Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет6/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
lektsii po politologiya

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Саясаттану дегеніміз не?
2.Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу қай кезеңнен басталған?
3.Қандай саяси ойшыл саясатты құдайшылдық (теологиялық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді?
4.XVI ғасырда өмір сүрген қандай ойшыл саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосты?
5.Капитализм уақытында саясаттану теорияларын негіздеген ғалымдар?
6.Саясаттануда әдіс деп нені айтады?
7.Салыстырмалы әдіс дегеніміз?
8.Жүйелеу әдісі дегеніміз?
9.Социологиялық әдіс дегеніміз?
10.Тарихи әдіс дегеніміз?
11. Бихевиористік әдіс?
12. Нормативтік әдіс?
13. Диалектикалық - материалистік әдіс?
14. Саясаттанудың атқаратын қызметтері?
15. Танымдық (гносеологиялық) қызметі?
16. Бағалау (аксеологиялық) қызметі?
17.Реттеушілік, басқару қызметтері, жетілдіру қызметі, болжау қызметі?
18. «Парадигма» ұғымы?
19. Саясаттану қандай қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста ?

Тақырып: Саяси билік .
Жоспар:
1.Биліктің анықтамасы, қызметтері мен жіктелуі.
2.Саяси биліктің легетимділігі.
3.Қазақстандағы билік түрі.
1.Саяси билік қоғамның әлеуметтік тұтастығын сақтау, үстемдік етуші әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделерін іске асыру, әлеуметтік құрылымның жұмыс жасауын қамтамасыз ету, қоғамда тепе-теңдік, өндіріс пен өнімді бөлу шамаластығын сақтау сияқты міндеттердің бірқатарын жүзеге асыру қабілетіне ие болуының арқасында ғана қоғамда өмір сүреді. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді.
Саяси билік – белгілі бір әлеуметтік субъектілердің – индивидтердің, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтардың мемлекеттік - құқықтық және де басқа құралдардың көмегімен өзінің еркі басқа әлеуметтік субъектілердің қызметін бағындыру жолындағы қабілетімен сипатталатын әлеуметтік қатынастардың формасы.
Мемлекеттік билік - бүкіл халық үшін міндетті заңдарды шығару құқығына бір өзі ие және заңдар мен жарлықтардың орындалу құралдарының бірі ретіндегі арнаулы күштеу аппаратына сүйенетін, саяси биліктің нысаны.
Саяси билік мынадай ерекше өзгешеліктермен сипатталады:
1.Үстемдік, саяси билік шешімдерінің бүкіл қоғам үшін және биліктің басқа да түрлеріне міндеттілігі, кез келген қоғамдық процестер ішіне ену қабілеттілігі.
2.Жалпылық, яғни көпшілік. Бұл саяси билік құқық негізінде бүкіл қоғам атынан әрекет ете алады.
3.Мемлекет көлемінде билік жүргізудің күші мен басқа да құралдарын қолдана алады.
4.Бір орталықтың, яғни шешімдердің қабылдауда жалпы мемлекеттік орталықтың болуы.
5.Билікті жеңіп алу, ұстап тұру және жүзеге асыру үшін қолданатын құралдардың, көздердің кең жиынтығы.
Саяси билік еркін демократиялық сайлаудың нәтижесінде де , әскери төңкеріс пен қанды төңкеріс нәтижесінде де қалыптаса алады. Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру(ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.
Жалпы алғанда, қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді:
1)Жоғарғы орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұғымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей;
2)Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтың облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т.б. мекемелер) кіретін орта деңгей;
3)Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін - өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.
Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағымның ойшылы Джон Локк (1632 – 1704) пен француз ғалымы Ш.Е. Монтескье (1639 – 1753) болды.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армиямен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкелдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор қызмет атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешемдерді жүзеге асырады.
Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент пен президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін аңықтайды. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәулсіз өз жұмысында тең заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық. Айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады. Біраз елдерде соттың тәуелсіздігін және әділдігін қамтамасыз ету үшін акт берген әділ сот құрылады мұндай жағдайда сот процесіне судьялар тәуелсіз, арнаулы уақыт берген азаматтардан тұратын қазылар алқасы қатысады. Олар айыпкердің кінәсі бойынша шешім қабылдайды. Соның негізінде судьялар үкім шығарады.
Билік санын көбейткісі келгендер төртінші билік деп ақпарат құралдарын атайды. Олардың қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алар орны зор. Әсіресе, сөз баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндегі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардық өзіндік санасының өсуіне, қоғамдық ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкілігішілігі ерекше. Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады мұнда сайлаушылардың еркі, талап тіліктерімен қатар кейбір елдерге сайлаушылар соты да бар.
Алтыншыға бақылау билігін жатқызады. Қайсыбір елдердің қарамағында аппараты бар. Бас бақылаушы да болады. Жетінші саяси билік дейді. Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр.
Кейбіреулер биліктің ерекше түрі деп әскери билікті атап жүр.
Дегенмен дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде үш тармақты билік қалыптасқан. Мемлекетті басқару ыңғайлы болу үшін ол биліктер орталық (жоғары) және жергілікті билік болып бөлінеді.
2.Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимдік – (латын тілінде заңдық, шындық деген мағынаны береді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болу үшін мынандай екі шарт қажет:
1)Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек;
2)Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек;
Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті.
1)- әдеп ғурыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтық санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт – дәстүрлерге сүйенеді.Сондықтан, мысалы, (кейбір елдерде қазір де) хан, сұлтан, патша, шах, әмір т.б.билігін халық дурыс, заңды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата – салтымыз деп мойындап отырды.
2) - харизматикалық легитимдік жатады. Мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет – қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді.
3) - ақыл – парасаттың, құқықтың легитимдігін жатқызады. Онда саяси билік салт – дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл – ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен аңықталады.
Легитимділік алдыңғы екі түрі құлдық және феодалдық қоғамдарға тән болса, үшінші түрі қазіргі дамыған елдерге тән. Мемлекеттік құқықтық тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне конституция жатады. 1995 ж.30тамызда Республикалық референдумда ҚР-ң жаңа Конституциясы саяси билікке нақтылы легитимдік берді.
3. Қазіргі уақытта дүние жүзі елдерінің басым көпшілігінде биліктердің бөлінуі заңды түрде бекітілген. Билік тарамдарының әрқайсысының өзінің өкілеттіліктерін өз бетінше тиімді түрде іске асыруға міндетті, ал барлығы бірге бір-біріне қолдау жасай отырып, жеке адамдардың, халықтың мүдделерін, қоғамның прогресін, әділеттілікті қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстанда биліктерді жіктеу проблемалары және жалпы саяси билік қоғамның саяси жүйесін реформалаумен байланысты белсенді түрде талқылануда.
Бірінші проблема - биліктің әрбір тармағының құрылымы. Қазіргі биліктің көзге ұратыны – бытыранқылық, жедел байланыстардың жоқтығы, біліктіліктің кемдігі, кері байланыстың осалдығы, биліктерді дәл бөлудің жоқтығы сияқты әлсіздіктері бар.
Екінші проблема – кадрлар проблемасы. Жұмысқа ұсынылған аздаған кадрлар биліктік құрылымдарда өздерінің орындарын таба алмай жүр. Билікке жаңа адамдардың келуі, негізінен алғанда әлі де жүзеге асқан жоқ.
Үшінші проблема – қабылданған шешімдердің іске асырылуы проблемасы. Қазіргі кезде, зан шығарушы, атқарушы және сот биліктері шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ететін өркениетті түрдегі жүйе жоқтығы.
Төртінші проблема – заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің құқықтары. Бүгінде билік басындағыларды тоқтататын шара жеткіліксіз.
Қазақстанда биліктің әрбір тармағы халықтық, заңды, тәуелсіз және күшті болуы тиіс. Күшті билік – қылыш пен күштеуге сүйенген билік емес, керісінше, әділетті және демократиялық билік. Біздің республикаға азаматтардың бостандығын басуға тиіс емес, құдіреттілік пен диктатураны және жеке басқа табынуды көксемейтін күшті демократиялық билік қажет. Олай болмаған жағдайда мұндай билік өзін сөзсіз әшкере етіп, барлық беделінен айрылады. Әрбір билік тарамы өзінің шыншылдығымен, әділеттілігімен, өнегелілігімен, өзінің құдіреттілігімен және халықтың қолдаушылығымен, яғни оның заңды басшылыққа алынуымен, сондай – ақ, билікке деген сенімімен, құрмет көрсетумен, билік бастамаларына қатысуға дайындығымен күшті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет