Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет94/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   170
Ə. Нұрмағамбетов
филология ғылымдарының докторы
ЕЛЕУЛІ ЕКІ ЕҢБЕК
Қазақ  тіл  ғылымының  қазіргі  көрнекті  өкілдерінің  бірі – Рəбиға 
Сыздықова.  Атақты  ғалымның  əр  ғылыми  зерттеуі  ұлттық  тіл  ғы-
лымының  жаңа  бір  қалың  қабаттарын  қопарып  сөйлегендей  əсерге 
бөлейді.  Соңғы  бірер  жыл  ішінде  оның  «Қазақ  əдеби  тілінің 
тарихы (XV–XIX ғасырлар)», «Сөздер  сөйлейді»  атты  кітаптары  жа -
рық көрді.


205
Тіл-ғұмыр
Тіл  біліміне  тəн  басты-басты  қағидалар  мен  ұғымдар  дүниедегі 
тілдердің  көпшілігіне  ортақ  екендігі,  олардың  көптен  сөз  болып 
келе  жатқандығы  мəлім.  Сондықтан  да  Р.Сыздықова,  ең  алдымен, 
қазақ  тіл  білімінің  қол  жеткен  табыстарын  назардан  тыс  қалдырмай, 
негізгі  қорытындыларын  көрсете  отырып,  бұл  ретте  де  өзінің  тың 
тұжырымдарын ұсынған.
«Ана  тілі»  баспасынан 1993 жылдың  соңында  жарық  көріп,  қо-
лымызға  өткен  жылы  тиген  «Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы (XV–
XIX  ғасырлар)»  атты  монография – 1984 жылы  университеттер  мен 
пединституттардың  филология  факультеттеріне  арналған  оқулық 
ретінде  ұсынылған  еңбектің  толықтырылып,  өңделіп,  көлемі  ұлға -
йып,  екінші  рет  басылуы.  Алғашқы  басылымына  кезінде  баспасөз 
беттерінде  жақсы  пікірлер  айтылып,  оқырман  жұртшылық,  əсіресе 
жоғары  оқу  орындарының  мұғалімдері  мен  студенттері  қуана  қа-
былдаған еді.
Кітап  «Кіріспе  тарауды»  қоспағанда,  негізі  жеті  тараудан  тұрады. 
Бұл  жағынан  алғанда  монография  көп  толықтырылған. «Кіріспе  та-
рауда»  əдеби  тілдің  статусы  туралы  əр  кезде  айтылған  пікірлерді 
көрсете  отырып,  Сыздықова  өзінің  ғылыми  анықтамасын  айқын  да 
анық  етіп  ұсынады.  Осы  тұста  ғалым  жалпы  тіл  біліміндегі  «əдеби 
тіл  теориясына»  өз  үлесін  қосады:  əр  халықтың  əлеуметтік-мəдени 
даму  тарихында  ерекшеліктер  болатынын  ескеріп,  өзгелерде  жоқ 
болса  да,  қазақ  халқында  «ауызша  дамыған  əдеби  тіл»  деген  болды 
дейді  де,  оның  ауыз  əдебиеті  (фольклор)  тілі  мен  қазақ  халқы  ерте-
де  пайдаланған  жазба  тіл  дəстүрінен  айырмашылықтары  мен  іліктес 
тұстарын  нақты  тілдік  нұсқалармен  дəлелдеп  көрсетеді.  Бұл  тарау -
дың екінші бабы қазақ əдеби тілінің даму барысын дəуірлеуге арнал-
ған.  Сөз  болып  отырған  монография  авторы  қазақ  əдеби  тілінің 
даму  тарихын  əуелі  екі  дəуірге  бөліп  қарастырады:  қазақ  халқының 
ұлттық  кезеңге  дейінгі  əдеби  тілі  жəне  ұлт  болып  қалыптасқан 
кезеңіндегі  əдеби  тілі.  Одан  əрі  əр  дəуірдің  өзін  бірнеше  кезеңге 
бөлшектеп, əр кезеңдегі əдебиет үлгілерін талдайды. Ұлттық кезеңге 
дейінгі  бірінші  дəуірде (XV ғасырдан XIX ғасырдың II жартысына 
дейінгі)  қазақ  əдеби  тілін  танытатын  үлгілер  деп  ауыз  əдебиеті  нұс-
қаларын, ауызша тараған авторлы əдебиетті, жазба үлгілерді атайды.
Сондай-ақ  осы  тарауда  халықтың  ауызекі  сөйлеу  тілі  қазақ  əдеби 
тілінің  негізі  есебінде  саналып,  оған  қазақ  халқын  құраған  ру-тай-
палардың XIII–ХІV  ғасырлардағы  сөйлеу  тілінің  ескерткіштері  бо -
лып  табылатын  «Кодекс  куманикус», «Тержуман  түрки  уа  араби», 
Абу Хайанның «Китаб ал-идрак ли-лисан ал атрак», «Китаб ат-тухбат 
аз-закия  фи-луғат  ат-туркия»  тəрізді  сөздіктерде  берілген  сөздерді 


206
Рəбиға Сыздық
мысал  ретінде  келтіреді  де,  автор: «...біздің  жыл  санау  дəуіріміздің 
басында  өмір  сүрген  үйсін,  қаңлы  сияқты  түркі  тайпалары  мен  тай-
палық  одақтардың  ауызекі  сөйлеу  тілі  қазақ  халқының  ауызша,  жаз-
ба  əдеби  тілдерінің  негізгі  көзі  деп  тануға  болады  деген  қағиданы 
қостайды.
Р.Сыздықова  əдеби  тіліміздің  қайнар  көздеріне  қазақтың  ауыз 
əдебиетінің,  Орхон-Енисей  ескерткіштерінің,  ортағасырлық  түркі 
жазба  ескерткіштерінің  тілдерін  жатқызады  да,  əрқайсысының  қазақ 
тіліне  қатысын,  жалғастығын  əңгімелейді.  Бұл  орайда  өзінің  соны 
пікірлерін  білдіреді.  Біз  мұны  да  өте  орынды,  дəлелді  ізденістер  деп 
танимыз.
Монография  авторы XV–XVIII ғасырлардағы  қазақ  қауымына 
қызмет  еткен  тілдік  үлгілерді  зерттеудегі  қиындықтарды,  ауызша 
əдеби  тілдің  лексикалық  қазынасын,  оның  қалыпқа  түсу  дəрежесін 
аша түседі. Сондай-ақ бұл үлгілердегі көне сөздерді, грамматикалық 
ерекшеліктерді,  сол  дəуірлердегі  қазақ  поэзиясының  стильдік-тілдік 
белгілерін  ажыратып  анықтайды.  Əр  ретте  зерттеушінің  тікелей  өз 
ойлары мен талдау-тұжырымдары көзге түседі. Еңбектің құндылығы 
да осында.
Енді бірер сөз: жақында ғана жарық көрген екінші кітабы – «Сөз-
дер  сөйлейді» («Санат»  баспасы)  жайында  болмақ.  Мұнда  қазақтың 
батырлар  жырлары  мен  лирикалық  эпостарында, XV–XIX ғасыр -
ларда  ғұмыр  сүрген  ақын-жырауларының  өлең-толғауларында, 
ежелгі заманнан келе жатқан мақал-мəтелдерде, көне замандарда қа-
лыптасқан  сөз  тіркестерінде  кездесетін,  бірақ  бүгінгі  күндерде  көп 
қолданылмайтын,  мағынасы  күңгірт,  кейде  мүлде  түсініксіз  сөздер 
талданады.  Автордың  алға  қойған  мақсаты – осы  тəрізді  сөздердің 
мағынасын  ашып,  түп-төркінін  анықтау.  Қазірде  де  жиі  қолданыла-
тын  кейбір  сөздердің  тіпті  ертеде  немесе  күні  кеше  басқаша  мағы -
нада жұмсалып келгендігін де осы кітаптан оқып біле аламыз.
Əдетте, сөз мағынасының құбылып отыруы – қоғам дамуына бай-
ланысты болып отыратын қай халықтың да тіліне тəн құбылыс. Мы-
салы, қазіргі орыс тіліндегі юмор сөзінің алғашқы мағынасы «сұйық, 
сұйықтық»  болғандығын  арнайы  зерттеу  жұмыстарынан  оқымасақ, 
білмеген де болар едік. Дəл сол сияқты бұл күнде мағынасы түсінікті 
көптеген  сөздердің  əуелгі  ұғымдарын  білмейтіндігімізді  жасыра 
алмаймыз.  Сондай  сөздердің  түпкі  мағынасын  анықтауға  проф. 
Р.Сыздықованың  осы  кітабы  көмектеседі.  Мысалы,  қазіргі  кезде 
барша  қазаққа  мəлім  алаш  сөзінің  əр  заманда  əрқилы  мағынада 
жұмсалғандығын  кітаптың 33-37-беттерін  оқығанда  ғана  білеміз. 
Бұрынғы  ақын-жыраулардың  өлең-толғауларында  бұл  күнде  біз 


207
Тіл-ғұмыр
мағынасын  тап  басып  біле  бермейтін  бірқатар  сөздер  бар.  Айталық, 
солардың бірі – симие сөзі. Оны «сөйлеткен» автор былай дейді: 
«XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  өткен  Шəңгерей  ақын  Аме -
рика  ғалымы  Эдисон  туралы  өлеңінде:  Пəндерден  кимие-симие  ғы-
лымы, көп сырлар ашты хикмет дүниеден», – дейді.
Мұндағы  симие  компонентін  ат-мат,  жігіт-мігіт  дегендердегі 
сияқты  қос  сөздердің  мəнсіз  сыңары  болар  деп  ойлаймыз.  Ал, 
шындығында,  кимие  дегені  «химия»,  симие – парсы  тілінде  «магия, 
көз  бояушылық,  керемет  іс»  деген  мағынаны  білдіретін  сөз.  Ол  ки-
мие (химия) сөзімен қатар айтылғанда «алхимия» ұғымын да береді. 
Демек,  Шəңгерей  Бөкеевтің  кимие-симие  деп  отырғаны  химиядан 
да, алхимиядан да, яғни барлық ғылымнан хабары бар ғалым» дегені.
«Сөздер  сөйлейді»  кітабында 270 шамасындағы  сөздің  тарихына 
талдау  жасалып,  алғашқы  мағыналары  мен  түп-төркіні  анықталған. 
Сонымен  қатар,  бұл  еңбектегі  талданған  сөздер  «Қазақ  тілінің  тари-
хи  лексикологиясы»  атты  курсқа  қажет  материалдар  екендігі  дау-
сыз.  Мұны  автордың  кітап  соңында  қысқаша  болса  да  ұсынылған 
«Тарихи  лексикология»  деген  тақырыбы  дəлелдей  түседі.  Бұл 
шағын  очеркте  тіл  тарихшысы,  этимолог  ретінде  Р.Сыздықова  тіл 
білімінің  диахрондық  лексикология,  тарихи  семасиология  деген  бө-
лімдерінен  мəлімет  береді  де,  өз  тұжырымын  ұсынады.  Мұны  да  біз 
ана  тіліміздің  тарихи  лексикологиясынан  жүйелі  түрде  ұсынылған 
тұңғыш жұмыс үлгісі дер едік.
Профессор  Рəбиға  Сыздықованың  бұл  екі  кітабы  қазақ  тіл  ғы -
лымына  қосылған  елеулі  үлес  екенін  қайта-қайта  айта  отыра,  ұлты-
мыздың  келешегі – жасөспірімдеріміздің  өз  тілінің  кешегісі  мен 
бүгінін  қаз-қатар  байыптауына  зор  көмегін  тигізетін,  көңіл  сүйсін-
діретін кітаптар екеніне өзіміз де иланып, өзгелерді де илантуды аза-
маттық парыз деп білдік.
«Егемен Қазақстан» газеті, 1995, 1 наурыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет