«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет109/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   188
Байланысты:
материал пед

Литература
1.Гиппенрейтер, Ю.Б. Психология внимания. Москва: АСТ, 2008
2.Иванов, М. М. Техника эффективного запоминания. 
Москва: Смысл, 2002
3.Myхинa 2006 — Источник: 
https://alluz.ru/documentation-forms-of-
documents/vozrastnye-osobennosti-uchashchihsya-srednii-shkolnyi-vozrast
 
4.Немов 
2011 

Источник: 
https://alluz.ru/documentation-forms-of-
documents/vozrastnye-osobennosti-uchashchihsya-srednii-shkolnyi-vozrast
 
5.
https://surovkafit.ru/neurology/kak-trenirovat-pamyat-rebenku-effektivnye-
metody
 
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ МЕН КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ 
 
Максутбаева Карлыгаш Бекеновна 
 


252 
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, «Амангелді ауданы әкімдігі білім 
бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 
 
Жастарды қоғамдық пайдалы тәртіпке, кәсіпті дұрыс таңдауға, құқықтық 
санаға негізделген әлеуметік белсенділікке жетуін қамтамасыз ету мемлекеттік 
бағдарламалардың басты мақсаты. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру бірінші 
заңның басты талабы болса, кәсіптік бағыт- бағдар беру оқушылардың 
болашақта өз орнын тауып, жанына жақын мамандықты немесе кәсіпті 
меңгеруде мектеп қабырғасында ұстаздарынан және ата- аналарының 
қолдауымен тұлға болып қалыптасуының орны ерекше. Мектеп оқушыларының 
құқықтық мәдениеті мен кәсіптік бағыт- бағдар берудің табысты жүруі оның 
жалпы мәдениетінің даму деңгейі мен осыған сәйкес білім беру ұйымдарында 
оларға өзін- өзі танытуға және шығармашылығына мүмкіндік беретін, 
құқықтық кеңістіктің және кәсіптік білімнің болуымен тікелей байланысты.
 
Основной целью государственных программ является обеспечение 
достижения молодежью общественно полезного поведения, правильного 
выбора профессии, социальной активности, основанной на правосознании. 
Если формирование правовой культуры является основным требованием 
первого закона, то профессиональная ориентация - это особое место, где 
учащиеся могут найти свое место в будущем и освоить профессию или близкую 
им специальности при поддержке своих учителей и родителей. Успешное 
прохождение правовой культуры и профессиональной ориентации школьников 
напрямую связано с уровнем развития их общей культуры и, соответственно, 
наличием правового пространства и профессиональных знаний в 
образовательных организациях, позволяющих им самовыражаться и заниматься 
творчеством. 
Қазақстан 
Республикасының 
әрбір 
азаматы 
бойына 
құқықтық 
құндылықтарды сіңіріп, құқықтық сананы қалыптастырумен бағаланады. Қоғам 
үшін ең қымбат қазына – ол адам, адамның бостандығы мен өмірі. Бүгінгі 
жастар осы қымбат қазынаны бағалай білуі тиіс. Сол себепті құқықтық 
мәдениетті қалыптастыру тәрбиенің негізгі мақсаты. Оқушы кезеңінен 
мемлекет заңдары мен қоғамда өмір сүру ережелерін құрметтеуге, қоғам 
заңдылықтарын бұзуға төзбеушілікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу- 
құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты. Осы сапалар болашақ қоғам азаматының 
құқықтық мәдениетінің мәнін құрайды. 
Құқықтық тәрбиелеу үдерісінде көптеген мәселелер кешені қамтылды. 
Олар жайында 1995 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы 
Президентінің № 2347 «Қазақстан Республикасында жалпылай құқықтық білім 
беру шараларын ұйымдастыру туралы» Қаулысында құқықтық білім берудің 
бағдарламалары мен міндеттері ретінде көрініс алған. Құқықтық тәрбиелеудегі 
қамтылған мәселелер кешеніне: жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті мен 
санасын қалыптастыру; саналы құқықтық білім беру; құқық бұзушылықтың 
алдын алу шараларын жатқызуға болады. А.С.Макаренконың пікірі бойынша: 
«Білім беру мен тәрбиелеу үдерістері өзара тығыз байланысты: білім беру 


253 
үдерісі- тәрбиеленуші, ал тәрбие үдерісі- білім беруші болып табылады»,- 
дейді. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1- бабында «Біздің 
Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет 
ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, 
құқықтары мен бостандықтары (1бап)» деп бекітілген. Өркениет пен 
мәдениеттің маңызды құбылысы ретінде құқық мемлекетінің жағымсыз іс- 
әрекеттеріне заңды түрде тосқауыл қоя отырып, адамның табиғи тарихи 
еркіндігі мен бостандығының жанашыры, гаранты рөлін атқарып отырады. 
Жасөспірімдік кезең- балалық шақтан ересекке өтетін, үнемі қиын, 
дағдарыстық, қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі 
кезеңі. Жасөспірімдердің психикасы жас балалардың да, ересектердің де 
психикасынан өзгеше. Олар үшін импульсивтік, жоғары әсерленгіштік тән, 
олар қызбалыққа тез түседі, көңіл –күйі тұрақсыз, өз- өзіне сенімсіздік, өз 
әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндану тән екендігі белгілі. Бұл сияқты 
құбылмалы психологиялық қасиеттер- жасөспірімдердің қылмыстық жолға 
оңай түсуіне себепші болады.Бұл кезеңде бұрын қалыптасқан психологиялық 
құрылымдардың қайта құрылуы ғана жүріп қоймай, сонымен бірге жаңа 
білімдер қалыптасып, саналы көзқарастар мен әлеуметтік ішкі ыңғайланудың 
қалыптасуының жалпы бағыттылығы өседі. 
Онтогенездегі жасөспірімдік кезең бұл балалық шақтан ересекке өтудегі 
дамудың қарама- қайшылықтың тенденциясымен ерекшеленеді. Бұл күрделі 
кезең, бала дамуындағы жеке даралық қалыптасудың дисгармониялық 
ертеректе қалыптасқан қызығушылықтар жүйесінің бұзылуы ересектерге деген 
қарсылық сипатындағы мінез- құлық сияқты негативті көріністерде өтеді. 
Екіншіден, жасөспірімдік кезең түрліше жағымды факторларға байланысты 
ерекшелінеді, балада дербестік сезімі өседі, басқа балаларға, ересектерге деген 
қатынасы біршама көпжақты және мазмұндырақ бола түседі, оның іс- әрекет 
сферасы сапалы өзгерістерге ұласып, барынша кеңейе түседі. Жасөспірімде 
өзіне және басқаға деген жауапкершілігі дамиды. Бұл кезең де тұлға 
қалыптасуының дағдарысты кезеңдерінің бірі. 
Құқықтық тәрбие сан қырлы күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы 
шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Жастарды қоғамдық пайдалы тәртіпке, 
кәсіпті дұрыс таңдауға, құқықтық санаға негізделген әлеуметік белсенділікке 
жетуін қамтамасыз ету мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты болуы 
тиіс.
Жастық шақтың басты белгісі- адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық 
жағынан елеулі өзгерістерге түсуінде. Осы жаста адамның қоғамдық 
белсенділігі артады, сана- сезімі өседі, психикасы шыңдалып, нығая түседі. Ол 
қоғамнан өз орнын табуға тырсады, өзін қоршаған ортаға сын көзбен қарай 
бастайды. Бұл жастағыларда өзін- өзі бағалауға ынталануы, рухани өмірге 
қызығуы, қоғам мен жеке бас тұрғысындағы ойлар адамгершілік идеялар 
кемеліне келе бастайды. Осы кезде мұның өзі адамның күшті, епті, ширақ, 


254 
оңтайлы болып өсуіне және оның түрлі әдіс- тәсілдері, арнаулы құқықтық 
ережелерді бұзбай, кедергілерді жеңіп үйренуімен де тығыз байланысты.
Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру дегеніміз- олардың жас 
ерекшеліктеріне сәйкес, құқықтық мәдениет элементтерін қоғамдағы шынайы 
құбылыс ретінде қабылдатуды мақсат ететін, арнайы ұйымдастырылған 
педагогикалық әрекет болса, кәсіптік бағдар- оқушының болашақта жетістікке 
жетіп, Жаңа Қазақстанды құруда және өз ісінің шебері атануына ықпал ететін 
мектеп ұстаздары жетілдіретін басты қабілеті. Балаға мамандық таңдауға 
көмектесу үшін жасалатын шаралар жинытығын кәсіптік бағыт- бағдар беру 
деп атаймыз. Балаға кәсіптік бағыт – бағдар беруде мұғаліммен қатар ата- 
ананың орны ерекше. Сондықтан баладан кім болғың келеді, ойыңда жүрген 
мамандықтың қайсысы сұранысқа ие, солардың тізімін жаса, тізімдегі 
мамандықтарды не байланыстырады, балаға қай салада жұмыс жасаған ұнайды, 
баланың қабілеті қай жағынан жоғары, таңдаған кәсібінің ел экономикасына 
тигізер пайдасы қандай деген сауалдар арқылы мамандық таңдау емес, дұрыс 
кәсіптік бағыт- бағдар беру екенін ұмытпауымыз керек.
Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениеті мен кәсіптік бағыт- бағдар 
берудің табысты жүруі оның жалпы мәдениетінің даму деңгейі мен осыған 
сәйкес білім беру ұйымдарында оларға өзін- өзі танытуға және 
шығармашылығына мүмкіндік беретін, құқықтық кеңістіктің және кәсіптік 
білімнің болуымен тікелей байланысты. Оқушылардың бойында құқықтық 
мәдениет пен кәсіптік бағыт- бағдар берудің жолында сыпыпішілік сынып 
сағаттары, тәрбие сағаттары, жоғары сынып оқушыларының арнайы кәсіп және 
мамандық иелерімен кездесу кеші, дөңгелек стол, семинар, пікір алмасу, кәсіп 
иелерінің жұмыс орнын көріп, қызығушылықтарын арттыру мақсатында саяхат 
сабақтар ұйымдастырылып тұрады. Жастарға құқықтық тәрбие мен кәсіптік 
бағыт- бағдар беру, қоғамдық қарым- қатынастағы заңдық және әлеуметтік 
мәселелердің саяси мәнін жан- жақты, әрі терең түсінуіне негіз жасайды. Бұл 
оқушылардың көзін жеткізуге сендіруді көздейтін мақсатты қызмет. Мектеп 
оқушыларының түрлі қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында 
«Дублер күні», «Мектеп инспекторы» патрульдік қызмет, «Алғашқы 
медициналық көмек көрсету» т.б мамандықтарға баулитын қосымша білім 
беріледі. Оқушылардың кәсіптік бағыт- бағдар алудың нәтижесінде 
шығармашылық қабілеттері артып,түрлі қолөнер бұйымдарын, ағаш 
технологиясының қыр- сырын меңгеріп, құрал- жабдықтар жасап, оны 
көпшіліктің назарына ұсыну оларды шабыттандырады. Оқушылар «құқықтық 
мәдениет», «кәсіптік бағыт – бағдар беру» ұғымына сөздік және бейнелік 
талдау жасап өз ой – пікірлерін айтты. Бір- біріне сұрақтар қойып талқылап, 
мысалдар келтіріп, өмірмен байланыстырып,суреттеп, өз ойларымен сипаттады. 
Біз сабақта белсенді әдістерді тиімді қолдану арқылы балалардың ой- өрісін 
дамытуға ықпал ете аламыз. 
Әлемнің алпауыт елдерімен иық тіресіп дамып келе жатқан Жаңа 
Қазақстанның болашақ жеткіншерінің өмірден өз орнын тауып, түрлі кәсіп пен 


255 
мамандықты меңгерген, функционалдық сауаттылығы жоғары тұлға тәрбиелеу 
ХХІ ғасыр мұғалімінің басты талабы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет