«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОҚУШЫЛАРҒА



Pdf көрінісі
бет20/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   188
Байланысты:
материал пед

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОҚУШЫЛАРҒА 
СЫНЫПТА СЕНІМДІЛІК ТУДЫРАТЫН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ОРТАНЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Жуманова Гулжан Магауиевна 
Жакупова Шынар Тулеухановна 
 
Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімі 
«Әлихан Бөкейханов атындағы № 15 мектеп-лицейі»КММ 
 


40 
Аңдатпа. Бұл мақалада «Инклюзивті білім беру – бұл сапалы білімнің 
барлығына бірдей қолжетімділігі» екендігін меңзей отырып, ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдауда оқушыларға сыныпта сенімділік 
тудыратын 
эмоционалдық 
ортаны 
қалыптастырудың 
жағдайлары 
қарастырылады. 
Аннотация. 
В данной статье рассматриваются условия создания 
эмоциональной среды в классе, формирующей у учащихся уверенность в 
поддержке 
учащихся с особыми образовательными потребностями, 
подразумевая, что «Инклюзивное образование – это равный доступ к 
качественному образованию для всех».
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру қарқынды 
дамып келеді. Оқудағы қиындықтары бар әр баланы жалпы білім беру 
процесіне қосу, бірлесіп оқытудың вариативтік модельдерін іске асыру, қоғамға 
кірігу мақсатында әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан бейімдеу инклюзивті 
білім берудің негізгі мақсаттары болып табылады. 
Баланың 
ерекше 
білім 
алу 
қажеттіліктерінің 
себептері: 
сенсорлық,физикалық,интеллектуалдық және эмоционалды факторлардың 
болуы мүмкін.
Инклюзивті білім беру жалпы білім беру кеңістігінде ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балаларды оқыту дегенді білідіреді. Алайда,бұл қарапайым 
мектепте ерекше білім беруді қажет ететін оқушының анықтамасы ғана 
емес,керісінше, бұл деңгейде бейімделген оқу жоспарын,бейімделген оқыту 
әдістерін, бағалаудың түрлендірілген әдістерін және қолжетімділікті қамтитын 
бірақ та арнайы жағдайы жасау болып табылады.
Бүгінгі күні білім беру саласында өзекті болып отырған мәселе ерекше 
білім беруді қажет ететін балалардың санатына, денсаулығына байланысты 
қиындықтарға тап болған балалардың саны бүгінгі 161 мыңнан асады. [2, 1-б.] 
Осындай санаттағы ерекше білімді қажет ететін балалар біздің мектебімізде 
ПМПК-ның қорытындысы бойынша шыққан арнайы анықтамамен білім алуда. 
Олар қалыпты сыныптарда отыр, мектептің қалыпты оқушысы ретінде 
саналады. Себебі ерекше балалар барлық баламен бірге жүріп, әлеуметтенуі 
керек.Осындай оқушылары бар сыныптарда сабақ беретін әріптестер білім 
алушыларға қысқа мерзімді сабақ жоспарларында арнайы жеңілдетілген 
тапсырмалар құрастырып, оқушының оқу мақсатына қол жеткізуіне ықпал 
етуде. 
Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің
«Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп- лицейі» КММ-де ерекше 
білімді қажет ететін оқушылар саны көрсеткіші 


41 
Инклюзивті білім беру идеясы негізі екі факторға негізделеді. Біріншіден, 
егер инклюзивті білім беру тиісті деңгейде ұйымдастырылса, ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балалардың білімді меңгеруін, әлеуметтік дағыларды 
дамытуын және өзін- өзі бағалауын жетілдіруін қамтамасыз етуге болады.
Екіншіден, қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балалардың басқа құрдастарымен бірге оқу тең құқылы 
екендігін жалпыға бірдей қабылданғандығы болып табылады. 
Инклюзия білім беру процесінің барлық субьектілеріне қатысты, яғни 
білім берудегі қажеттіліктері жоғары балалар, олардың ата-аналары, осындай 
балалардың құрдастары, басқаша айтқанда қалыпты білім алушылармен 
олардың ата-аналары, әкімшілік, педагогтер, басқа арнайы мамандар, қосымша 
білім беру құрылымына ықпал етеді.
[3, 16-б.] 
Ерекше қиындықтар интеллектісі бұзылмаған оқушыларда байқалады және 
жеке оқу дағдыларын меңгеруде көрінеді: жазу, оқу немесе санау (дисграфия, 
дислексия, дискалькулия және т.б.) Бұл қиындықтар, әдетте, уақытша болып 
табылады және оларға мамандардың көмегі болған жағдайда жеңуге 
болады.Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар дамудың ерекше 
проблемаларына байланысты болуы мүмкін. (гипербелсенділік пен назардың 
тапшылығы синдромы, аутизм спектрінің өрескел емес бұзылуы және т.б), 
сондай-ақ қолайсыз психологиялық факторлар (отбасындағы тәрбиенің 
бұзылуы, ата-ана мен бала, отбасы ішілік қарым- қатынастар) бұл құрдастармен 
және мұғалімдермен қарым- қатынастың түрлі қиындықтарына әкеледі 
(ұялшақтық, енжарлық, оқшаулау немесе жанжал, тілазарлық, агрессивтілік). 
Ерекше қиындықтар интеллектісі бар оқушыларды ортаға бейімдеуде 
мұғалімдер оқушыға сенімділік тудыру үшін алдымен:
-Сыныптағы психологиялық ахуалды; 
-Сыныпта сенімділік тудыратын қауіпсіз эмоционалды ортаны құру білуі; 
-Ынталандырушы орта құру; 
-Амбициялық, бірақ шынайы үміткерді қалыптастыруға жүйелі қолдау; 
-Мұғалімнің сынып кеңістігіндегі орнын анықтау; 
Ерекше білімді қажет ететін сыныптарда жұмыс жасайтын әріптестеріміз 
осы қағидаттарды басты назарда ұстануда.Жұмыс барысында мұғалімдер 
0
500
1000
Жалпы 
оқушы 
саны
Ерекше 
білімді 
қажет 
ететін
Мүгедек 
оқушылар
973
2
6


42 
ерекше білімді қажет оқушылардың жеке даму траекториясын жасауда алдын-
ала сауалнамалар жүргізді. 
Сауалнама нәтижесі: 
 
Сыныптағы 
психологиялық 
ахуалдың негізі қағидасы- оқу мен 
дамуға қолайлы психологиялық жағдай 
жасау. Ол жерде біз үш негізгі 
факторға назар аударуымыз керек.

Қарым-қатынас: 
қолдау 
мен 
өзара көмектің дәрежесі 

Жеке даму: жеке даму мен өзін- өзі жетілдірудің деңгейі 

Жүйені белгілі бір күйде ұстау: сабақтағы тәртіп, мұғалімдердің өз 
қызметінің мақсаттарын түсіну дәрежесі, тұрақты бақылау және өзгерістерге 
дайын болу[2, 47-б.]. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар сәтсіздікке байланысты 
эмоцияларды 
жиі 
сезінеді. 
Көбінесе 
олар 
айналасындағылардың 
қабылдамауына және тіпті дұшпандығына тап болады. Нәтижесінде көптеген 
адамдар қоршаған ортаға сенбеуді үйренеді және олардың арасында өмір сүре 
алатынына сенбейді. Мұғалімдер мұндай оқушыларда өзін –өзі бағалауының 
төмендігі,депрессияға бейімділік, үрей мен қорқыныш,ашушаңдық және басқа 
да жағымсыз қасиеттердің қалыптасу қауіпі бар екенін түсінуі керек. Осының 
бәрі өз кезегінде оқу үлгеріміне кері әсер етеді. Мұғалім бұл тұйықталған 
шеңберді бұза алады,егер: 

оқушылардың 
эмоцияларын,уайымдарын 
және 
олардың 
оқу 
мотивациясына қалай әсер ететінін түсінетін болса; 

жағымды эмоцияларды арттыратын және жағымсыз эмоцияларды 
сөндіретін орта құрса; 

оқушылардың күнделікті мектепке,әртүрлі көңіл- күймен,эмоциямен 
келетінін келетінін және эмоциялардың ортаға кедергі келтіретінін түсінетін 
болса; 

оқыту процесінде жағымды эмоцияларды қолданса; 

барлық 
оқушыларға,оқудағы 
мүмкіндік 
болатын 
қиындықтарға 
қарамастан, олардың бүкіл сыныпқа қажет екенін,жеке тұлға ретінде толық 
қабылданғанын,кім екенін ұғындырса; 
1
0
1
1
2
3
2
3
3
3
3
2
2
2
2
2
Оқуға 
бейімділігі
Зейін деңгейі
Қабылдауы
Есте сақтауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет