«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет12/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   188
Байланысты:
материал пед

 
 
КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ 
БОЛАШАҚ МАНСАБЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Жетписбаева Жансара Курметовна 
 
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы «Б.Момышұлы атындағы 
жалпы білім беретін мектебі» КММ 
 
Аңдатпа.
 
Мақалада кәсіптік бағдарлау жұмысы арқылы балалардың 
болашақ мамандығын таңдау үдерісі туралы жұмыс нәтижесі саралана отырып, 
мектебіміздегі «Жас Сарбаз» сыныптарымен жүргізіліп отырған кәсіптік бағдар 
берудегі сұрақтар қарастырылады. Білім беру бағдарламаларының мазмұны 
негізінен оқушылардың тұлғалық дамуына, кәсіби өзін-өзі анықтауына жағдай 
жасауға бағытталуы тиіс. Кәсіптік бағдар берудегі инновациялық әдістер мен 
формаларды іздеуге, сапалы, бәсекеге қабілетті кәсіптік бағдар беруде оң 
нәтижесін көрсеткен практикалық біліміммен бөлісемін.
Аннотация. В статье рассматриваются вопросы профориентации, 
проводимой с занятиями «Жас Сарбаз» в нашей школе, дифференциации 
результатов работы по процессу выбора будущей профессии детьми через 
работу по профориентации. Содержание образовательных программ в 
основном должно быть направлено на создание условий для личностного 
развития обучающихся, профессионального самоопределения. Поделюсь 
своими практическими знаниями, показавшими положительные результаты в 
поиске инновационных методов и форм профориентации, качественной, 
конкурентоспособной профориентации.
 


20 
Оқушының саналы түрде мамандық таңдауы- бұл көптеген факторлардың 
және сол оқушының әлемге деген көзқарасының қалыптасуымен байланысты 
күрделі де ұзақ процесс. Мұнда адамның болашақта кім болуын, қандай 
қоғамдық топта болуын, қайда және кімдермен жұмыс істейтінін және өмір 
сүру стилін таңдауға бағдар жасайды. Жоғары сынып оқушыларына тән басты 
ерекшелік- бұл олардың өмірлік жоспарларының қалыптасуы. Сондықтан да 
жас ұрпақ тәрбиесін мықтап қолға алып, жаңа, өзгермелі заман ағымына 
икемдеп, сонымен бірге дәуірдің жағымды жақтарын олардың бойларына 
сіңіруіміз керек. Жаңа қазақстандық патриотизм – жаңаша ойлау мен 
инновациялық лек беретін ерекше ұстаным екенін түсіне отырып, Рухани 
жаңғырудың бағыттарын негізге алсақ, кәсіптік бағдар беру жұмыстарының 
нәтижелі болатыны сөзсіз.
Мемлекетіміздің барлық тарихы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен 
Отан қорғаушылардың жоғары рухын, жауапкершілігін қалыптастыру 
міндеттерін табысты шешумен байланысты екені анық. Осы орайда, әскери 
патриоттық тәрбиелеу - азаматтарға патриоттық тәрбие берудің негізгі бөлігі 
екенін де жоққа шығара алмаймыз. Әскери- патриоттық тәрбиелеудің мақсаты - 
азаматтардың патриоттық парыздың терең түсінігін, Отан қорғауға 
дайындығын қалыптастыру, рухты еліміздің тұтастығы мен бірлігін нығайту 
міндеттерін шешуге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. 
Бүгінде әр түрлі деңгейдегі оқу орындарында патриоттық тәрбие арқылы 
кәсіптік бағдар берудің тереңдеуі, республикамыздың мүддесін қорғауға, 
мерейін асыруға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Бұл жасөспірімнің білімін, 
көзқарасын қалыптастыруда мектеп шешуші рөл атқарады. Қазақстан 
Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдырға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында «Бәсекеге қабілетті тұлға мен маманды 
қалыптастырудың негізі отбасында, қоғамда және білім беру жүйесінде 
қалыптасатын құндылықтар болып табылады» [1] делінген. 2018 жылғы 5 
қазанындағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс 
сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауында «Бойскаут қозғалысы 
сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-
патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн» деген ұсыныс
берілген еді. [2] 
Осы Жолдауды орындау, сонымен қатар өскелең ұрпақтың патриоттық 
тәрбиесін жетілдіру мақсатында «Жас Сарбаз» сыныптарын ашу жоспарланған. 
«Жас Сарбаз» сыныптарын құру - әскери-патриоттық тәрбие берудің ұтымды 
жолы деп санаймын. 
«Жас Сарбаз» сыныптарындағы жұмысты тұлға қалыптастыруға 
бағытталған негізгі рухани тәрбие, дене тәрбиесі, бейіндік тәрбие, зияткерлік 
тәрбие міндерттерімен келесі бағыттар бойынша іске асыруға болады. 
Мектебімізде бірнеше жылдан бері осы жүйе негізге алынып, жұмыс жүргізіліп 
келеді.
 
Сондықтан, кәсіптік бағдар берудің ажырамас, маңызды бөлімі – бәсеке 
қабілеттілікке негізделген. 
Бәсекеге 
қабілеттілікке 
«Зияткерлік 
тәрбие» 
модулі 
негізінде, 
фундаментальды білім беру арқылы ұмтыламыз. «Жас Сарбаз» сыныптарына 


21 
«Робототехника», «Математикалық логика», ағылшын тілі курстары егізілген. 
«Авиамодельдеу», «Кемемодельдеу» үйірмелеріне қатысу ұйымдастырылған. 
«Болашақ инженерлері» курсында жас сарбаздар ІТ технологияның негіздерін 
оқып-үйренеді. Оқушыларға тәрбие беру аясында біз жасөспірімдердің 
интеллектуалдық әлеуетін дамытып, болашақта олардың әскери инженерлік, 
ІТ-мамандықтарды, жасанды интеллект мамандықтарын меңгере алуына ықпал 
етеміз.
Рухани-патриоттық, 
эстетика 
бағыттарындағы 
тәрбие 
«Елтану», 
«Руханият», «Риторика» курстарында әдебиет пен мәдениетті, тарихты оқып-
үйрену, даңқты тұлғаларды өмірі мен ерлік жолдарын үлгі ету арқылы іске 
асырылады. «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың 
жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар 
үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» деп бағдарламада 
нақты айтылған.
О
қушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін 
шыңдай отырып, рухани кемелденуге баули отырып, оларға кәсіптік бағдар 
беру бірінші кезекте. Ұрпақтар сабақтастығы, ұрпақтардың тарихи байланысы 
қазіргі және болашақтағы жадымызды қалыптастыратын конструкция ретінде 
осы жерде қабылдануы тиіс. Жас Сарбаздар ізденіс жұмыстарын жүргізіп, әр 
түрлі патриоттық жобалар, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырады. 
Аға ұрпақ өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен, әскери бөлімдермен әлеуметтік 
серіктестік орнатудың маңызы ерекше. Әлеуметтік серіктестердің қатысуымен 
ұрпақтар сабақтастығын жүйелі жолға қойып, көптеген шаралар өткізуге 
болады. Мысалы, мектебімізде «Ұлан» әскери-патриоттық қозғалысы» жобасы 
аясында Алматы қаласындағы «Әскери барлау ардагерлерінің одағы», Ауған 
соғысы адагерлерінің қоғамдық бірлестігі мүшелерімен байланыс орнатылып, 
Алматы 
қаласындағы 
Қарулы 
күштер 
мұражайына 
экскурсия 
ұйымдастырылды. Бүгінгі күнгі музейдің директоры, «Генерал Панфилов» 
қорының жетекшісі аты аңызға айналған генерал И.В.Панфиловтың немересі 
Алуа Бақытжанқызы Байқадамовамен онлайн форматта кездесу өткізілді. 
Әйгілі Панфиловтың ұрпағымен кездесу, тікелей сұхбаттасу мүмкіндігіне ие 
болу жасөспірімдер үшін аса әсерлі болғаны анық. 
Тағы бір мысал - 2018 жылы Алматы қаласындағы 177-ші мұсылман 
батальонының мұражайына сапар ұйымдастырылған еді. Сапар барысында 
Ауғаныстан соғысының ардагері, қазақтың қара майоры, бас штабтың барлау 
басқармасының арнаулы әскерінің 177 бригадасының командирі Керімбаев 
Борис Төкенұлымен кездесу өткізілді. Аты аңызға айналған адамның ерліктері 
туралы өз аузынан есту сарбаздар үшін ерекше әсер қалдырды. Амангелді 
Жантасовтың «Қара майор» кітабының желісі бойынша сахналандырылған 
қойылым ұйымдастырды. Нақты осы жұмыстар арқылы жасөспірімдер 


22 
санасына ерлік пен батырлықтың, рух пен жігердің түп-тамыры, іргетасы 
неден, қалай құрылатыны сіңіріледі. Нағыз азаматқа лайық қасиеттер – 
намысқойлық, табандылық, төзіміділік, сөз бен іске беріктік, жоғары 
жауапкершілік екендігі түсіндіріледі.
Патриотизмнің мәні мен кәсіптік бағдар берудің мазмұны туралы 
халқымыздың қаhарман, батыр ұлы Бауыржан Момышұлы да ұлттық рух пен 
ұлттық патриотизмнің ұлттың ішіндегі асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына 
деген сүйіспеншілігі екенін кесіп айтқан екен. Ұрпақты тәрбиелеуде сан алуан 
талант пен адами қасиеттерді бір бойына тұтас жинаған Баукеңдей қазақтың 
нағыз «сегіз қырлы, бір сырлы» азаматының үлгісінде тәрбиелеу де рухани 
жаңғырудың бір көзі екені анық. Ендеше, Бауыржандай батыр атамыздың 
тәрбиедегі қағидасы осы бағдарламамен үндесіп жатқанын көреміз. Сондықтан, 
сарбаздық білім берудің аясындағы қосымша бағдарламалардың мазмұнында 
батыр атамыздың өнегесі бірінші орында тұру керек.
2014 жылы
 
Қарағанды қаласының Н.Әбдіров атындағы жалпы білім 
беретін мектебімен өзара байланыс туралы меморандум жасалып, тәжірибе 
алмасу жолға қойылса, 2016 жылы Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас 
ұлан» мектебімен келісімге қол жеткізілді.
Әскери бағытты таңдаған әр сарбаз бізді қуантатыны сөзсіз. Бұл кәсіби 
жұмысымыздың жемісі деп білеміз. Мысалы, оқушыларымыздың бірқатары 
бүгінде Ақтөбе қаласындағы Әуе Қорғаныс Күштері институтының, Алматы 
қаласындағы Азаматтық авиация Академиясының, Ұлттық Ұлан гвардиясының, 
Құрлық әскерлер институтында, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясында және 
Ресей Федерациясының әскери жоғарғы оқу орындарының тыңдаушылары 
болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет