«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет136/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   188
Байланысты:
материал пед

 
 
БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА КӘСІБИ БАҒЫТ-БАҒДАР 
БЕРУДІҢ РӨЛІ 
 
Мустапаева Жазира Токтасыновна 
 
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы 
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің 
«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 
 
Аңдатпа. Жоғары сынып оқушылары үшін оқу бейінін таңдау мәселесі бұл 
мамандық таңдау және қоғамдық қызметтің белгілі бір саласында өз күш 
жігерін тиімді іске асыру мәселесі болып табылады. Мектеп оқушыларын ерте 
жастан кәсіби қызметке баулу – кәсіптік бағдар беру жұмыстары көңіл 
аударатын жағдайдың бірі болып табылады. 
Педагог мамандарды бейіндік білім беру бойынша оқу-әдістемелік 
материалдармен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, мектеп 
мұғалімдері, тәрбиешілер, психологтар, қосымша білім беру педагогтері өз 
сабақтарында пайдалана алатын материалдар әзірленеген. Топтастыруда 
Т.В.Черниковтың кәсіптік бағдар жұмысының төрт күрделілік деңгейі туралы 
тұжырымдамасы негізге алынды. Осыған орай мектептердің жоғарғы 
сыныптарында кәсіптік бағдар берудің мақсаты жасөспірімдерге өздерінің 
ерекшеліктерін білуге және табысты еңбек етуге мүмкіндік беретін қасиеттерін 
нығайтуға көмектесу болып табылады. 
Аннотация. Проблема выбора профиля обучения для старшеклассников 
это вопрос выбора профессии и эффективной реализации своих усилий в 
определенной сфере общественной деятельности. Привлечение школьников к 
профессиональной деятельности в раннем возрасте является одним из условий, 
на которые обращает внимание профориентационная работа. 
С учетом необходимости обеспечения педагогических кадров учебно-
методическими материалами по профильному образованию разработаны 


326 
материалы, которые могут быть использованы на своих занятиях учителями 
школ, воспитателями, психологами, педагогами дополнительного образования. 
В группировке за основу взята концепция Т.В.Черникова о четырех уровнях 
сложности профориентационной работы. В этой связи целью профориентации в 
старших классах школ является содействие подросткам в укреплении их 
качеств, позволяющих им знать свои особенности и успешно трудиться. 
Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болащақ мамандығын 
анықтауға бағыт-бағдар беру – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды 
мәселелердің бірі. 
Мамандыққа бағдар беру жұмысы – тарихы өте терең, ежелден дамып келе 
жатқан психологиялық қызмет қөрсетудің бір түрі. Психологиялық қызмет 
көрсету жұмысының қалыптасуы да мамандыққа баулу және мамандыққа 
бағдар беру зертханаларында басталған. 
ХХ ғасырдың басында В.Вундт, Г.Мюнстерберг, А.Бине, Ф.Парсонс, 
П.Блонский т.б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар сыналушылардың 
психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа 
жарамдылығын анықтаған [1]. 
Қазіргі кездегі мектепте жүргізіліп жүрген мамандыққа бағдар беру 
жұмастарының 
негізін 
құрғандар 
В.И.Лебедев, 
Ю.П.Сокольников, 
А.П.Сейтешев, Е.П.Климов, Г.А.Уманов, т.б. ғалымдар. Олар өз зерттеулерінде 
мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын 
әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін 
мамандыққа икемділігін диагностикалау жұмыстарының бағдарламасын 
жасады [2]. 
Қазіргі кезде бұл жұмыс көпсалалы екені анықталып, әр саланың өзіне тән 
мақсаты мен міндеттері нақтыланды. Мектептің психологиялық қызметі 
мамандыққа бағдар беру барысында оқушылардың жеке тұлғалық 
ерекшеліктерін 
және 
мамандыққа 
икемділіктерін 
анықтау 
негізінде 
психологиялық кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырады. 
Қазақстандық авторлар Р.Озғамбаева, Г.Саудабаева, Л.Мажитова, 
Ә.Мүсілімова, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде «оқушыларға кәсіптік бағдар 
беруді» жан-жақты зерттеген. Мәселен, Г.Саудабаева кәсіптік бағдар беру 
жүйесін ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдай отырып оны «кәсіби дайындық» 
және «кәсіби іріктеу» тұрғысынан қарастырады. Нәтижесінде оқушыларға 
кәсіптік бағдар беру мәселесінде «кәсіптік бағдардың» және «кәсіптік 
дайындығын қалыптастыруға қажет» деген пікірге келеді [3]. 
К.Өстемировтың кәсіптік бағдар берудегі айтқан пікірі бойынша кәсіби 
бағдар беру - жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға 
дайындауға 
бағытталған 
мектеп 
мұғалімдерінің, 
технологтардың, 
дәрігерлердің, педагог-психологтардың, отбасының, еңбек ұжымдарының 
бірлескен іс әрекеті [4]. 
Қазақстан Республикасының Білім заңында: «Кәсіптік бағдар – бұл білім 
алушының кәсіби қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-
физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер 


327 
саласында, мамандық бойынша оқитын орнын еркін және саналы таңдау 
құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру» деп 
жазылған.
Қазақстан Республикасында білм беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектеп оқушыларына 
кәсіптік бағдар беру бағытындағы келесі іс-шаралар белгіленген: 7-11 
сыныптар аралығында орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына 
кәсіптік диагностика жүргізу; кәсіптік бағдар беру және мансап орталығын 
құру және жұмыс істеу; орта білім беру ұйымдарының білім алушылармен 
кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға және 9 бен 11-сынып 
бітірушілерін жұмысқа орналастыруға мониторинг жүргіздім. 
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында 
мектеп оқушыларының кәсіптік бағдарын қалыптастыруға ерекше назар 
аударылған. Білім алушылардың жоғарғы оқу орындарында білімін 
жалғастыруы мен кәсіптік бағдарын анықтауы үшін оқушылардың 
академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін 
жасау қажеттілігін айқындаған. Бірітушілерге өздерінің қабілеттері мен 
қызығушылықтарына сай келетін кәсіптік бағдарын анықтауға көмектесу, өмір 
бойы білім алуды жалғастыруға оң көзқарасының, өмірде мансаптық өсуі мен 
танымдық үдерісін реттеуге даярлығының қалыптасуына көмектесу. 
Сонымен, жасөспірімдердің өзіндік бағалау ерекшеліктері мен мамандық 
таңдаулары өзара байланыста бола отырып, кәсіби өзіндік анықталуға мәнді 
әсер етеді. Жоғары сынып оқушыларындағы жоғарғы өзіндік бағалау кәсіби 
бағдарлануға байланысты жауапкершілік сезімдерін жоғарылатады. 
Кәсіптік бағдар беру кезіндегі мәселе кәсіптік ағарту, кәсіби диагностика, 
кәсіптік жарамдылық, кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімделу ұғымдарымен қатар 
жүреді. Жалпы кәсіптік білім беруде баланың өзіндік жалпы дамуын, жан – 
жақты дүниетанымының қалыптасуын қамтамасыз ету және оны болашақта 
белгілі бір кәсіпке даярлау міндеттері жолға қойылған. 
Осы міндеттердің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланың 
жастай алдағы кәсіпке дұрыс бағдарлай алу – ең көкейтесті мәселеге айналып 
отыр. Кәсіптік бағдар беру жұмысының алғашқы басқышы отбасы тәлім – 
тәрбиесінен басталып, одан мектеп, мектептен тыс мекемелер, кәсіпорын, 
шаруашылықпен ұштасап жатыр. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ Қазақстан 
Республикасының Заңы. 
2.
Марцинковская Т. История психологии – Библиотека Гумер, Москва. 
2004
3.
Климов Е.А. (соавторы – Буцык А.Л., Каверина Р.Д. и др.) Памятка 
профконсультанту. – Л.: ВНИИ профтехобр., 1969 
4.
Мажитова 
Л.Х. 
Особенности 
профессиональной 
ориентации 
школьников в системе «Школавтуз» [Текст]: депонированная рукопись/Алматы 
1994 


328 
5.
Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі.//Оқулық-Алматы «РАДиАЛ» 
баспасы, 2006 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет