ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПАЛДЫ
ДАЯРЛЫҚ СЫНЫП ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНІҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН
ДАМЫТУ
Мукашбекова Сайрангуль Саркытбаевна
Кайп Арайлым Рахымқызы
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің
«Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ
Аңдатпа. Бұл мақалада мектепалды даярлық сыныптарында балалардың
тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, одан
әрі күнделікті іс-әрекет барысында тілдік қарым-қатынаста дұрыс қолдана
білуге жаттықтыруға ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі балалардың
тілін дамытуға ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білу.
Аннотация. В данной статье особое внимание уделяется развитию речи
детей в предшкольных классах, расширению их словарного запаса, обучению
их речи и дальнейшему обучению правильно использовать язык в повседневной
деятельности. Умение использовать эффективные методы, способствующие
развитию речи детей дошкольного возраста.
Тіл үйрену мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Бұл жастағы
балалар тілді үйренуге бейім және ересектерге еліктейді. Мектепке дейінгі ерте
балалық шақта мемлекеттік тілді ерте үйрену баланың жеке басының үйлесімді
дамуына ықпал етеді. Баланың дұрыс, таза сөйлемеуі отбасына, өскен ортасына
байланысты. Отбасында баланың ата-анасы қай тілде сөйлесе, бала сол тілде
сөйлейді.
Қазіргі таңда, сөйлеудің дамуындағы артта қалушылықтың бірінші
және басты себебі баланың өз ата-анасымен жеткіліксіз қарым-қатынасы болып
табылады. Көп ата-аналар өзінің жұмыс бастылығына және шаршайтындығына
байланысты өз балаларымен сөйлесуге уақыттарының болмауын айтады.
Екінші себеп, кейбір балалардың ата-анасы үйде баламен өзге тілде сөйлесуі
және түрлі гаджеттердің әсері, оған шектеудің болмауынан туындауда. Оқу
жылының басында келген балалардың көбісі орыс тілді және әрбір
тәрбиеленушілерімізді бақылау барысында, дыбыстарды дұрыс айту, сөйлеу,
сөздік қорының аздығын, сөйлем ішінде сөздерді дұрыс қолдану, сөйлеу тіл
кемістіктерінің бұзылыстарын байқаймыз және бұл жағдай жиі кездесетін
құбылысқа айналуда. Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуында
жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақ ұсақ моторикаларында да
ауытқушылықтары байқалады.
Баланың сөйлеу тіл кемшіліктерін түзету үшін ең алдымен баланың
айтуына қиын р, ш, з, с, л, ж, т, қ, ғ дыбыстары жиі кездесетін сөздерді тыңдата
отырып, оның есту қабілетін дамыту, сөздің дыбысталу ерекшелігіне төселдіру.
Педагогтың жетекшілігімен өтетін дыбысты дұрыс айтуға үйрету үстінде
309
қозғалмалы «Сағат», «Тік ұшақ», «Сиқырлы сөздер», «Суреттер сөйлейді»
ойындары тиімді әдіс.
1-сурет. Сөйлеу тілін дамыту барысында
Мысалы: сағатты айналдыру арқылы белгілі бір дыбысқа байланысты
суреттегі сөздерді дұрыс айтады, ал тік ұшақты ұшырып, қондыру арқылы
буындарды айту керек.
Баланың сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым баланың ойын толық,
дәл, анық жеткізуге мүмкіндігі мол. Осыған орай, бала бойында көркем
шығарманы мазмұндап айтуды, түрлі оқиғаларды сипаттауды, өз ойын еркін
жеткізуді, өлең жолдарын мәнерлеп айту, байланыстырып сөйлеуді дамытуда
мектепалды даярлық сынып балаларының тілін дамытуда заманауи әдістердің
бірі мнемокесте болып табылады. Балаларды оқу қызметіне дайындау үшін,
ақпаратты сауатты талдауда, күрделі материалды қабылдауда, ақыл-ойы мен
жүйке жүйесін қоздырмай өз тілін дамытуда аталмыш әдісті қолданамыз.
Мнемокестелер арқылы балалар мақал-мәтелдерді, тақпақтарды, жұмбақтарды
тез жаттайды, сызбалар арқылы байланыстырып сөйлейді, ертегілерді
әңгімелеп үйренеді. Балалар осы мнемокесте арқылы да ата-анасымен бірге
үйде жаттығып, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттырады.
Оқу үдерісін бастамас бұрын, баланың ойлау процесін арттыру мақсатында
эмоционалды-физикалық ойындарды қолданамыз. Әр түрлі логикалық пазлдар
жинатып,
дамытушы
қойғыш
ойыншықтармен
жұмыс
жасалынып,
нейрогимнастика
жүргіземіз.
Балалардың
сөйлеу
тілін
дамытуда
фонематикалық қабылдауын, буындық құрылымын, сөздік қорын молайту және
байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда артикуляциялық гимнастикалар және
демді алу мен шығару жаттығуларын жасатамыз. Фонематикалық қабылдауын,
буындық құрылымын дамытуға арналған жаттығулар: «Еста сақта, қайтала»
ойыны, сөздердің орынын ауыстырмай дұрыс айтуға арналған «Шатасқан
сөздер» ойыны, белгілі бір сөзге байланысты «Ұқсас сөздер» ойындарын
қолданамыз.
Баланың сөйлеу тілін дамыту үшін ұлттық құндылықтарды дәріптей
отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне қызығушылық пен
құрметке баулу үшін тәрбиеленушілермен ұйымдастырылған іс-әркетті ойын
түрінде жүргіземіз. Ауызекі сөйлеуді, дыбыстарды анық айтуды дамыту үшін:
мнемосызбалар, мнеможолдар, сөз ұйқастары, санамақтар, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар, сергіту сәттерін қолданамыз.
Мемлекеттік тілді дәріптеу барысында және ұлттық құндылықтар негізінде
қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің ерекшеліктерімен
таныстыра отырып, баланың сөйлеу тілін дамытамыз. Мектепалды даярлық
310
сынып тәрбиеленушілерінің сөйлеу тілін дамытуда мына талаптарды негізге
ала отырып жүргіземіз:
Оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттердің өзара байланысуы;
Сабақтың балаға эмоционалды тұрғыда әсер етуі;
Балалардың жас ерекшеліктері мазмұнының қол жетімділігі;
Сабақ мазмұнының лингвистикалық сауаттылығы;
Балалардың сөйлеу әрекетінің белсенді сипаты;
Іс-әректтің ұжымдық сипатын жеке көзқараспен ұштастыру;
Балалардың басқа қызмет түрлерімен айналысу байланысы;
Іс-әректті ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық және эстетикалық
талаптарды сақтау.
Баланы өзінің ана тілінде сөйлетуімен бірге, сөйлемдерегі екпінді айыра
білуге үйрету және бір-бірімен сөйлескенде, әдепті, тәртіпті болуға үйретудің
маңызы да зор. Амандасу, сөйлесіп тұрған адамына жылы қабақпен қарау,
назар аудару, көпшілік жерде өзін-өзі ұстай біліп, мәнерлі дұрыс сөйлеуге
дағдыландыру керек. Диалог түрінде, әңгімелесу дағдысын қалыптастыруда
баланың тыңдау қабілеті мен түсінуі, әңгімеге араласуы, сұраққа жауап беруі
мен сұрақ қоя білуін қалыптастырамыз. Әңгімелесу барысында баланың өзін-
өзі мәдениетті түрде ұстауын қадағалаймыз. Көркем шығармаларды тыңдауға,
түсінуге шығармадағы кейіпкерлерді суреттеп айтуға, шығарманы талдауға,
топтың алдында шығып еркін сөйлеуіне ықпал етіп, оқуға деген
қызығушылығын арттырамыз. Іс-әрекет барысында, апталықтарда, спорттық
шараларда, кештерде ұлттық ойындарды, салт-дәстүрді, ауыз әдебиетінің
әртүрлі жанрларын пайдаланып, балалардың қиялын, ой-өрісін, әдеби сөздік
қорларын дамытамыз. Ұлттық құнлықтарымызды дәріптеу мақсатында мектеп-
лицейімізде дәстүрге айналған «Дарабоз» этно сайысы өтеді. Бұл сайысқа әке
мен бала сурет бойынша мақал-мәтелдер айтып, өлеңді мәнерлеп айту, өнер,
салт-дәстүрден көрініс көрсетеді. «Бұрымды қыз» қыздар сайысында бала тілін
дамытып қана қоймай инабаттылыққа, сыпайылыққа, көрегенділікке
тәрбиеленеді.
Тіл дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – балалармен сөздік жұмысын
жүргізу. Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, оның атын дұрыс атай білуге, өмірдегі, қоршаған
ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым-түсініктерін дамыта отырып,
белесенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Балалармен
күнделікті жұмыс жасау барысында әр баланың жеке қабілеттерін ескере
отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін қосымша тапсырмалар
беріп, түрлі ойындар ұйымдастырамыз. Бұл ойын жаттығулары балаларға
қызықты, тартымды болуы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда қызықты
ойын, тапсырмалар, мнемокестелер, жаттығулардың орыны ерекше.
Балалардың тіл мәдениетіне тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту жұмыстары,
бақылау, заттарды қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, серуен, ойын
барысында дамытылады. Бала тіліндегі дыбыстық кемшіліктер мына түрде
кездеседі: сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау, дыбысты алмастыру, дыбыстарды
311
қалдырып кету. Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру жұмыстарын басқа
сабақтарда да мазмұнына қарай жүргізуге болады. Бала оқу жылы ішінде
бағдарламада көрсетілген дыбыстарды түгелдей дұрыс айтып үйренуі тиіс.
Осы аталған әдіс-тәсілдерді қолдану барысында, шәкірттерімнің
нәтижесінде
көрудеміз.
Тәрбиеленушілеріміз
қалалық,
облыстық,
республикалық, халықаралық мәнерлеп оқу байқауларына қатысып жүлделі
орындарға ие болуда. А.Құнанбаев, М.Әлімбаев, Ы.Алтырсарин, М. Мақатаев
сынды ақын, жазушыларымыздың еңбектерін жаттап, мәнерлеп айтуда.
Облыстық «Зерек бала» сайысында тәрбиеленушілеріміз бас жүлдені иеленіп,
ақыл-ойларын ұшқырлап, білімдерін кеңейтті. Осы әдіс-тәсілдер арқылы
балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, сөздік қорын дамытып,
ауызша сөйлеу машығын игертіп, таным белсенділіктерін қалыптастыра
түсіріп, ақыл-ойын жетілдіріп, әрі адамгершілік қасиеттеріді де бойларына
дарытады.
Достарыңызбен бөлісу: |