«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет130/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   188
Байланысты:
материал пед

Әдебиеттер тізімі: 
1. Т Қазанғапова «Бала тілін көрнекілік арқылы дамыту» Қазақстан мектеп 
5/ 2008. 
2. Қазақстан мектебі №9, 2018. [ 31-б.]. 
3. Ж. К. Бисембаева «Мектеп жасына дейінгі тілін дамыту әдістемесі» 
2019. [ 15-16-б.]. 
ХИМИЯ ПӘНІНЕН КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДІҢ КРЕАТИВТІ 
ӘДІСТЕРІ 
 
Муржукпаева Ж.А. 
 
Қарағанды қаласы, «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-
интернаты» КММ 
 
Аңдатпа. Химиялық есептердің дидактикалық мақсаты - химиялық тілдің 
сандық және сапалық сипаттамалары арасындағы тұтастықты орната отырып, 
пәндік білім мен іскерлікті ұштастыру. Күрделі есептерді креативті әдістер 
көмегімен орындау кезінде білім алушылардың бойында келесі қасиеттер 
дамиды: 

шығармашылық ойлауы; 

пәнге деген қызуғышылығы; 

таным әрекеті; 

ізденімпаздылық қасиеттері; 

пәнаралық байланысты жүзеге асыру; 

қосымша ақпарат көздерін тиімді қолдану. 
"Дарын" мамандандырылған мектеп-интернатының химия пәнін оқыту 
кезінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуды міндетке ала 
отырып, біз шығармашылық есептерді, креативті әдістерді, проблемалық 


312 
тәжірибе әдісін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдандық 
және оқыту барысында пайдаланылған кейбір шығармашылық тапсырмаларды 
мақалада мысалға алдық. 
Аннотация. Дидактическая цель химических задач – сочетание 
предметных знаний и умений с установлением целостности между 
количественными и качественными характеристиками химического языка. При 
выполнении сложных задач с помощью креативных методов у обучающихся 
развиваются следующие качества: 

творческого мышления; 

интерес к предмету; 

познавательный действия; 

поисковые свойства; 

реализация межпредметной связи; 

эффективное использование дополнительных источников информации. 
Принимая во внимание задачи развития творческого мышления учащихся 
при обучении химии специализированной школы-интерната "Дарын", мы 
использовали творческие задачи, креативные методы, метод проблемного 
опыта, информационно-коммуникационные технологии и привели в статье 
некоторые примеры творческие задач, использованные в процессе обучения. 
 
Химиялық есептер – функционалдық тәуелділіктері мен өзіндік міндеттері 
бар сұрақтарға жауап беруді талап ететін танымдық тапсырмалар. Химиялық 
есептердің дидактикалық мақсаты - химиялық тілдің сандық және сапалық 
сипаттамалары арасындағы тұтастықты орната отырып, пәндік білім мен 
іскерлікті ұштастыру. 
Химиялық есептерді орындау процесі қызықты және сөзжұмбақтарды 
шешуді ұнататын әуесқойлардың алатын қанағаттануымен бірдей сезім әкелуі 
тиіс. 
Тапсырмаларды үнемі және жүйелі түрде шешіп отыру қажет. 
Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар білім және таным әрекетін 
дамыта отырып, күрделі ойлау қызметін жүзеге асырады. Білім мен 
икемділіктің тығыз өзара әрекетесуі - ойлаудың түрлі тәсілдерін 
қалыптастырудың негізі. 
Оқыту жүйесіне есептерді енгізу оқытудың келесі дидактикалық 
қағидаларын іске асыруға мүмкіндік береді:

оқушылардың дербестігі мен белсенділігін қамтамасыз ету; 

білім мен шеберліктің беріктігіне қол жеткізу; 

оқытудың өмірмен байланысын жүзеге асыру; 

химияны политехникалық оқыту мен кәсіби бағдарды жүзеге асыру [1]. 
Олардың ішіндегі ең бастысы - күрделілігі әр түрлі деңгейдегі үлкен 
мазмұнды тапсырмаларды шешуді үйретіп қана қоймай, ең алдымен, білім 
алушылардың шығармашылық ойлауын дамытатын дайындық жүйесін 
ұйымдастыру болып табылады. Бұл жүйе дамытушылық бағытта болуы тиіс 


313 
және нәтижесінде орындалған тапсырмалар көлемімен ғана шектеліп қалмай, 
оқушылардың бойында креативті және шығаршылық ойлау қабілеттері 
қалыптасуы қажет. 
Креативті ойлауды дамыту тұрғысынан, оқушының жадында сақталған 
ақпараттың мазмұнын ғана емес, құрылымын да анықтау маңызды. Білімнің 
жүйелілігі, байланыстылығы мен тұтастығы түпнұсқалық және тиімді 
шешімдерді іздестіруді қамтамасыз етеді. 
Дарынды оқушыларды күрделілігі жоғары есептерді шешуге үйрету 
жұмысының екінші кезеңі олардың шығармашылық танымдық іскерлігін 
қалыптастырумен, креативті әдістер мен есептерді шешудің эвристикалық 
тәсілдерін оқытумен байланысты. 
Есептің 
мазмұнын 
шығармашылық 
түрде 
өзгертуді, 
тапсырма 
элементтерінің белгілі объектілермен немесе құбылыстармен байланысын 
орнатуды 
қамтамасыз 
ететін 
негізгі 
психологиялық 
механизмдерге 
төмендегілер жатады: 
1) "кездейсоқ" шешім механизмі немесе резонанстық механизм (қандай да 
бір тапсырма элементтерінің субъектілік тәжірибе элементтерімен кездейсоқ 
сәйкес келуі); 
2) телеологиялық механизмдер (мақсатты бағытталған немесе мақсатқа 
сәйкес, оның ішінде Рубинштейн Л. ұсынған "синтез арқылы талдау"). 
Есептерді шешудің психологиялық механизмдеріне сәйкес креативті 
әдістер ретінде: ұғымдық-белгілік жүйені құру, редукция әдісі және аралық күй 
әдісі (аралық мақсаттар) алынады. 
1. Бірінші креативті әдіс - ұғымдық-таңбалық жүйе (кластер). Бұл 
индивидтің менталдық құрылымының графикалық көрінісі (ұғымдардың 
ассоциативті және семантикалық байланысқан жүйесі). Осындай жүйені 
құрастырудың мақсаты оқушының (ассоциативті ойлау негізінде) есептің 
негізгі мазмұны айналасында білімін өзектендіру болып табылады. Білім алушы 
тапсырманы уақытша шегеріп, тапсырманы шешу үшін өз тәжірибесі мен 
білімдерін көрнекі түрде бекітуге тырысады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, 
күрделі есептерді шешуде кластерді қолдану арқылы білім алушылар көбінесе 
есепті шешу үшін қажетті элементтерді тауып, көрсетіп, белгілей алады. 
Кластер есептің жасырын элементтерін ашуға көмектеседі, ал логика мен 
тәжірибе қажетті қарым-қатынасты табуға және оларды есептің шешімі ретінде 
жазуға мүмкіндік береді. 
2. Екінші креативті әдіс – редукция әдісі. Редукция әдісінің мәні есеп 
шартын оңайлату болып табылады. Оқушы берілген тапсырманы орындай 
алады және шешу кезінде қиындық тумайды. Тапсырма редукциясы - бұл 
шығармашылық процесс. Есептердің әртүрлі нұсқаларында есеп шарттарының 
өзгеруіндегі маңызды байланыстар мен элементтерді көру, оларды проблемалы, 
ең қиын тапсырма элементімен салыстыру қажет. Тапсырманы жеңілдетіп, оны 
өзі үшін түсінікті етіп жасай отырып, білім алушы оны шешу жолында кедергі 
болып көрінетін қиын элементтен бас тартады. Қарапайым есептерді шешу 
тәсілдері өзектіленгеннен кейін, оның қиын элементін есеп шарттарына 


314 
қайтарып, «бұл элемент тапсырмада нені өзгертеді, тапсырма мазмұнын 
түсіндіруде қандай көмегі бар?» деген сұрақтарға жауап беру қажет. Күрделі 
тапсырмаға қайта оралғаннан кейін, оның талдауы енді шешім үшін қажетті 
өзекті ақпарат өрісінде орын алады. Өзектілендірілген ақпарат өрісінде 
ойлаудың ассоциативті-логикалық және резонанстық тетіктері негізінде 
міндеттер элементтері арасындағы маңызды байланыстарды орнату және ұғыну 
неғұрлым тиімді және нәтижелі өтеді. Сонымен қатар, ұғымдық кластердің 
көмегімен шешімді іздестіру үшін қажетті ақпараттың өзектілендірілген өрісі 
құрылады. 
3. Үшінші креативті әдіс - аралық мақсаттар әдісі. Күрделі есептерді шешу 
кезінде тәжірибесі жоқ оқушылар үшін негізгі байланыстар, параметрлер мен 
есеп элементтерін тұтас қабылдау қиынға соғады. Тапсырманың бір 
элементтері басқалармен байланысты екенін түсіну қиын. Тапсырма бір-бірімен 
байланыссыз үзінділерге ыдырайды. Білім алушыға осындай есептерді шешудің 
жалпы логикасын көру қиын. Дәл сол кезде есептің өтпелі күй әдісін қолдану 
ұсынылады [2]. 
Аса күрделі есептерді шешуге дайындаудың ең жақсы тәсілі - өткен 
жылдардың есептерін шешу. Интернет желісінен соңғы 5-7 жылда химия 
пәнінен өткен кез келген олимпиаданың тапсырмалары мен оны толық шешу 
жолдарын табуға болады. Алайда, мұндай ақпарат көп болғанымен, әрдайым 
көмектеспейді,себебі оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тәжірибесі жоқ 
немесе аз. Біз есептерді шешудің тиімді жолдары бойынша бірнеше кеңестер 
ұсынамыз. 
1) тапсырмалардың толық жиынтығын алыңыз, жеткілікті уақыт бөліңіз 
(мысалы, демалыс күні) және мүмкіндігінше көп тапсырмаларды шешуге 
тырысыңыз. Кез-келген тапсырмада, тіпті егер ол толық орындалмаған болса 
да, мүмкіндігінізше шешуге тырысыңыз және тұрып қалған сұрақты жазып 
алыңыз. 
2) осыдан кейін шешімдерге жүгінуге болады. Әр тапсырманы талдай 
отырып, жеке дәптерге жазыңыз:
а) сіз үшін жаңа реакция теңдеулері;
б) шешімнен түсінген жаңа химиялық ойлар;
в) шешімнің жаңа техникалық тәсілдері (мысалы, айнымалыларды таңдау 
тәсілі, дәлелденген таңдау және т. б.); 
г) шешімде сіз жасаған қателіктер. 
Мұндай дайындық көп уақытты талап етеді, бірақ ол ең тиімді. Содан 
кейін, толтырылған дәптерлерді парақтап, сіз қажетті ақпаратты оңай 
жаңартасыз. Бұл дұрыс шешімдерді жеңіл-желпі ғана көру емес, жаңа 
ақпаратты терең игеру болып табылады [3]. 
Шығармашылық тұрғыдан ойлайтын оқушы қарама-қайшылықты бөліп, 
мәселелерді анықтап, оларды дәстүрлі емес әдістермен шеше алады, өзіне және 
басқаларға сапалы жаңа нәрсе туғыза алады. Оқушылардың шығармашылық 
ойлауы ерекше сипатқа ие: белгілі ақпаратты меңгергенде, жеке тұлғаның 


315 
дамуына үлес қосатын субъективті жаңалықтың ашылуына да үлесін қосады 
[4].
Химия сабағында оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру 
үшін біз шығармашылық есептерді, креативті әдістерді, проблемалық тәжірибе 
әдісін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдандық. 
Білім алушыларға мынадай шығармашылық есептер ұсынылуы мүмкін: 
әдеби шығармалардың негізінде құрылған есептер; әртүрлі пәндер бойынша 
білімді қолдануды талап ететін кешенді есептер; табиғи құбылыстар негізінде 
құрылған есептер; қызықты есептер; белгісіз және белгілі тапсырмалар; 
бағалау-есептер; қарама-қайшы мәліметтерден тұратын және оларды шешу 
кезінде қайшылықтарды жоятын гипотезаға әкеп соқтыратын есептер; зерттеу 
сипатындағы есептер; конструкторлық есептер; болжам-есептер. 
Есептерді шешудің басты мақсаты креативті ойлауды дамытуға, білім 
алуға бағытталуы тиіс. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін есептерді шешу 
әдістерін таңдау маңызды.
Креативті әдістер: 
- "Миға шабуыл" (әдістің негізгі міндеті: талқылау қатысушыларының 
ойлау және стереотиптерден босатылуы нәтижесінде көптеген идеяларды 
жинау); 
- "Егер де..." әдісі (егер әлемде бір нәрсе өзгерсе, не болатынын сипаттау 
немесе сурет салу: барлық көлемді денелер тегіс болады; жыртқыштар 
шөпқоректілерге айналады және т. б.); 
- "морфологиялық жәшік" әдісі (белгілі және белгісіз элементтердің 
әртүрлі комбинацияларын жасау арқылы жаңа, күтпеген және бірегей 
идеяларды табу); 
- рецензия әдісі (оқулық материалын, мақаланы сын тұрғысынан талдай 
білуді, басты сәттерді ерекшелеуді қалыптастырады) [7, 8]. 
Қорытындылай келе, химияны оқыту барысында біз ұсынған оқушының 
шығармашылық ойлауын қалыптастыруын негізге алатын әдістеріміз 
оқушының субъектілік ұстанымын өзгертуге, мұғалім мен оқушының бірыңғай 
білім кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
"Дарын" мектебінің 8-11 сынып оқушыларымен жұмыс кезінде әдістерді 
тиімді, әрі жүзеге асыруының тағы бір түрі олардың олимпиадаларға қатысуын 
ұйымдастыру болып табылады. Стандартты емес тапсырмаларды шешуде 
креативті әдістерден қатар, олимпиадаларға қатысу кезінде оқушы өз 
бойындағы білім мен біліктілік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. 
Олимпиадаларда оқушылар жеке түрде, ұжымдық түрде (командалық) қатыса 
алады. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де химия пәнінен жыл сайын 
олимпиадалар өткізіледі, "Дарын" мектебінің оқушылары үнемі аймақтық, 
республикалық олимпиадаларға және Интернет-олимпиадаларға қатысады. 
Химияны зерттейтін оқушылармен жұмыстың мұндай түрлері келесі оқу 
жылына жоғары уәждемені қалыптастыруға ықпал етеді. Осындай оқушыларда 
өзіне және табысты болашаққа сенімділігі артады. 


316 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет