Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


Альянс — ортак мақсатгарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы,бірлестігі.Әдетте,жағымсыз,келеңсіз мағынада пайдаланылады. Анархизм



бет37/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73
Байланысты:
lektsii po politologiya

Альянс — ортак мақсатгарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы,бірлестігі.Әдетте,жағымсыз,келеңсіз мағынада пайдаланылады.
Анархизм — жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен (құрама одақтармен) алмастырғылары келеді. Оның алғашқы идеялары Платонның енбектерінде кездеседі. Орта ғасырда утопистердің, жаңа дәуірде ұсақ буржуазия (У. Годвин, М. Штирнер, П. Прудон), орыс және халықаралық революциялық қозғалыстың идеологтарының (М. Бакунин, П. Кропоткин) ілімдерінде кең тараған. Казіргі кезде бұл ағымның саяси өмірде әсері шамалы.
Анархия - 1) мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді.
Аннексия — басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күшпен жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.
Антагонизм — мүдделері қарама-қарсы күштердің, қастаскан таптар, топтар, партиялар және т.б. аракатынасының шиеленіскен түрі.
Антисемитизм — еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі.
Апартеид — нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау кұқығынан айыру, бірдей еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп-қонуды шектеу және т.с.с. көрініс береді. Мысалы, бұл саясат 1980 жылдың аяғына дейін Оңтүстік Африка Республикасының қара нәсілді халқына жүргізілді.
Апатридтер — ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Олар қай елде тұрса, сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқыктары болмайды.
Аристократия — 1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдіктерге ие ақсүйектер тобы; 2) ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі. Мысалы, мүндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде болды.
Ассамблея — халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, Біріккен ¥лттар Ұйымының Бас Ассамблеясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет