«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет14/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   188
 
 
КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ 
БОЛАШАҚ МАНСАБЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Жиенбаева Алмагуль Сериковна 
 
«Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының академик Орынбек 
Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ 
 
Аңдатпа

«Кәсіптік бағдарлау жұмысы арқылы балалардың болашақ 
мансабын қалыптастыру» тақырыбындағы мақаламда мен өзіміздің мектеп 
тәжірибесінде көркем еңбек пәні арқылы білім алушыларға кәсіби бағдар беру 
тәжірибемді ортаға салып отырмын. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-
Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа 
Жолдауында 
«Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар 
беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық 
стандартының негізі болуы тиіс» 
екенін баса айтты. [1] Ал,
Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті 
– ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе 
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби 
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек 
нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, 
олардың біліктілігін арттыру» мәселесі аталып көрсетілген. [2,45-46-б.] Жалпы 
білімнің басты үш міндеті бар, олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-
жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, және оны болашақ белгілі бір кәсіпке 
даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы 
жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу – ең көкейкесті мәселеге айналып 
отырғаны дәлелденді. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың 
жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз 
қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу. 
Мектеп – оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы 
және үйлестіруші орталық. Ал мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын 
негізінен іске асыратын мұғалім, мектеп психологі, сынып жетекшісі, көркем 
еңбек сабағының оқытушысы, әлеуметтік педагог, тәрбие жұмысын 
ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым болып саналады.
Адам өмірінде мамандық таңдау - ең маңызды шешімдерінің бірі. 
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл 
жай күнелту, тамақ асыраудың жолы емес. Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас 


26 
үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады. Мектепте 
білім алушыларға кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір 
білім алушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке 
қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде 
таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру 
жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға 
мүмкіндік жасайды. Кәсіптік бағдар беру ісін анда – санда бірнеше шаралармен 
немесе оқушылардың мектепті бітіріп шығу кезіндегі түсінік жұмысымен ғана 
шектеуге болмайды. 
 
Кәсіпке баулуда көркем еңбек сабақтары арқылы пән мұғалімдері оқу 
бағдарламасына сәйкес білім алушыларға насихат жұмыстарын жүйелі жүргізіп 
отырса болашақ мамандытарын таңдауға үлес қосады. Жалпы орта білім беру 
жүйесіндегі "Көркем еңбек" пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін 
зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап және арнайы 
білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және 
көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен 
техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады. Өнер және еңбек 
технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, 
шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту оқу бағдарламасының 
міндеті. Оқу бағдарламасының әр бөліміне сәйкес келетін мамандық 
түрлерімен, мамандықтың ерекшеліктерімен таныстыра отырып білім 
алушылардың сол мамандықтарға деген қызығушылықтарын артыруға 
болады. Визуалды өнер бөлімінде білім алушылардың бейнелеу өнерінің қыр 
сырын меңгертіп сол саладағы суретші, архитектор мамандықтарымен 
таныстырамыз. 
Сәндік–қолданбалы 
өнер, 
дизайн 
және 
технология 
бөлімдерінде ұста, зергер, тігінші, дизайнер мамандықтарымен танысады. 
Тамақтану мәдениеті бөлімінде әлем аспаздарымен таныса отырып аспаз, 
тамақтану саласының мамандықтарымен танысады. Әр бұйымның өзіндік 
құны мен шығынын есептеу арқылы білім алушылар экономика саласының 
мамандықтарымен де танысады. Білім алушылардың мамандық туралы 
түсініктерін кеңейту, бейімдеу мақсатында сонымен қатар өз өңіріміздің еңбек 
нарығына қажетті дәнекерлеуші, аспаз, ветеринар мамандықтарымен 
таныстыру үшін Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық 
колледжіне саяхат жасап сынамаларға қатысады. Қарқаралы Ұлттық табиғат 
саябағы жанындағы ағаш шеберханасына саяхат ұйымдастырылады. Саяхат 
барысында 
білім 
алушылар 
жұмыс 
цехтарын 
аралап, 
шеберхана 
жұмыскерлерінің жұмыстарымен ағаш ұстасы мамандығымен танысды.
Мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу арқылы білім алушыларда 
кәсіби ынтаны, кәсіп таңдау, кәсіптік икемділік пен қабілетті қалыптасады. 
Білім алушылардың болашақта кәсіби құзіретті маман болып қалыптасуына 
бағыт-бағдар беру-басты мақсатымыз екендігін естен шығармағанымыз жөн. 
«Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз 
қолымызда. Сондықтан, баршаңызды жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей 
жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп 


27 
сенемін.»- делінген мемлекет басшысының халыққа Жолдауында.
[1] 
Жаңа 
Қазақстанның білікті, білімді, болашақ мансабы қалыптасқан жастарды 
тәрбиелеуде өз үлесімізді қосайық. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты. Мемлекет 
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2019 жылғы 02 қыркүйектегі Қазақстан 
халқына жолдауы.
2.
ҚР «Білім туралы» Заңы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет