Риксдаг— екі палатадан тұратын Швеция парламентінің аты.
Сайлау жүйесі — белгілі бір билік түрін, мемлекеттік өкілеттік, заң шығаратын, атқару, сот орындарын қалыптастыруға қатысуды қамтамасыз ететін ережелер мен әдістердің жиынтығы. Сайлау жүйесі мажоритарлық, пропорционалдық, азшылықтың өкілдігі болып үшке бөлінеді.
Сайлау құқығы— мемлекеттің өкілеттік органдарына азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары. Ол адам құқықтарының жалпы декларациясынан туындайды. Соған байланысты әр елдің конституциясы бойынша 18 жасқа толған әрбір азамат (заңмен шектелген жағдайлардан басқа) сайлауға қатыса алады.
Сайлау науқаны— өкімет баскару органдарына және т.б. сайлау сияқты арнайы қоғамдық-саяси мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған және жүргізіліп отырған науқан.
Сайлаушы — сайлауда, референдумда және т.с.с. бір үміткер үшін немесе басқа мәселе бойынша дауыс беруге құқығы бар адам.
Сайлаушылар партиясы— негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыруға (қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.т.) арналған партиялар. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялар.
Саммит—сыртқы саяси келісімдер жүргізіп, шешімдерге келу үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі.
Санкция — 1) жоғарғы сатыда тұрған мекеме, ұйым және т.с.с. төменгі сатыдағыларға бір мәселені жүзеге асыруға рұқсат етіп, бекітуі; 2) бейбіт өмірді немесе ресми келісімді бұзған мемлекетке қарсы халықаралық ұйымның қолданған шарасы. Мысалы, БҰҰ жарғысында халықаралық шартты бұзған жаққа қарсы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша дипломатиялық, экономикалық, әскери жазалау шаралары қарастырылған.
Саясат - алғашында мемлекеттік және қоғамдык істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді: 1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің кызметі; 2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын анықтау; 3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді; 4) әдеттегі тілде — адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің сипаты; 5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Саясат-өнер— саясат өзін жүзеге асырушы партиялардан, топтар, мемлекеттік мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғарғы тәжірибелікті, асқан шеберлікті, халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Онда келісім де, қысым да, қулық та, алдап-арбау да кездесіп жатады. Саясатты өнерге теңеуі сондықтан. Дегенмен, басқарушы саясат адамгершілік өлшемдеріне сай келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.
Саясат-ғылым— біріншіден, саясат қоғамдык-саяси өмірдін маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлұмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму зандылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алады, ғылымға негізделеді, саяси жұмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.