МЕКТЕПТЕГІ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ
Мамыхова Гульмира Есентаевна
Қарағанды , «№23ЖББМ»КММ
Аңдатпа: Бұл мақалада жоғары сынып оқушыларының болашақ мансабын
қалыптастыру жолындағы мектептің кәсіптік бағдарлау жұмысының ролі
туралы жазылған. Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда
кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып
келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші
болады. Осындай сәтсііздікке жол бермес үшін, жастар болашақта жақсы білікті
маман болу үшін, еліне, жеріне пайдалы қызмет ету үшін, өзінің сүйікті
қызметімен айналысу үшін, мектеп қабырғасында оқып жүріп мамандық таңдай
білуі керек. Бұл жолда мектептегі кәсіптік бағдарлау жұмысының міндеттері
және көмегі туралы айтылған.
Аннотация: В данной статье рассказывается о роли школьной
профориентационной работы на пути формирования будущей карьеры
старшеклассников. Недостаточное знание профессии - приводит к случайности
в выборе профессии. Ошибиться в выборе профессии в конечном итоге
приведет к тому, что вы будете ненавидеть выбранную профессию и часто
менять место работы. Для того, чтобы не допустить такого успеха, молодежь
должна уметь выбирать профессию, обучаясь в школе, чтобы в будущем стать
хорошим квалифицированным специалистом, с пользой служить своей стране,
своей земле, заниматься любимым делом. На этом пути речь идет о задачах и
помощи в профориентационной работе в школе. В статье показана важность
профориентации в образовательном учреждении, а также автором отдельно
рассмотрены методы и направления профориентационной работы. И в статье
258
говорится, что суть профориентации заключается в том, чтобы помочь ученику
изначально сделать правильный выбор.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан....
Абай
Абай Құнанбаевтың дәл осы сөзінің терең мағынасын ұққан жастар,
мамандық таңдауда шатаспас еді. Олардың ұлы сөзге мән беріп, өмірдегі өз
кетігін таба алуына көмектесу, мамандықтар туралы бағыт-бағдар беру,
мектептегі кәсіптік бағдарлау жұмысының нәтижесі.
Мектептегі жоғары сынып оқушылары - болашақ мамандар. Олар
жалпыұлттық құндылықтарды сақтап, құрметтей отырып, өзінің сүйікті қалаған
мамандығы бойынша елінің даму жолында еңбек ете білуі керек.
Оқу процесіндегі кәсіби бағдар – оқушыларға оқу процесі барысында
мамандықтар туралы кеңес беру және оларды ақпараттандыру. Мектеп
оқушыларының қызығушылықтары мен икемділіктерінің деңгейі нақты оқу
әрекетіне тікелей тәуелді.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері
төмендегідей:
— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және
дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Жалпы білім беретін пәндердің оқу материалының мазмұны кәсіби бағдар
беру мақсатында қолданылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға пән бойынша білім
беруде мамандықты табысты игеруге қажетті білімді түсіндіреді. Мектеп
оқушылары биология, химия, физика, тарих, қоғамтану, әдебиет пәндері
бойынша сабақтар барысында мамандықтар туралы негізгі ақпараттармен,
еңбек ету жағдайымен, қоғамдағы орнымен, маңыздылығымен танысады. Әр
оқу пәні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру міндетін шешуде сол пән
шеңберіндегі мүмкіндіктер мен құралдарды қолданатыны түсінікті жайт. Егер
физиканы, химияны, биологияны оқытуда пәндердің оқу материалы
мазмұнымен қатар мамандықтардың сипатын ашуға бағытталса, қоғамтану,
әдебиет, экономиканы оқытуда адамның таңдаған мамандығы бойынша өз
мүмкіндіктері мен қабілеттерін жүзеге асыру мен өзін-өзі таныту
мүмкіндіктері, еңбек, өндіріс, еңбекақыны ұйымдастыру секілді мәселелерге
басымдылық беріледі. Осы және басқа да ұғымдарды оқу пәндерімен қатар
түсіндіру оқушының кәсіби өзін-өзі анықтауына тікелей қатысы бар және
кәсіби бағдар мәселесін шешуге көмектеседі.
Бұл ретте әрбір оқу пәнінің шеңберінде кәсіби бағдар, мамандық туралы
берілетін ақпаратты іріктеуде сол пәннің мазмұндық және пәндік ерекшелігін
ескеру өте маңызды болып табылады.
Мектепте оқылатын жекелеген кейбір пәндер барысында кәсіби бағдар
туралы мәлімет беруді «қолайсыз» деп санайтын жағдайлар да кездеседі.
259
Мұндай пәндер қатарына «математиканы» жиі жатқызады. Дегенменде бұл
мұғалімнің оқу материалын өмір құбылысымен байланыстыра алу шеберлігімен
байланысты.
Мұғалім оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруда жетекші рөл
атқарады:
оқушылардың
болашақ
кәсіби
қызметіне,
мамандығына
психологиялық дайындық, кез келген мамандықты таңдауға қажетті
жауапкершілік пен еңбекті құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу.
Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық
ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып
жүргізіледі.
Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде
әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін
ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау
емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. 5-8 сыныптарда
оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экоиомикалық
ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал 9-
11 сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір
кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі
оқушылармен
жұмыстың
негізгі
түрлері-факультативтер,
техникалық
үйірмелер, әр — түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.
Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі — өндіріске саяхат
жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары
сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық
мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру
университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес
ерекше орын алады. Негізгі мақсаты — балалардың денсаулық, анатомиялық-
физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде
жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды
ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік
мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей
жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік
техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру
кабинеттерінде жүргізіледі.
Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдарлау,яғни мамандық таңдауға көмек
өте қажет. Егер адам мамандықты дұрыс таңдаса, оның болашағы жарқын және
ол өмір бойы сүйікті ісімен айналысып, тұрақты болар еді.
«Қаламаған мамандықпен айналысамын деп бекерге жаныңды қинаудың
қажеті жоқ. Мамандықты да құрғақ есеппен емес, махаббатпен іске асырған
жөн …» (Харуки Мураками)
Әдебиеттер тізімі:
1. Воробьев А.Н., Сенин И.Г., Чирков В.И. Кәсіби бейімділік сауалнамасы:
Дж. Холландтың «Өзіндік ізденіс» тестінің бейімделуі: нұсқаулық. Ярославль,
1993 ж. – 236б.
260
2. «Бағдар жолында» білім беру // Педагогика. 2012. № 4. Б. 75.
3. Гендин А.М., Сергеев М.И. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру //
Социологиялық зерттеулер. 2006 жыл. № 8. Б. 61.
4. Грищенко В.И. Мектептегі құзыреттілік көзқарас және бейіндік білім
беру тұжырымдамасы // Бүгінгі таңдағы жоғары білім. 2018. № 2. Б. 81.
Достарыңызбен бөлісу: |