136
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
Кенжебек Шырын
Қарағанды қ. «Думан» бөбекжайы КМҚК директоры
Мектепке дейінгі балалық шақ – бұл жалпы тұлғаның қарқынды танымдық
даму кезеңі. Егер баланың ақыл-ойы және эмоционалдық әлеуеті мектепке
дейінгі шағында лайықты дәрежеде дамымаса, онда оны ары қарай толық
көлемде жүзеге асыруға еш мүмкін болмайды. Біздің мектепке дейінгі
ұйымдағы тәрбиеленушілердің құрамы біркелкі емес, қалыпты дамыған
балалардың арасында ерекше білім алуға мұқтаж балаларда бар.
Олай болса бүгінгі күнде инклюзивті білім беру – балалардың сапалы
білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесі.
Дошкольное детство - это период более интенсивного
познавательного
развития личности в целом. Если умственный и эмоциональный потенциал
ребенка не развит в должной степени в дошкольном возрасте, то в дальнейшем
реализовать его в полном объеме будет практически невозможно. Состав
воспитанников в нашей дошкольной организации неоднороден, среди
нормально развитых детей есть и дети, нуждающиеся в особом образовании.
В настоящее время инклюзивное образование - это система образования,
направленная на обеспечение доступа всех к качественному образованию.
Бүгінгі
таңда
еліміздегі
мемлекетіміздегі
саясаттың
маңызды
басымдықтарының бірі - білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Білім
беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сапалы білім
алуға барлығының құқықтарының теңдігі, әр адамның интеллектуалды дамуын,
психофизиологиялық және жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың
барлық деңгейі үшін білімге қолжетімділігі жатады.
Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға
бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім
беру болып табылады.
Инклюзивті білім беру –баршаның сапалы білімге қол жетімділігін
қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі. Ол
балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа
да
қасиеттеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу
қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың
сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге
кірігуін көздейді.
Еліміздің бас Конституциясында «Білім туралы » заңында
ерекше білім
беруді қажет ететін балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық,
коррекциялық
амалдары,
психологиялық-
медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім
алуды ақысыз пайдалану
туралы құқығы бекітілген. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
аясында, психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім
137
беру мекемелерде «кедергісіз аумақтар» (пандус, арнайы лифт, арнайы
жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту, медициналық құрал-
жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалынуда, сонымен қатар қоғамдық
орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін
материалдық- техникалық
жағдайлар
қарастырылып жатыр.
Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының желісін сақтап, жетілдіру және
инклюзивті білім беру жүйесін қатар дамыту ең тиімді қадам болып табылады.
Мұндай жағдайда түзету ұйымдары жалпы білім беру мекемелерінде қызмет
жасайтын педагогтарға әдістемелік көмек көрсетеді, білім алып отырған
тұлғалар мен және олардың ата-аналарына кеңес беру жәнe психологиялық-
педагогикалық түзете көмек көрсету қызметін атқарады. Мектеп жасына дейінгі
балаларға
қажетті
психологиялық-медициналық-педагогикалық
көмек
уақытылы көрсетілген жағдайда баланың дамуындағы негізгі кемшіліктерді
түзетіп, жалпы білім беру мекемелерінде оқытуға дайындауды қамтамасыз
етеді
.
Осындай ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуды
ұйымдастыру мақсатында олардың психофизиологиялық
және танымдық
мүмкіндіктерінің деңгейін ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын
білім берудің арнайы типтік оқу бағдарламалары құрастырылған және
бекітілген. Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кіріктіре
(инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар
дайындалды.
Жалпы білім беру мекемелерінде ерекше білім беруді қажет ететін
балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастыру ретінде баланы білім
беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу
ортасын құру болып табылады.
Инклюзивті білім беру жүйесі қазіргі қоғамдағы күрделі мәселе болып
отыр, сондықтан да қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас мәселесін
жою керек. Ақпараттың аздығы,
сенімсіздік, бала құқығын аяқасты ету -
осының бәрі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға теріс көзқарасты
тудырады. Бір жағынан, арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім
беру үшін елеулі қиындықтар туғызады. Тәрбиешілер мен педагогтер ерекше
білім беруді қажет ететін балалармен жұмыста өздерінің кәсіби дайындығы
деңгейіне көңілі толмайтындығын атап көрсетеді. Мысалы, педагогтар
(тәрбиешілер), оның ішінде дефектологтар баланың оқуы мен даму үдерісіне
теріс ықпал ететін барлық жағдайлар мен факторларды білмеуі мүмкін. Алайда,
педагогтар бала бойындағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, нақты іс-
қимылға дайын болуы тиіс.
Осы аталған міндеттердің шешімін табу үшін, білікті мамандар қажет, сол
себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік,
дағды
қалыптастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: