Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.Билік ұғымы?
2.Саяси билік?
3.Мемлекеттік билік?
4.Саяси биліктің қызметтеріне нелер жатады?
5.Мемлекеттік билік түрлері?
6.Заң шығарушы органға кімдер жатады, атқаратын қызметтері?
7.Атқарушы органға кімдер жатады?
8.Атқарушы органдардың атқаратын қызметтері?
9.Сот билігі?
10. Легитимдік дегеніміз?
11. Қазақстандағы легитимдіктің белгілері?
Тақырып: Саяси режим. Жоспар: 1. Саяси режим ұғымы. 2. Тоталитарлық саяси режим. 3. Авторитарлық саяси режим.
1.Саяси режим – саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.
Саяси режим бұл қоғамның саяси жүйесінің қызмет етуінің нақты механизмі. Саяси режимнің қандай да болмасын көп түрлілігіне көптеген факторлар ықпал етеді. Олар: мемлекеттің мәні мен формасы, заңның сипаты, мемлекеттік органдардың дұрыс өкілеттігі және олардағы қызметтердің заңдық формалары, қоғамдық саяси күштердің арақатынасы, экономикалық өмір мен жағдайдың деңгейлері және қалыптары, таптық күрес пен таптық ынтымақтастықтың формалары т.б.
Саяси режимнің түрлеріне елдің тарихи дәстүрі, кең мағынада алғанда кейде мемлекеттердегі үстемдік етуші таптың талап-тілектері мен саяси болжамдардың қайшы келуіне қарамастан қалыптасатын өзіндік тұрғыдағы қоғамдық –саяси хал-ахуал елеулі ықпал етеді. Саяси режимнің түріне халықаралық жағдай да әсерін тигізе алады.
Әр түрлі кезеңдерде алуан түрлі саяси режимдер қалыптасады, олар қайсыбір уақыттардағы нақты мемлекеттерде бірдей емес.
Құлиеленушілік кезеңде деспоттық, теократиялық, монархиялық, аристократиялық, олигархиялық тәртіптер.
Феодализм тұсында абсолютистік, феодалдық т.б.Қазіргі әлемде тоталитарлық, авторитарлық, авторитарлы- тоталитарлық, демократиялық, демократиялы- авторитарлық, либералдық, либералды-демократиялық, фашистік немесе жартылай фашистік, нәсілшіл-ұлтшылдық және т.б. түрлері өмір сүруде.
Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен құралдары жиынтығының ерекшеліктеріне байланысты, әдетте демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп екі үлкен топқа бөледі.
Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.