Президенттік республика — конституция бойынша жоғарғы билікті президент жүргізетін республикалық басқарудың түрі. Әдетте, онда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы болып президент саналады . Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін . Егер президентті парламент немесе оның негізінде құралған коллегия сайласа, оны "парламенттік президент" дейді. Конституция бойынша оған белгілі бір құкықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер-министр немесе министрліктердің біреуінің қойылған қолы болуы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы, Үндістанда, Италияда, Германияда солай. Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президентгік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы, АҚШ, Франция және т.б. елдерде. Мұнда атқарушы билік тікелей парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындайды және өзі басқарады. Мұндай билік алғаш рет АҚШ-та орнады. Біздің Қазақстан Республикасында да президенттік билік болып саналады.
Прерогатива— белгілі бір мекеменің немесе лауазымды адамның жеке-дара құқығы. Мысалы, президенттің немесе парламенттің заң негізінде бекітілген құқықтары бар.
Пресс-конференция — белгілі бір мәселені баяндап, түсіндіру үшін мемлекет саяси және қоғам қайраткерлерінің баспасөз өкілдерімен кездесуі.
Престиж— қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес беделді, абыройлы орын, лауазымды адам, қоғамдық-саяси мекеме, әлеуметтік жағдай.
Приватизация — мемлекеттік байлықтық жеке меншікке беру.
Прогресс—алға қарай үдеп, дамуды білдіретін бағыт.
Пролонгация—белгілі бір саяси келісімшарттың мерзімін созу.
Промульгация — мемлекет шеңберінде жасалған жаңалық, өзгерісті жариялау.
Протекторат— күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетті формальды түрде қамқорлыққа алуы. Көбіне мұндай жағдай әлсізді толық жаулап, жерін қосып алудың амалы болып шығады. Мысалы, XX ғасырдың бас кезінде Жапония Кореяны алдымен протекторат етті, кейін оны өзіне қосып алды.
Протекционизм— 1) ұлттық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғау үшін жүргізілген мемлекеттік саясат; 2) жақсы қызметтерге білімділігі, қабілеттілігі, іскерлігіне қарай емес, тамыр-таныстығы арқылы орналасу немесе билік басындағы адамдардың өздеріне керек істерге "қамқорлық" жасауы.