211
Тіл-ғұмыр
теуде қазақтың əдеби тілі, көркем əдебиет тілі, поэтика мен стилисти-
каға қатысты қазақ филологиясы алдында тұрған келелі мəселелер
үнемі аталып, зерттеудің бағдарлары да көрсетіліп отырады. Соның
бірі қазақ филологиясында əлі шындап қолға алынбаған жанр сти-
листикасы, нақты жағдайда проза стилистикасы. Бұл əдебиеттану
мықты дамыған елдерде де ерте басталғанмен, əлі күнге дейін
шешілмеген. Осы объектіге арналған іргелі, жүйелі, терең, жан-жақты
еңбектер аз.
Көркем əдебиеттің əдеби тілдің дамуына қосары мол. Бүгінгі
таңда да өзге қызмет (функционалды) стильдермен қатар əдеби тілдің
қалыптасып дамуына қазақ əдебиеті өлшеусіз үлес қосып келеді.
Көркем əдебиетте сөз құдіреті ерекше көрінеді. Р.Сыздық осы нұрлы
əлемнің практикадағы көрінісі мен теориялық қисындарына нақты
əдеби деректер арқылы талдаулар жасап, оның тарихи мен дамуы ту-
ралы батыл байлам, тұжырымдар айтады. Тұрақтанған, қалыптасқан
тəрізді көркем, əдеби нормалардың өзгеру, жаңару, толығу, өсу жол -
дарын əдеби деректер арқылы дəйектейді. «Халықтың рухани-эс-
тетикалық қажетін толығынан өтеп, ұлттық ұйымдастырушылық
қызметін атқарып отырған» көркем əдебиет тілінің əдеби тіліміздің
дамуына əсері жан-жақты тексеріледі.
Қорыта айтқанда, əдебиет пен тілді сүйер қауымның көкейінде
тұрса да, сөзбен айқындыққа көше қоймаған талай жұмбақтарына
бағдарлы жауап бере алатын ойлы зерттеу кітап дүниеге келген.
Еңбектің қазақ филологиясының дамуына қосар үлесі, қозғау салар,
түрткі болар қуаты орасан зор. Бүгінгі таңдағы қоғамдық гуманитар-
лық мəселелерге көз тігіп отырған барша оқырманға ой салары
даусыз деп білеміз.
«Егемен Қазақстан» газеті, 1998, 16 қазан.
Достарыңызбен бөлісу: