Ассимиляция— бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
Ассоциация — белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі.
Астыртын партиялар— заң бойынша тыйым салынып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізген партиялар. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етеді.
Бейсаясаттық—азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси емірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы. Мысалы, ол қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тартудан, сайлау немесе референдум кезінде дауыс беруге бармаудан және т.с.с. білінеді.
Бейтараптылық— 1) екі жақтың айтыс, талас, дау-жанжалдарына кіріспеушілік; 2) соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін алған мемлекеттің халықаралық құкықтық мәртебесі және сол бағытта жүргізілген саясаты. Ондай елдер бейбітшілік жағдайда әскери-саяси блоктарға кірмейді.
Билеуші партиялар—қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.
Билль — 1) АҚШ-та, Ұлыбританияда және т.б. елдерде парламенттің қарауына ұсынылған заң жобасы; 2) жеке зандардың аты. Мысалы, құкықтар туралы билль.
Билік — 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқык, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік және әкімшілік өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары.
Биліктің тармақталуы— демократиялык саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу. Оньң негізін салған ағылшын ойшылы Джон Локк (1632—1704), одан әрі дамытушы француз ғалымы Шарль Луи Монтескъе (1689—1753) болды. Биліктің бұлай тармақталуы елдің конституциясында бекітіледі. Ол азаматтардың құқықтарының орындалуына негізгі кепілдік бола алады. Егер биліктің бір тармағы озбырлық етсе, қандай адам болмасын оның екінші тармағына арыз бере алады. Ал билік бір қолда болса, оның үстінен шағым айту қиын болар еді.