«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша


-дәріс Тіл, тілдік іскерлік.Сөйлеу



бет3/15
Дата15.11.2022
өлшемі340 Kb.
#50366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
4-дәріс Тіл, тілдік іскерлік.Сөйлеу.
Тіл, тілдік іскерлік және сөйлеу туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен қатар филасофиямен логиканың және психалогияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты. Дыбыстық тілде, абстракті ойлауда – адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екуін бірдей қамтиды. Біріншіден тіл де ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да – әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады. Тіл де, ойлау да әлеуметтік және индивидуальды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшелігі көрінеді.Ойлау мен сөйлеу әр түрлі генетикалық тамырларда дамып жетілуіне қарамастан. (П.П.Блонский бұл пікірге қарс шығады), бұл екі күрделі процесс бірлікте болатынын көптеген ғалымдар мойындайды. Л.С.Выготскийдің сөзімен айтқанда, «в известном пункте обе линии пересекаются, после чего мышление становится речевым, а речь – интеллектуальной».
Сөз бен ойлаудың жалпыламалық сипатқа ие болуы Л.С.Выготский айтқан бұл екі процестің қиысу нүктесі болып табылады. Яғни, олау мен сөйлеу бірлікте дамып отырады. Бұл бірлік тілсіз сөйлеу мүмкін емес екендігінен, ойдың дамуынан тілдің шын мәнінде әсерінен көрінеді . Мұндай әсер, біріншіден, адамдар қарым-қатынас (сөз, сөйлеу) барысынды ойлау әрекетінің нәтижесі (түсінік, пікір, ой қорытындысы) бұл индивидтің басынан екіншісіне көшеді. Ал бұл өз тарапынан ақыл ой актісінің барысында қоршаған ортадағы шындықты дұрыс тануға алғышарт жасайды. Екіншіден, адам өзінің субъективті пікірін тіл арқылы объективтендіруге қабілетті болады. Үшіншіден, ең бастысы адам қоғамдық ортамен өзара қатынасқа түсу нәтижесінде сырттай сөйлеу біртіндеп іштей сөйлеудің қалыптасына өз әсерін тигізеді. Іштей сөйлеу ойдың дамуына ықпал етеді. Сондықтан сөйлеу мен ойлауды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Сөйлеу, сөз біздің саналық болмысымыздың формасы қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Өзара қарым-қатынас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты таниды. Демек, сөйлеу адамдардың өзіндік сана сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Олай болса, баланың тіл мәдениетінің қалыптасу нәтижесінде ойлауының дамуына мектепте жүргізілетін қазақ тілі пәнінің маңызы ерекше.
Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі сөз бен ұғымның бірлігі түрінде лексикалық единицада нақтылана түседі. Ұғым дегеніміз мәнді белгілердің бір жақтылығына қарай біріккен құбылыстардың, заттардың, саналардың тұтас бір тобы туралы жалпылнған білім. Ұғым – ойдың бірлігі. Тіл единицасы болып келетін сөз ойлаудың бір формасы ұғыммен тығыз байланысты. Ойлау ұғым негізінде жүзеге асса, ал ұғым сөз жүзінде өмір сүреді, сөзбен білдіріледі. Сондықтан ойлау сөз, сөйлем арқылы жарық көреді. Ойлау мен сөйлеу әрекеттері бір тұтас, бөлінбейтін ойлау-сөйлеу әрекетін түзейді. Міне, сондықтан тіл әрекеті игерілген тіл материалдарына емес, ойлауға сүйенеді. «Чтобы практически владеть русским языком или каким-либо языком, надо по этому не опираться на языковые знания, а мыслить на используемом языком». Бұдан шығатын қорытынды, қазақ тілі сабақтарында ана тілінде ойлауға қалыптастырғанды ғана оқушы санасында сөздік қоры моайып, тілі ұшталады. Сөзді іс жүзінде пайдалану үшін оның мағынасын білу жеткіліксіз. Айналадағы заттар мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыс пен қатынастарды дұрыс тану үшін адам санасында ұғымдар пайда болу тиіс. Адамға тіл материалдарын игеруге көмектесетін, әр түрлі ұғымдардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсас белгілерін анықтайтын ұғымдар логикалық ойлау операциялар жүйесі нәтижесінде жасалынады. Ұғым сөзбен беріледі дедік. Мәселен «зат есім», «есімдік», «көмекші сөздер» жіне т.б. сөздерді алайық. Оқушы әр түрлі тілдік категорияларды бір топқа бөлу үшін мәні жоқ белгілерге көңіл бөлмеуі (абстракциялау) қажет. Түрлі тілдік категориялардың елеусіз белгілерінен дерексіздендіру (абстракциялау) негізінде олардың елеулі белгілерінің ұқсастығын таба білу жалпылаудың жоғары формаларының көрсеткіші болып табылады. Абстракциялау негізінде жалпылау процесі адамның қабылдайтын сөзді, сөйлемді, мәтінді жүйелі талдауды қажет ететін аса қиын ақыл-ой жұмысын білдіреді. Біріншіден, мұғалім белгілі бір ұғымды даяр күйінде бере алмайды. Ұғым – баланың жеке іс-әрекетінің нәтижесі. Оның бірнеше материалдарды талдау – олардың әрқайсысындағы өзіне белгілі, негізгі белгілерді ерекшелеу және оларды басқа мәнсіз белгілерден дерексіздендіру негізінде (жалпылау бойынша) жүргізілетін жеке ой еңбегінің қорытындысы. Екіншіден, әрбір ұғым сөзбен берілетін болғандықтан оның мән-мағынасын толық түсінбейінше бір топқа біріктіре де, дерексіздендіре де алмайды. Мәселен оқушы «бастауыш», «сөйлем» ұғымдарының анықтамаларын айтып бергенімен, жаңа жағдайларда пайдалана алмай, берілген ұғымды мүлдем меңгермегендігін байқауға болады. «Көрпе», «ана» сөздерін дұрыс түсініп, қатесіз сөйлем түзуі мүмкін. Алайда «Жер-Ана ақ көрпесін жамылып алған» деген сөйлемдегі «жер-ана», «ақ көрпесін» деген сөздерді түсінуіне көп еңбектенуге тура келеді. Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып не жазып жеткізеді. Таңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалдарға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. «тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы» (К. Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікіп алу құралы, ойлаудың қарауы, ойды білдіру құралы. Ойлау мен тіл бір-бірімен өз ара тығыз байланысты. Тіл ойлаудың шығуымен бірге бір мезгілде шығып қалыптасты және оның дамуымен бірге дамып келеді.Диалектикалық материализм материяның алғашқы, сана мен рухтың екінші туынды екендігін көрсетеді. Ойлау мидың материалдық физиологиялық процестерімен тығыз байланыста бола отырып, тек тілдің негізінде және тілдің көмегімен іске асады. Осымен байланысты диалектикалық метериализм тілден тыс ойлау мүмкін емес, тіл мен ойлау өздерінің шығуы жағынан да бір-бірінен бөлінбейді деп тұжырымдайды.
Ойлау мен тілдің өз ара тығыз байланыстылығы туралы мәселелерге келетін болсақ, олардың ішінде әлі де болса толық шешімін тапппаған мәселелердің немесе талас мәселелердің бар екенін мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына, мысалы, тіл мен ойлаудың байланысың нақтылы формасы (мыалы форма болып, ал ойлау оның мазмұны болып табыла ма?) туралы жақтарыңың және осылармен байланысты мағыналық жақтарының ойлауға қатысты туралы мәселе, логикалық және грамматикалық категориялардың қарым-қатысы, сөздің мағынасы мен ұғымның ара қатысы туралы мәселе және т.б. мәселелер енді. Аталған мәселелрдің барлығы да күн тәртібіне қойылып та, баспасөз бетінде талқыланып та жүр. Тілге (оның материалдық қабығына), бірінші жағынан, қабылдау (восприятие) мен елестің (представление) сезіну, көрнектілік образының қатысы туралы мәселе де талқылануды да және айрықша назар аударуды қажет етеді.
Ойлауды екі түрлі аспектіде қарауға болады: зерттеушілер ойлауды сөз еткенде, біріншіден, оны ұғым, байымдау формаларында болатын абстракті мазмұн, абстракті процестер түрінде қарайды да, екіншіден, қабылдау мен елестердің образы түрінде қарайды да, екіншіден, қабылдау мен елестердің олбразы түрінде болатын сезім-образдардың осы аталған екі түрлі жағының тілге қатысы бірдей деп есептейді. Олардың пікірінше, тіл қабылдау мен елестің образдарымен тікелей байланыста болады, сөз ұғымды ғана білдірмейді, сонымен бірге елесті де білдіреді, ойлау мен тілдің тарихында ойлаудың тек қабылдау мен елестің образы түрінде өмір сүрген дәуірі болды, тіл тек соларды ғана білдірген. Бұл көзқарас, әсіресе, Леби-Брюльдің «Алғашқы ойлау» («Первобытное мышление») деген кітабында және Н. Я Маррдың еңбектерінде орын тепкен.

Сонымен, еңбектің пайда болуымен байланысты ойлау пайда болды және ол ойлау жалпылауыш және абстракті сипатта болды. Бұл айтылғандардан, алғашқы адамның шындықты танып білуінде шындық болмыстың сәулеленуінің көрнекілік образды және тікелей тәсілінің ешбір қатысы болмады деген түсінік тумасқа тиісті. Сезім арқылы танып білу процесінің ең бір негізгі көзі болып саналады.Түйсіктер, сондай-ақ қабылдау мен елестердің образдары дүниедегі заттардың, құбылыстардың және оларды сапа қисиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Ал жалпылаушы және ойлау сыртқы дүниенің сезім мүшелері арқылы бізге жететін деректеріне, әсеріне сүйенгенімен, оның ұғым, байымдау және т.б. түрде болатын нәтижелерінің өздері сәулелендіретін обьективті шындыққа қатысы жанама түрде болады. Әрбір ұғым заттар мен құбылыстардың және т.б түрде бүтіндей тобын олардың жалпы және басты қасиеттерінде бейнелей отырады да, сол топтағы әрбір затқа, құбылысқа және т.б тән индивидуальды қасиеттерден дерексізденеді. Әрбір ұғым нақытылы заттардан, құбалыстардын тыс өмір сүрмейтін жалпыны бейнелейді. Сонымен, шындық болмыстың бейнеленуінің жалпылаушы және абстракті формаларының бейнелеудің сезім арқылы болатын формаларынан айырмашылығы сол, олар обьективті шындықтың заттары, құбылыстарымен т.б тікелей байланысты емес дегенді, әрине білдірмейді. Абстракті және жалпылаушы ойлаудың мазмұны, сайып келгенде, шындықтың бейнеленуінің нәтижесі болып табылады да, оның обьективті шындықпен байланысы материалдық тілдік формалар арқылы іске асады. Демек, абстракті жалпылаушы ойдың іске асуы үшін оның материалдық тілдік жамылғышқа енуі, тілдік формамен айтылуы шарт.Тілдің шығуы мен абстракті, жалпылаушы ойлаудың шығуы туралы мәселелер өз ара тығыз байланысты. Мұны И.П. Павловтың екінші сигнал жүйесі туралы ілімі дәлелдей түседі. Ол екінші сигнал жүйесі адамның пайда болуымен байланысты туды және осымен байланысты жалпылаушы ойлау да (обощенное мыщление) пайда болды дейді. «тегінде айналадағы дүниеге барып тірілетін біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз егер біз үшін шындық өмірдің бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тілдің өзі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын ең алдымен кинестезикалық тітіркенулер, екінші сигналдар, сигналдардың сигналы болып есептеледі.олар шындық өмірден дерексіздену болып табылады және жалпылауға мүмкіндік береді; ал мұның өзі бізге ғана тән, адам ойлауын, ең жоғарғы ойлауды жасайды».


Сөз мағынасы ұғыммен ғана байланысты емес, сонымен бірге зат, құбылыс т.б. туралы елеспен де (представление) байланысты болатын дейтін пікір бар. Белгілі бір сөзбен байланысты тиісті бір зат жайында адамда елестің образы пайда болуы мүмкін. Бірақ мұның өзі нақтылы заттың образы түрінде болады да, ол аөзді айтқанда, сөйлеуш немесе тыңдаушы адамдардың әрқайсысында әр түрлі заттардың (олардың бір текке жатуы мүмкін) образы пайда болады. Елестің көрнекірік образының ұғымынан айырмашылығы сол, ол бір адамнан екінші адамға тікелей тіл (сөз) арқылы беріле алмайды. Демек, сезім арқылы болатын көрнекілік образ сөздер және сөйлемидермен берілетін абстракті мазмұн арқылы пайда болады. Басқаша айтқанда, елестің образы тікелей емес, жанама түрде, тілдегі сөзбен, сөйлеммен айтылатынабстракті ойлау мазмұны арқылы беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет