«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар



Pdf көрінісі
бет62/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   188
Байланысты:
материал пед

Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар:
- Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың ерекше 
білім беруді қажет ететін балаларды қабылдауға дайын болуы.


138 
- Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, ерекше білім беруді қажет 
ететін балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуын 
қамтамасыз ету.
- Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында 
тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, тәжірибелерді баспалар, бұқаралық 
ақпарат құралдары арқылы тарату.
- Ата-аналар қоғамдастығының ерекше білім беруді қажет ететін 
балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны 
қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға 
қатысуы.
-Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында арнайы 
мамандар даярлау; 
- Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы 
балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.
- Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара 
сабақтастықта жұмыс жасау.
- Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ерте кезден бастап түзетуді 
қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.
-Кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының 
нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.
-Мектепке дейінгі мекемелерде ерекше білім беруді қажет ететін 
балаларды дамыту үрдісінің мониторингін жасау.
- Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына 
кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата-анасын 
қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым-қатынас 
қалыптастыру.
Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру 
үрдісіне қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы 
таңдауына мүмкіндік жасайды. 
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар инклюзивтік білім алуда 
логопед, дефектолог, психологтың жылдық жоспарларына сәйкес күні бойы 
өзімен жасты балалармен қарым - қатынаста болады (сурет салу, жапсыру т.б.) 
және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады. 
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар жалпы топта тәрбиешілердің 
ұйымдастырылған 
іс-әрекеттеріне 
қатысып, 
өздеріне 
керек 
арнайы 
бағдарламалар бойынша білім алады. 
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар бөбекжайдың өміріне белсене 
қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы, 
ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке болып 
табылады. Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, 
құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, 
мектепте оған едәуір жеңілірек болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта 
жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды 
жалғастырады. 


139 
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы 
еліміздің ертеңі екенін ескерсек, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың 
сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз. 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
Малофеев, Н.Н. Специальное образование в меняющемся мире
М.:Просвещение 2002
2.
«Бала тәрбиесі» журналы №2 2006ж., №4 2008ж.
3.
«Бала мен балабақша» журналы №4 2012ж.
4.
«Разные возможности – равные права» Книга детского фонда 
ООН/Юнисеф/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет