Регресс— кері шегінушілік, бірдеңенің дамуында туған құлдыраушылық, өзгерістің нашар жаққа бет алуы.
Резиденция — мемлекет немесе үкімет басшысының, ірі әкімшілік қызметті аткарушы адамның тұрақты тұратын орны. Онда жоғары деңгейдегі саяси кайраткерлер кездесіп, маңызды шешімдер қабылданады. Ол жазғы, қысқы, қаладағы, қаланың сыртындағы және т.с.с. болуы мүмкін.
Реидеологизация— ішкі және сыртқы саясатты жүргізгенде идеологиялық нұсқауларды, қазыналарды басшылыққа алу. Ол идеологиясыздануға қарсы теория ретінде Батыс елдерінде осы ғасырдың 70—80 жылдарында пайда болды.
Рейтинг — ұйымның, мекеменің, жеке адамның іс-әрекетін, қызметін бағалағанда оның қандай дәрежеде екендігін білдіретін сандық көрсеткіш. Ол сайлау, сұрақ-жауап және т.б. керсеткіштер негізінде жасалады.
Ренегат—бұрынғы пікірлерінен, көзқарасынан айнып, дұшпандар жағына шығып кеткен опасыз, азғын адам.
Репарация—соғысты бастап, бірақ жеңіліп қалған мемлекеттің жеңген мемлекетке толық немесе жарым-жартылай соғыс шығынын төлеуі.
Репатриация— соғыс кезінде тұтқындалған адамдардың, босқындардың, саяси және т.с.с. себептермен басқа жерге қоныс аударғандардың өз еліне қайта оралуы.
Репрессия — мемлекеттік құрылымдардың жазалау шарасы, қуғын-сүргінге ұшырату.
Ресми партиялар— қоғамдық-саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіліп, мемлекеттік тіркеуден өткен партиялар. Олар жүмысын ашық жүргізеді.
Республика — мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі. Азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болуы мүмкін. Алайда, билік органдары сайланбалы болып, азаматтардың формальды түрде болса да билік етуге құқығы болса, ондай мемлекет республикаға жатады. Республика президенттік, парламенттік, "аралас'г(президенттік және парламенттік белгілерді қамтитын) немесе теократиялық (Иран) болуы мүмкін.
Референдум—маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушылардың көңілін білдіруі. Мысалы, онда конституцияны немесе оған түзету кіргізу, мемлекеттік құрылыс немесе билік түрін өзгерту, ескі заңның күшін жою немесе жаңасын қабылдау, елдің халықаралық ұйымға кіру, мемлекетаралық келісімге қосылу және т.с.с. мәселелер қаралады. Бұл мәселелерді конституция не заң ережелеріне сәйкес парламент немесе үкімет басшысы қояды. Мысалы, біздің республикамызда 1995 жылғы 29 сәуірде президенттің өкілеттілігін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум болды.
Реформа — қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік жүйесіне, саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер енгізу. Ол қоғамның, саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін.