«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша


-дәріс Тіл, сөйлеу мен ойлау



бет4/15
Дата15.11.2022
өлшемі340 Kb.
#50366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
5-дәріс Тіл, сөйлеу мен ойлау.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың кез келген саласында өзі үшін де, елі үшін де өскелең экономикалық және әлеуметтік жауапкершілік жағдайында өмір сүріп, жұмыс істей білетін білікті, қабілетті, ізденгіш азаматтар қажет екені белгілі. Оның үстіне қазіргі нарықтық экономикаға бет алған кезеңде мамандық атаулының барлығы болжағыштықты, бейімділікті, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық қабілетті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына ақылдылықпен бұра білу ептілігін қажет етеді. Қоғамның ойлы да дарынды адамдарға деген зәрулігін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына жас жеткіншекті ақыл-парасатты, соның негізінде кездескен қиыншылықтан тез жол табуға қабілетті тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. А.Байтұрсынов: «Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білетін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек,» – деп, ұстазға жас жеткіншекті дене тәрбиесімен бірге интеллектуалдық жақтан да тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгеруді талап етеді. Балалардың таным процестерін дамытуда мектепте жүргізілетін «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерінің үлесі мол. Тіл атериалдарын небір тиімді әдістермен меңгертуге талпынғанмен, егер бала қабылданатын материалдарды ой елегінен өткізіп, өзіндік ой қорытындысын жасай алмаса, оның бойында тіл ұшқырлығы, ой мен іс-әрекеттегі жүйелілік, қиял мен сезімнің ұшқырлығы ерік-жігердің күштілігі сияқты қабілет-қасиеттерді дамыту мүмкін емес. Баланы жастайынын ақыл-ой өнеріне қалай баулу керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай? Қазіргі педагогикалық өзекті мәселелерінің бірі – осы. Ойлау - адам таным процестерінің ішіндегі ең күрделі процестің бірі екенін айтқан болатынбыз. Кісі ойлау нәтижесінде сезім мүшелері арқылы алынған мағлұматтарды өңдеп, қоршаған ортадағы, қоғамдағы, тілдегі өзіне таныс емес заңдылықтарды, олардың арасындағы орын алып отырған байланыстарды танып біледі, түсінеді. Ойлау процесі қалай жүзеге асады? Орыстың ұлы психологі Л.С.Выготскийдің айтуынша, адам сырттай сөйлеудің әсерінен қалыптасқан іштей сөйлеу арқылы ойлау процесі жүзеге асатынын айтқан болатын. Дәлірек айтқанда, сырттай сөйлеу эгоцентрлік сөйлеуге, бұл іштей сөйлеуге, ал ойлау осы іштей сөйлеудің нәтижесінде өрбиді. Ойлау мен тілдің органикалық байланысы арқасында ойлау арқылы адамдар өздері тікелей қабылдай алмайтын, көзге ілігер формасы жоқ, ал тіптен сезімдік қабылдауға көнбейтін құбылыстар арқасындағы байланыстарды аша алады. Дүниедегі заттар мен құбылыстар, сонымен бірге, тіл біліміндегі заңдылықтар ешуақытта жеке дара кездеспейді. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады, алайда осы байланыс, қарым-қатынастың барлығы бірдей адам санасында сәулелене бермейді. Егер адамның қабылдауы тіл заңдылықтарын жеке-жеке ғана қабылдайтын болса, ойлауда кісі олардың арасындағы қатынас, байланыстарды танып білуі қажет. Ақиқат дүниедегі объективті түрде дұрыс сәулелендіретін ой ғана дұрыс болып шығады. Ондай ойды диалектикалық ой деп атайды. Ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып, адам бір нәрсені білгісі, сырын ашып, түсінгісі келеді. Мұндай қажеттілік көбінесе адам бір жаңа заңдылықтармен, түсініксіз жайттармен кездескенде туады. Ойлаудың басталуына жол ашатын не дегенде? «Сұрақ» деп жауап беруге болады. Өйткені, ол ақыл-ойды белгісіз мәселені шешуге бағыттайды. Детерминді, яғни, адамның белгісізді білгісі келу қажеттілігінен ой процесі пайда болады. Ойлау құбылыстар мен заңдылықтар арасындағы тікелей қабылдауға бола қоймайтын байланыстарды, тәуелділіктерді ашуға бағытталғандықтан, оларды талдай іздегенде, яғни адам белсене істеген ақыл-ой әрекетінде аңғарылады. Шешілуі тиіс міндет әрқашан да сөзбен, сұрақпен беріледі. Сондықтан адам әрқашан өзі нені білмейтіндігін, нені тауып, ашып анықтауға тиісті екенін біледі. Осындай саналы міндет ойлауға ақыл-ойға қонымды, айқын мақсатқа бағдарлы сипат береді. Ойлаудың проблемалы сипаты балаларды оқыту практикасында енді-енді ескерле бастады. Оқытушы балалардың алдына міндет қояды. Оқушылардың дұрыс жауап іздеуі, ұқсас және әр түрлі шешім табуы, қажетті фактілерді талдап, өзіндік қорытындыға келуі тиіс. Кейде олар алға қойған міндетті өз беттерінше анықтауы керек. Мұндай жағдайда оқу әрекеті айқын проблемалық сипатқа енеді. Ойлау мен сөйлеу әр түрлі генетикалық тамырларда дамып жетілуіне қарамастан. (П.П.Блонский бұл пікірге қарс шығады), бұл екі күрделі процесс бірлікте болатынын көптеген ғалымдар мойындайды. Л.С.Выготскийдің сөзімен айтқанда, «в известном пункте обе линии пересекаются, после чего мышление становится речевым, а речь – интеллектуальной». Сөз бен ойлаудың жалпыламалық сипатқа ие болуы Л.С.Выготский айтқан бұл екі процестің қиысу нүктесі болып табылады. Яғни, олау мен сөйлеу бірлікте дамып отырады. Бұл бірлік тілсіз сөйлеу мүмкін емес екендігінен, ойдың дамуынан тілдің шын мәнінде әсерінен көрінеді . Мұндай әсер, біріншіден, адамдар қарым-қатынас (сөз, сөйлеу) барысынды ойлау әрекетінің нәтижесі (түсінік, пікір, ой қорытындысы) бұл индивидтің басынан екіншісіне көшеді. Ал бұл өз тарапынан ақыл ой актісінің барысында қоршаған ортадағы шындықты дұрыс тануға алғышарт жасайды. Екіншіден, адам өзінің субъективті пікірін тіл арқылы объективтендіруге қабілетті болады. Үшіншіден, ең бастысы адам қоғамдық ортамен өзара қатынасқа түсу нәтижесінде сырттай сөйлеу біртіндеп іштей сөйлеудің қалыптасына өз әсерін тигізеді. Іштей сөйлеу ойдың дамуына ықпал етеді. Сондықтан сөйлеу мен ойлауды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Сөйлеу, сөз біздің саналық болмысымыздың формасы қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Өзара қарым-қатынас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты таниды. Демек, сөйлеу адамдардың өзіндік сана сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Олай болса, баланың тіл мәдениетінің қалыптасу нәтижесінде ойлауының дамуына мектепте жүргізілетін қазақ тілі пәнінің маңызы ерекше.Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі сөз бен ұғымның бірлігі түрінде лексикалық единицада нақтылана түседі. Ұғым дегеніміз мәнді белгілердің бір жақтылығына қарай біріккен құбылыстардың, заттардың, саналардың тұтас бір тобы туралы жалпылнған білім. Ұғым – ойдың бірлігі. Тіл единицасы болып келетін сөз ойлаудың бір формасы ұғыммен тығыз байланысты. Ойлау ұғым негізінде жүзеге асса, ал ұғым сөз жүзінде өмір сүреді, сөзбен білдіріледі. Сондықтан ойлау сөз, сөйлем арқылы жарық көреді. Ойлау мен сөйлеу әрекеттері бір тұтас, бөлінбейтін ойлау-сөйлеу әрекетін түзейді. Міне, сондықтан тіл әрекеті игерілген тіл материалдарына емес, ойлауға сүйенеді. «Чтобы практически владеть русским языком или каким-либо языком, надо по этому не опираться на языковые знания, а мыслить на используемом языком». Бұдан шығатын қорытынды, қазақ тілі сабақтарында ана тілінде ойлауға қалыптастырғанды ғана оқушы санасында сөздік қоры моайып, тілі ұшталады. Сөзді іс жүзінде пайдалану үшін оның мағынасын білу жеткіліксіз. Айналадағы заттар мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыс пен қатынастарды дұрыс тану үшін адам санасында ұғымдар пайда болу тиіс. Адамға тіл материалдарын игеруге көмектесетін, әр түрлі ұғымдардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсас белгілерін анықтайтын ұғымдар логикалық ойлау операциялар жүйесі нәтижесінде жасалынады. Ұғым сөзбен беріледі дедік. Мәселен «зат есім», «есімдік», «көмекші сөздер» жіне т.б. сөздерді алайық. Оқушы әр түрлі тілдік категорияларды бір топқа бөлу үшін мәні жоқ белгілерге көңіл бөлмеуі (абстракциялау) қажет. Түрлі тілдік категориялардың елеусіз белгілерінен дерексіздендіру (абстракциялау) негізінде олардың елеулі белгілерінің ұқсастығын таба білу жалпылаудың жоғары формаларының көрсеткіші болып табылады. Абстракциялау негізінде жалпылау процесі адамның қабылдайтын сөзді, сөйлемді, мәтінді жүйелі талдауды қажет ететін аса қиын ақыл-ой жұмысын білдіреді. Біріншіден, мұғалім белгілі бір ұғымды даяр күйінде бере алмайды. Ұғым – баланың жеке іс-әрекетінің нәтижесі. Оның бірнеше материалдарды талдау – олардың әрқайсысындағы өзіне белгілі, негізгі белгілерді ерекшелеу және оларды басқа мәнсіз белгілерден дерексіздендіру негізінде (жалпылау бойынша) жүргізілетін жеке ой еңбегінің қорытындысы. Екіншіден, әрбір ұғым сөзбен берілетін болғандықтан оның мән-мағынасын толық түсінбейінше бір топқа біріктіре де, дерексіздендіре де алмайды. Мәселен оқушы «бастауыш», «сөйлем» ұғымдарының анықтамаларын айтып бергенімен, жаңа жағдайларда пайдалана алмай, берілген ұғымды мүлдем меңгермегендігін байқауға болады. «Көрпе», «ана» сөздерін дұрыс түсініп, қатесіз сөйлем түзуі мүмкін. Алайда «Жер-Ана ақ көрпесін жамылып алған» деген сөйлемдегі «жер-ана», «ақ көрпесін» деген сөздерді түсінуіне көп еңбектенуге тура келеді. Ұғым – жалпыланған білім. Ал білімід тәжірибеде пайдалана білу дегенді, негізінде, екі түрлі мағынада түсінуге болады. Біріншісі, оқушының сабақтан алған білімін келесі сабақтардағы тапсырмаларды шешуге қолдана алу, екіншісі, оқушылардың қалыптасқан ұғымдарды әр түрлі жаттығуларды (сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма т.б.) пайдалана алу, ал білімді тәжірибеде қолдану – ұғымдардың оқушы санасында қалыптасуының негізгі шарты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет