансақ та, сол тамаша тілдің Абай тілімен төркіндес 
екенін  аңғардық  па,  сірə?  Сөйтсек  ол  екеуі  де  (ақын  да,  жазушы  да) 
Шығыстың  көркемсөз  өнерінде  кеңінен  тараған  илтизом,  таносуб, 
иштиқоқ  тəсілдерімен  жазылған  екен-ау.  Осының  əрқайсысының 
айқын  мысалдарын  атақты  ғалым  Е.Жанпейісовтың  осы  эпопеяның 
(«Абай  жолының»)  тілі  туралы  жазған  мақаласынан (43-45 беттер) 
аңғарасыз.  Аңғарасыз  да,  өзіңіз  əлде  бір  жаңалық  ашқандай  шатта -
насыз.  Абай  мен  Əуезовтің  орыс  сөздерін  төл  тілге  кіріктіру  құ-
былыстарын  да  осы  мақаладан  табасыз.  Табасыз  да,  осы  күнгі  орыс 
сөзінен  жаппай  үркудің  орынсыз  екенін  аңғарасыз.  Өйткені  сіз  бұл 
тіл  маманының 1976 жылы  шыққан  «М.Əуезовтің  «Абай  жолы» 
эпопеясының  тілі»  деген  құнды  кітабын  бұрын  оқыған  боларсыз. 
Осыдан кейін ол кітапты оқуға жəне ықыластанасыз.
Абай  өлеңдерінің  тіліне  тəнті  болып,  оның  əрбір  сөзіне  сүйсін-
геніңізбен, сол тамаша тілді зерттеп, зерделі баға бергендердің кімдер 


190


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет