«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет180/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   188
Байланысты:
материал пед

Көмек-нұсқау

 
Тапсырманың 
мақсатқа 
жету, 
жетпеуі 
сәттілігі 
өзіңнің 
де 
ұйымдастырушылық қабілетіне байланысты.
Топтың әр мүшесімен достық қарым-қатынаста бол. Ескертулеріңді 
байыппен, орнықты етіп жаса. 
Әділетті бол, іс-әрекеттің қысқа, тұжырымды, түсінікті, дәлелді болсын. 
Өзімшіл болма, «менікі ғана дұрыс» деген қорытынды жасама. 
Көмекші, ақылшы бола біл. Достарыңның жауабын көңіл қойып тыңда, 
керекті жерінде ғана пікір қос. 
Жұп мүшелеріне де осындай нұсқау ұсынып, қалай жұмыс істеу керектігі 
туралы бағыт-бағдар беріледі. 
6-сыныпта көсемшелерді оқып болғаннан кейін білімді жинақтау, 
қорытындылау, алған білімдерін өз беттерімен тәжірибеде пайдалана білу әрі 
ғылыми ізденіске баулу мақсатында пәнаралық байланысқа негізделген 
іздендіру сабағын өткіздік. Абайдың «Болыс болдым мінеки» өлеңін зерттеудің 
негізі етіп алдық. Сабаққа оқушыларды алдын ала дайындаған тиімді болып 
келеді. Алдыңғы сабақта ақынның өлеңін оқып, түсіндіріп, үйге төмендегідей 
тапсырма бердім. Абай өлеңін үлестірме қағазға жазып таратқан болатынбын. 
1.
Өлең кімді сынауға бағытталған? 
2.
Болысты кім деп түсіндіңдер? 
3.
Өздеріңе оның қандай іс-әрекеттері ұнайды? 
4.
Болысты сипаттауда ақын қандай көсемшелерді пайдаланған? 
Тапқандарыңды жазып қойыңдар. 
Іздендіру жұмысы төменгі кезеңдерден тұрды. 
І кезең. 
Сабақтың алдында осы тапсырмалар бойынша шағын пікірлесу 
өткізілді. Көсемшелердің жасалу жолдары еске түсірілді.
ІІ кезең
. Оқушылар өз қалаулары бойынша жұптасып, топқа бөлінді. 
 ІІІ кезең
. Әр топқа Абай өлеңі таратылды. Тапсырмалар берілді. 
 І топ
. Өлеңнен көсемшелерді табыңдар. Жасалу жолдарына талдау 
жасаңдар. 
ІІ топ.
Болыстың іс-әрекетін, мінез-құлқын сипаттаудағы көсемшелердің 
орнын дәлелдеуге талаптаныңдар. 
 ІІІ топ
. Пікір таласына дайындалыңдар. «Абай болысты сипаттау үшін 
неге көсемшелерді көп пайдаланған?»


427 
 IV топ. 
Көсемшелерді табыңдар да, оның синонимін анықтап, өзгертіп 
жазып көріңдер. Өлеңде қандай өзгеріс болды, соны зерделеңдер де, 
көсемшелердің орнына пікір білдіріңдер. 
Әр 
топ өзіне берілген шумақтар бойынша осы мазмұндағы 
тапсырмаларды орындады. Іздену кезеңінен кейін бүкіл ұжым «Көсемшелердің 
«Болыс болдым мінеки» өлеңіндегі орнына» өзіндік баға, пікір білдіріп, 
қорытынды жасады. [2, 63-б.] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет