57
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ДАРА ЖОЛ
Жұмадильдинова А.Қ.
Қарағанды қаласы "Мерей" б/ж КМҚК
Мақала мазмұны ғасырлар бойы атадан балаға мирас болған адамгершілік
қағидаттары-ұлттық құндылықтарымыздың бүгінгі таңда қоғамдағы алатын
орны мен өзектілігін қамтиды.Рухани құндылықтарымыздың арқасында біз
өзіміздің халықтық қалпымызды сақтап, әлемге таныларымыз анық. Сондықтан
да,кешеден бүгінге жеткен ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ бойында
қалыптастырып,ертеңгі күнге жеткізу,болашаққа мирас ету-әрқайссымыздың
басты міндетіміз.
Содержание статьи отражает актуальность национальных ценностей и
нравственных принципов, то что передавалось веками от отца к сыну.
Благодаря духовным ценностям мы сохраним и передадим миру наш
национальный характер и колорит. Именно таким образом богатство нашего
народа сохранилось до наших дней. На сегодня главная задача каждого из нас
сохранить и передать будущему поколению знания и традиции нашего народа.
Жаңа Қазақстанның өркениетті жолмен өрістетуінің қажетті шарты-
рухани бірлік пен ұрпақтар арасындағы сабақтастық, ұлттық сана-сезім мен
қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін өзектендіу болып
табылады. "Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына
баса мән беремін.
Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалығы –
бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз.
Біз оларға жол ашу үшін барлық жағдайды
жасауымыз керек", деді Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа
жылдық құттықтауында биылғы барыс жылын "Балалар жылы" деп
жариялауында.[1]
XXI ғасыр - жаңа ақпараттық нано- био- атом- ядролық қару
технологияларының жедел дамыған заманы. Адамзаттың, әсіресе, өскелең
ұрпақтың өмірге біржақты, материалдық көзқараспен қарауы, суицид,
нашақорлық, жемқорлық, басқа да ұлттық құндылыққа жат аурулардың
туындауына, соның салдарынан адами құндылықтардың азая бастауы бүгінгі
таңда саяси тұрғыда күрделі мәселеге айналып, әлемде болсын, өз елімізде
болсын зиялы қауым мен жұртшылықты қатты толғандыруда. Еліміз
тәуелсіздікке көп қиындықпен қол жеткізген халық болғандықтан, ақылды алға
салып, жақсы мен жаманды ажыратып,дамыған елдердің озық жағынан үлгі алу
қашанда уақыт талабына айналған. Профессор Махмұд Хамди Зақзұқ
"Ұмытылған құндылықтар" кітабында: "Тап қазіргі кезде, қоғамның тек
материалдық тұрғыдан ғана біржақты дамуы, ғалам тепе-теңдігіне әсер етіп,
жерде түрлі катаклизмдер тудыруда. Ал рухани құндылық өмірдің барлық
саласын дамытуға қозғау салатын негізгі тірек болып табылатынын ұмытып
бара жатқандайдаймыз.Осы тіректен қалған дамушы күштер бастау алады,
өйткені, мұңсыз ешқандай нәрсе жасау мүмкін емес", деп жазады.[2,65-б.]
58
Ал, рух дегеніміз - мәңгі, шексіз, еш нәрсемен теңгеруге келмейтін,
бірлікке негізделген, махаббат пен мейірімнен тұратын, таза сана негізіндегі
ақыл-парасат, ғаламдық қуатты өрістік негіздегі толық жетілген ақпараттық
жүйе, барлық жаратылыс негізі. Олай болса, ұлттық рухты үнемі ұлықтап
жүретін қазақтың байырғы тәлім-тәрбиесінің қайнар көзі тым тереңнен
басталады.Ұлттық тәрбие қайнарынан қанып сусындаған ұрпақ дені сау,
ақылды, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, кішіпейіл болып өседі. Ал, тәрбие
дегеніміз - адам бойындағы ата-баба тегінен, әкесі мен анасы арқылы келе
жатқан шежірелік, генетикалық ақпараттарды баптау,өмірі жолында іске асыру.
Нақтырақ айтқанда, әр адам мінезіңнің жақсы жақтарын күшейтіп, жаман
жақтарын басу арқылы өзіңді өзің жетілдіру емес пе!? Ұлттық тәрбие
негізіндегі рухани тазалық ұстанымдарының көрсеткіштері деп: ой-сана, ниет-
пиғыл тазалығын,гигиеналық дене, ішкі жан дүниенің тазалығын, сөз тазалығы
мен іс-әрекет тазалығын, көркем мінезге сай адамдар арасындағы өзара қарым-
қатынастың тазалығын, экологиялық сана негізіндегі қоршаған орта мен
табиғатқа деген тазалықты атап айтуға болады.
Сондай-ақ, халықтың өмір тәжірибесінен, рухынан, өнерінен, ділі мен
тілінен, ұлттық мінезінен туатын ішкі заңдылықтарды дұрыс түсіндіріп, үйрете
білу - ұрпақ тәрбиесіне оң әсерін тигізбек. Әсіресе, халқымыздың фольклоры
мен ауыз әдебиеті - халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен терең
мағлұмат беретін жауһар дүниелер. Фольклорымыздың алтын сандығындағы
шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар
арқылы тілдік қорымыздың байлығын паш етіп, жас ұрпақтың ана тіліне деген
құрметі мен мақтаныш сезімін оятамыз. Ал халықтың ежелгі салт-дәстүрлері,
әдет-ғұрыптары, ырымдары мен тыйымдары арқылы қазақтың елдік мәдениеті
мен адамгершілік, ізгілік қасиеттерінен, халықтық үлгісінен терең мағлұмат
беруге болады. Ана тілімізді ұлықтау, сүю, қадірлеу, оның болашағы үшін
толғану, күресу, халық ретінде біздің елдігімізді танытатын айғақты фактор.
Мұндайда "Тіл тұғырлы болмай - ел тұғырлы болмайды" деген қағиданы әсте
естен шығаруға болмайды. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге, сол тіл
тірегі саналатын ұлтқа, халыққа деген көзқарас екені даусыз. "Халықтың мәңгі
ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы"деген қырғыз
жазушысы Ш.Айтматов. Сондықтан туған тілімізге бейжай қарамағанымыз
жөн. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік
тіл мәртебесінен де биікке көтерілгенде, біз елімізді "Жаңа Қазақстан" деп
мақтана айтатын боламыз.
Сонау бір кеңестік қызыл идеологияның қылышынан қаны тамып тұрған
кезде, өз еліңді менің елім, өз ұлтыңды менің ұлтым деп айта алмайтын, қызыл
тілге шынжыр салынған кезде, қазақтың көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиев
«Мен – қазақпын» деген биік пафосты, асқақ үнді, өршіл поэма жазып, иісі
қазақты бір көтеріп тастағаны көзі ашық, көкірегі ояу әр қазақтың жадында.
«Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
59
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген...
Мен қазақпын, мен енді байтақ елмін,
Айта бергім келеді, айта бергім», - деп ақын өзінің қазақ екенін байтақ
елге, қала берді бүкіл әлемге жар сала, мақтанышпен үн қатқан. Ал, қазір «Мен
– қазақпын» деп қалай мақтансақ та, өзіміздің қазақ елі екенімізді қалай паш
етсек те ешкім тілімізге тұсау салып жатқан жоқ. Тек батыстан соққан дүлей
дауылдай шапшаң жылжып келіп, ақырындап еніп жатқан жаһандану үрдісі
тәрбиеміздің, мінез-құлқымыздың бағыт-бағдарын өзгертіп, ұлттық санамызға
әсер етіп жатқаны алаңдатады. Жас ұрпақты рухсыздықтан сақтап, елін, жерін,
отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру біздің басты міндетіміз екенін
әсте ұмытпағанымыз жөн.
«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» дегендей, салт-дәстүрлерден
этностың мінез-құлқы, үлгі-өнегесі, зейін-зердесі, даналығы мен даралығы,
шешендігі мен тапқырлығы, ақыл-ойы, өзін қоршаған жанды-жансыз әлемге
моральдық, танымдық, этикалық көзқарастары айқын көрінеді. Қазақ отбасы
тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының
мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. [3,39-б.] Көне заманнан-ақ қазақ халқы
жазбаша педагогикалық еңбек қалдырмаса да, ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән бере
білгендігі анық. Даналықтың мектебі іспеттес білгір, ақылгөй ата-бабаларымыз
өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып,
халықтың мұраттары мен арман-тілектеріне сүйеніп отырған. Солардың бірі,
қара қылды қақ жара әділ билік айта білген атақты Төле би: «Адамның
басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр,
сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар, бәрінен
ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық», - деген екен.
Шындығында да, отбасы берік болуының негізгі қағидасы адам бойындағы осы
қасиеттерге негізделсе керек. Әрбір қазақ отбасында экономикалық,
экологиялық, құқықтық тәрбие, ол кезде бұлай аталмаса да, адамгершілік,
еңбек, ақыл-ой, дене, сұлулық тәрбиелері қалыпты түрде жүргізілген.
Отбасында
ұлттық
құндылықтарды
сақтау
және
нығайту
басты
басымдылықтардың бірі екені белгілі. Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді
түзе» демекші, бүгінгі жарқын болашаққа қадам басқан саналы ұрпағымызды
қалыптастыруда интеллектуалдық серпіліс сөзсіз қажет. Олай болса, сол
интеллектуалдықтың өзі ұлттық тәрбиемен келетін жеміс. Ғұлама Әбу Насыр
әл-Фарабидің: «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген қанатты
сөзі бар. Бұл - бабамыздың ешқашан өзектілігін жоймайтын қанатты сөзі.
Сондықтан да, қоғамды құрушы отбасындағы әке мен ана тәрбиесі - ұрпақ үшін
өте маңызды, ата-ананың мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі
баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соларға қарап өсетін нысанасы.
Біздің бабаларымыз "Әке көрген оқ жоңар, шеше көрген тон пішер", деп үлкен
баға бергенде, отбасы тәрбиесінің маңыздылығын ескерткен. Ал бүгінгі ұрпақ
тәрбиесі қандай?! Ата-аналарымыз бала тәрбиесіне толыққанды уақыт бөліп,
олардың немен шұғылданатынына назар аудара ма? Әрине, бірден жауап беру
өте күрделі мәселе. Жасөспірім-дердің бойынан психологиялық ашушаңдықты,
60
өзіне жат нәрсеге еліктеуді және қақтығыс жағдайларға бейімділік сынды
бірқатар менталитетімізге жат өрескел қылықтарды байқауға болады. Әрі
олардың уақытының көп бөлігің бос өткізетіндігі, пайдалы еңбек, оқу,
талаптану жағдайының аздығы да рухани құндылықтардан айрылуына жиі
түрткі болуда. Әр адамның тағдыры тәрбиеге байланысты. Жақсы тәрбие алған
адам баласы жақсы өмір сүре алады. Теріс тәрбие алғандар өз тағдырына балта
шабады. Осы орайда, тәрбиеге қатысты орыс халқының әдебиет сыншысы,
публицист В.Белинский: "Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс" деп үлкен
баға берген. [4,4-б.]
Жеке бас құзыреттілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу - бәріміздің адал
борышымыз. Отбасынан бастау алатын ұрпақ тәрбиесі рухани заңдылықтар
негізінде ақ пен қараны ажырата білу арқылы күнделікті өмірде дұрыс шешім
қабылдап, алдыңа қойған мақсаттарға жете білуімен қатар, жарқын болашағына
жол ашады. Жаңа Қазақстанның жаңаруы мен жаңғыруы жолында еліміздің
әрбір азаматы елі үшін бәйгеге бас тігетіндігін көрсетіп отырса, бүгінгі ұл-
қызымыз өз мемлекетінің тізгінін ұстар перзенті, шынайы патриоты дәрежесіне
көтерілетін ұрпақ болып қалыптасары анық.
Достарыңызбен бөлісу: |