Бипатридтер— бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі.
Бихевиоризм — жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. XX ғасырдың 20—30 жылдарында пайда болған. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп білуге болады дейді.
Блокада — өз дегендерін істету үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.
Бойкот — 1) өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара қатынастарды тоқтату; 2) сол мақсатта белгілі бір міндеттерді орындаудан бас тарту; 3) өкілетті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; 4) наразылық ретінде біреумен қарым-қатынасты үзу. Бұл сөздің шығуы Ч. К. Бойкат деген ағылшынның атына байланысты. 1880 жылы ол басқарған имениені жалға алған ирландықтар күрестің бұл түрін бірінші рет соған қарсы пайдаланған болатын.
Бонапартизм— 1) әскер мен бюрократиялық аппаратқа сүйенген диктаторлық тәртіптің түрі; 2) билік үшін талас кезінде әлеуметтік топтар арасында бұлтақтау саясатын жүргізу. Бүл термин 1799 жылы Францияда әскери диктатураны орнатқан Наполеон Бонапарттың есіміне байланысты туған.
Босқындар— қудалау, әскери іс-әрекеттің немесе ерекше жағдайларға байланысты тұрақты тұрған елін тастап кеткен адамдар.
Брифинг — үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамдардың ақпарат кұралдары өкілдерімен кездесуі.
Буржуазиялық-демократиялық партиялар— XIX ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынадай принциптерді басшылыкқа алады: коғамда билік үшін әркашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға (партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істеуі керек. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы және т.с.с.