«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ БАЛА ӨМІРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет107/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   188
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ БАЛА ӨМІРІНІҢ 
ҚАУІПСІЗДІГІ 
 
Мажимова Ә. Б. 
 
Қарағанды қаласы, «Қарлығаш» бөбекжайы КМҚК 
 
Баланың у-шуына жетер дүниеде не бар? 
Одан өткен сазды әуенді табу мүмкін бе? 
(Бауыржан Момышұлы

Бүгінгі таңда қоғамды елең еткізіп, алаңдатып отырған өзекті мәселелердің 
бірі - баланың өмірінің қауіпсіздігі болып отыр. Себебі, бүгінгі таңда ата-аналар 
өз балаларының өмірін қиып жатқандығы. Осы мақалам арқылы ата-аналарға 
баланың өмірі ойыншық емес, ол-үлкен жауапкершілік екенін айқайлап тұрып 
айтқым келеді. Бала – біздің болашағымыз, ендеше болашағымыз жарқын 
болуы үшін әр балаға көзіміздің қарашығындай қарап, оларды қорғауымыз 
қажет.
Қазіргі заманда өмірге қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиі 
кездеседі. Балаларды далада ойнауға немесе үйде өздерін қалдырғанда олармен 
еш жамандық болмайды және олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ деп 
үміттенеміз. Өкінішке орай, бәрі біз ойлағандай бола бермейді. 
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ: «Адамның 
бақыты-балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын 
бақыт деген құдыреті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне 
мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі 
даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген 
адамға қолдың кірі сияқты. Адамға нағыз бақытты - тәрбиелі ұрпағы ғана 
сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса 
керек. Олай болса адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге 


246 
келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен 
қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз - 
ата-анасы. Отбасында мейірімділік, қамқорлық, махаббатпен өсіп жетіліп, бала 
3 жасқа толғанда алғаш бөбекжай табалдырығын аттайды. Бөбекжайдағы бала 
өмірінің алғашқы күнінен бастап бала денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін 
қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, бала өмірінің қауіпсіздігін сақтау 
сияқты міндеттерді тәрбиеші жүзеге асырады.
Бала бөбекжайға келген күннен бастап, біз тәрбиешілер баланың өміріне 
жауаптымыз, баланың қауіпсіздігін бірінші орынға қоямыз. Осы орайда 
«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, топтағы сақтық 
шаралары, бөбекжайдағы алғашқы медициналық көмек, төтенше жағдайлар 
кезінде бөбекжайдағы қауіпсіздік ережелері, жолда жүру ережелері, өрт 
қауіпсіздігі ережелерімен ұдайы таныстырып, жұмыстар жүргізіп отырамыз.
Бөбекжайдың басты талабы - тәрбие жұмысына қатысы жоқ бөтен 
адамдарды топқа және бөбекжай ішіне кіруге қатаң тыйым салынады. 
Тәрбиешінің жұмыс орны, оның үстелі әрдайым тәртіппен сақталуы керек. 
Өткір заттарды (инелер, қайшылар, ермексазға арналған пышақтар және т.б.) 
көзге көрінбейтін, бала қолы жетпейтін жерде сақтау, сондай-ақ, тәрбиеші 
киімінде түйреуіштер мен инелер болмауы қадағаланады. Оқытушыға, 16 жасқа 
толмаған баланы және туыстарына беруге қатаң тыйым салынады. Сонымен 
қатар мас күйінде келген ата-аналарға баланы бермеу де қатаң қаралады.
Баланың қауіпсіздігін сақтау үшін балабақшада білікті медбике орналасқан 
мед пункт әрқашан жұмыс жасап тұрады. Оның міндетіне суықтың алдын-алу 
және әртүрлі аурулардың, инфекциялардың алдын алу шаралары кіреді. 
Медбике күні бойы балабақшада болуы керек. Кейде бала шұғыл медициналық 
көмекке мұқтаж болған жағдайда жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы 
медициналық көмек көрсетеді.Төтенше жағдай кезінде әрбір тәрбиешінің 
бастапқы міндеті - өз топтарының балаларын құтқару, содан кейін басшылықа 
немесе бастықтың орынбасарына балалардың амандығы туралы есеп беруі 
қажет. Бұл апат - өрт, табиғи апат болуы мүмкін. Барлық нұсқауларды нақты 
әрі дұрыс орындау өте маңызды рөл атқарады. Әрбір тәрбиеші баланың өмірі 
мен денсаулығына үлкен жауапкершілік жүктейтінін түсінуі керек. 
Қауіпсіздікті және денсаулықты сақтау ережелерін бұзғаны үшін кінәлі адамдар 
тәртіптік жазаға ғана емес, әкімшілік айыппұлдар мен қылмыстық жазаларға да 
тартылатынын естен шығармау қажет. 
Біз балалармен жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі туралы тәрбие беру 
шарасының жоспарын жасап, жұмыстар жүргіземіз. Бөбекжайда «Өрт 
қауіпсіздігі ережелері» назар аударуды қажет ететін басты тақырыптардың бірі 
болып табылады. Балалардың өмірін мүмкіндігінше көп қорғау үшін, осы 
мекеменің барлық қызметкерлері өрт сөндіру жөніндегі нұсқаулықты тыңдап, 
қажет болған жағдайда өртке қарсы және өрт сөндіру әдістерінен өту керек. 
Мысал кетіретін болсам, «Өрт қауіпсіздігі» бойынша: «Өрт қауіпсіздігіне» 


247 
арнап бұрыш жасалды, бұрышта ақпараттар, суреттер, өрт сөндіру көлігі, 
құралдары орналастырылды. «Өрт сөндіру құралдары», «Өрттен сақтан, абай 
бол!», «От досымыз, от жауымыз», «Абай бол, отқа жолама!», «Кішкентай 
сіріңкеден үлкен өрт», «Электр қауіпсіздігі», «Өрт тілсіз жау», «Табиғатты 
аяла» » атты күннің екінші жартысында ұйымдастырылаған оқу қызметтерін 
өткізіп, әңгіме жүргізілді. Әңгімелесу барысында өрт сөндіру құралдарымен 
таныстыра отырып, өрт тілсіз жау, оның адам өміріне өте қауіпті екендігін 
естен шығармау туралы айтылды. «Өрт сөндіруші еңбегімен таныстыру» 
викториналық ойыны, «Мамандығым-мақтанышым», «Жақсы мен жаман» 
дидактикалық ойыны, «Өрт сөндіруші келгенше қарап тұрмай сақтан» қимыл-
қозғалыс ойындарын ойнатып, балалардың түсініктері мен қызығушылықтарын 
арттыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта «Өрт сөндіруші көлігі» 
тақырыбында сурет салғызып, «Жарақаттан сақтанайық» атты жарақат алған 
жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек көрсету, «Су-өмірдің жалғасы», «Сіріңке 
ойыншық емес!» тақырыптарына видео-ролик көрсетіп, бастысы балаларға 
қарапайым тілмен үйрету немесе ойын арқылы қажетті білімді меңгерту 
жоспарланып отыр. Өкінішке орай, статистика балалардың кесірінен болатын 
өрттер,балалар өлімі орын алып жатқанын көрсетуде. Балаларға өрт қауіпсіздігі 
жайында балалық шақтан бастап өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету керек.
«Жолда жүру ережелері» бойынша: «Жол белгілері!» атты жылжымалы 
папка жасап, «Жолда жүру ережелері» туралы жолдағы, көшедегі қауіпсіздік 
ережесімен балаларды таныстырдым. Алдағы уақыттарда «Көшелерде қауіпсіз 
жүру үшін саған бағдаршаммен дос болу керек», «Жол тәртібін білейік, аман-
есен жүрейік», «Жолда жүру ережесі», «Жаяу жүргіншілер мектебі» сынды 
ұйымдастырылған оқу қызметтері, әңгімелесу, «Жол белгілері елінде» 
танымдық видео-ролик, «Бағдаршам біздің досымыз», «Біздің қаланың 
көліктері» тақырыптарына сурет салып, сурет көрмесін өткізу жоспарлануда. 
Сонымен қатар, «Жасыл, қызыл, сары», «Абайла, мен көшеде келемін!» таза 
ауадағы ойын-сауықтар, «Көңілді трамвай», «Жол қиылысы» сюжеттік-рөлдік 
ойындары, «Бағдаршам» интеллектуалдық ойыны, «Жол белгілері» үстел үсті 
ойыны, «Самокат, велосипед» қимылды ойыны және «Әкем, анам және мен!» 
атты ата-аналармен спорттық ойындар жарыс түрінде өткізу көзделіп отыр. 
Жоғарыда аталған тақырыптар бойынша балаларды жолда жүру ережесімен 
таныстырып, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге үйрету. Жол 
белгілерін айыры білуге, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру аса 
маңызды. 
Қорытындылай келе,
 
балалардың қауіпсіздігі туралы сөз қозғағанда, 
олардың тек бөбекжай мекемелеріндегі жүріс-тұрысы, іс-әрекеті ғана 
қадағаланбайды. Сондай-ақ отбасында, көшеде, көпшілік орындардағы тәртібі 
де бақылауда болуы керек. Әр баланың қауіпсіздігіне оның заңды өкілі, яғни 
ата-анасы тікелей жауапты. Біз қашан да «Бала өмірі бәрінен қымбат» деген 
қағиданы ұстанамыз. Сондықтан біздің бөбекжай ұжымы балалардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үнемі басты назарда ұстайды.
 


248 
Әдебиеттер тізімі:
1. 
«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту 
туралы Қазақстан Республикасының Заңы 
2. «Қанатты сөз-қазына», Кеңес Оразбекұлы 
3. «Бала мен балабақша» журналы, №4, 2019 жыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет