БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КӘСІПТІК БАҒДАР
Мусуркепова Айжан Карибаевна
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылы
«Шет ауданының білімі бөлімі» ММ
Андатпа. Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі
мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік,
ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді
жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі
мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда.
Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары.
Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні
маңызы зор болып табылады. Жалпы білімнің басты үш міндеті бар олар:
баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету,
және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде
қоғамдық даму күрделенгенсайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай
әзірлеу – ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді.Қазіргі кезеңде
жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана
емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір
мамандыққа арнайы бағыттай білу.
Основной
целью
образования,
ориентированного
на
мировое
образовательное пространство, является не только овладение знаниями, но и
самостоятельность через умения и навыки, любознательность, всесторонняя
личностная подготовка здоровых, компетентных подростков в изменяющихся
условиях. В реализации этих целей с каждым днем становятся все более
востребованными
вопросы,
которые
ставятся
перед
сегодняшними
школьниками. Ведь главной фигурой нашего будущего общества являются
сегодняшние школьники. Поэтому профориентационная работа в школе
сегодня имеет большое значение. У общего образования есть три главные
задачи: обеспечить собственное общее развитие, всестороннее мировоззрение
ребенка, и подготовить его к будущей конкретной профессии. Из этих трех
задач было доказано, что наиболее актуальной становится проблема
общественного развития – ориентирование ребенка на предстоящую
профессию с самого раннего возраста.На современном этапе задача общего
образования-не только обеспечить обобщенное развитие ребенка, но и, самое
главное, уметь их с раннего возраста специально направлять в ту или иную
профессию по своим способностям и интересам.
329
Бейіндік және бейіналды даярлықты енгізуді неден бастаған жөн? Бірінші
кезектегі іш-шараларға мыналар кіреді: нормативтік құжаттарды және басқа
мектептердегі бейінді және бейіналды даярлықты ұйымдастыру тәжірибесін
зерделеу; мектептегі ахуалды талдау, ресурстарды бағалау (кадрлық, мектептің
материалдақ базасын; орта арнайы оқу орындарымен байланыс; оқушылардың
өздігінен, ғылыми қызметпен айналысуын ұйымдастыру үшін бейінді
оқытудың жоспарын әзірлеу; оқушылардың білімге қатысты қажеттіліктерін
зерделеу, компьютерлік тестілеу арқылы кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі анықтау,
психологтармен жеке жұмыс; оқу бағдарламаларын, оқу әдебиетін талдау;
мектептегі оқу жұмысының жоспарын, бейінді оқытуға көшу бойынша
бейіндер, элективті курстар үлгілік оқу жоспарларын әзірлеу; бейіналды оқыту
бағдарламалары; базалық және бейінді пәндер бойынша жобаларды,
стандарттады зерделеп алып жұмысты бастаған жөн.
Білім беру ұйымдарында келесі іс-шараның бөлігі – оқушылардың
өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыру, белсенді қызмет тәсілдерін үйрету
(іздеу, зерттеу, жобалау), жоғары сынып оқушыларының табысты әлеуметтенуі
жағынан тәрбие жұмысы мазмұнын түзету жүргізілуі қажет. Оқушылар мен
педагогтерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде психологиялық
тренингтер, тестілеу, сауалнама жүргізу, ұйымдық-әрекеттестік ойындары,
қандай болсын бейін бойынша білімін жалғастыруға даярлығының деңгейін
болжамдау қажет. Оқушы портфолиосын жасай отырып, оқу жылы бой
оқушының жетістігін, деңгейін, қызығушылығын, бейімін бағамдап, бағыттау
керек. Оқу үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
енгізе отырып, бейінді білім беру оқытудың ақпараттық технологияларын,
оның белсенді түрлері мен әдістерін: айтыстар, таластар, топтағы жұмыстарды,
іскерлік еліктеу ойындарын, сыни ойлауды дамыту технологиясын жан –жақты
қолдана келе келе оқушы көсбасшылыққа, еркін ойлауға, өз ойын нақты жеткізе
алуға үйренеді. Білім беру ұйымдарындағы кітапхананың орны жоғары сынып
оқушыларын ғылыми-зерттеу, жобалау қызметіне енгізу, олимпиадаларға,
интеллектуалдық конкурстарға дайындау үшін ақпараттық-коммуникациялық
орталық тұрғысындағы мүмкіндігі кең. Кәсіптік бейімдеу жұмысын
жандандыру барысында 8-9 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін
экскурсиялар, сынама сабақтар, ашық есік күндерін өткізу, мектеп
бітірушілерге бейінді оқытуда таңдау жасауға мол көмегі. Әр білім беру
ұйымындағы кәсіптік бағдар бағытында дұмыс атқаратын жауапты маман
алдында отырған оқушылардың болжамды түрде- болашақ көрінісін жасау
және оның қандай кәсіптік, әлеуметтік және пәндік қызмет түрлері арқылы
жүзеге асатынын білуі қабілеттілігі, өз ресурстары мен мүмкіндіктерін білуі,
өзінің дене мүмкіндіктері және шығармашылық әлеуетін ескере отырып саналы
түрде жауапкершілікпен таңдау жасай білуі керек. Бейінді оқыту бұл – 9-11
сыныптағыларды кәсіби бағдарлау оқушыларды негізгі мектептен кейінгі
оқудың мүмкін болатын бағыттарымен таныстыру, кәсіптік бейімін болжамдау,
оқушыларға психологиялық-педагогикалық кеңес беру, сауалнама жүргізу,
330
тестілеу, танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерделеу болып
табылады. 9-11-сынып бітіруші түлектердің алда білімдерін жалғастырулары
туралы ата-аналарының шешім қабылдауы тұрғысындағы үлкен жұмыс тағы
бар (кездесулер, сұхбаттасулар, педагогикалық консилиумдар, ата-аналар
жиналыстары, педкеңестер) өткізіліп тұру қажет. Тоғызыншы сынып
оқушыларын бейіналды даярлау арнайы курстар, факультативтер, «Мен және
менің мамандығым», «Өзіңді тани біл» тақырыптарындағы кездесулер мен
сұхбаттар таңдаудың икемді жүйесін ұсынылады. Жоғары мектепте оқушылар
рефераттар, ғылыми жобаларын қорғап, зертханалық-тәжірибелік сабақтарға,
сынақтарға қатысады.
Мақсаттар мен міндеттердің негізінде мектептің бейіндік оқытуды
ұйымдастыру бойынша жұмысын жоспарлау басталады. Ең алдымен келесі
бөлімдерден құралған жылдық жоспар құрастырылады: мектептің ақпараттық
қызметінің, психологиялық қызметінің жұмысы, шығармашылық топтың
«Бейіндік сыныпта жұмыс істеу нысандары мен әдістері» жұмыс жоспары,
бейіндік сынып мұғалімдерін қайта даярлау курсының перспективалық
жоспары, ата-аналармен жұмыс, кәсіптік-бағдарлау жұмысы қаралып,
жүргізіледі. Ұйымдастырушылық қызмет мектептің білім беру картасын;
бейіндік оқыту (вариативтік) курстарының бағдарламалар банкі мен оқу-
тақырыптық жоспарларын құрастырудан басталады. Бейіндік сынып
мұғалімдерінің біліктілік деңгейін арттыру мақсатында педагогтардың
бейіндендіру мәселелеріне арналған ӘБ жұмысына, конференцияларға,
семинарларға, педагогикалық оқуларға қатысуын ұйымдастыру қажет.
Жұмысты қорытындылау барысында алға қойылған мақсаттар мен
міндеттердің іске асырылуына талдау жасау қажет. Мектеп жұмысының нақты
нәтижесін келесі көрсеткіштер бойынша қарастыру керек: түлектер
портфолиосы (дамытушы және тереңдетуші бағытқа ие курстық дайындықты
бітіргенін растайтын сертификаттардың болуы, қорытынды шығармашылық
жұмыстар: жобалар, эссе, рефераттар, баяндамалар және т. б.); мектептің білім
беру картасы; кәсіптік-бағдарлау жұмысының жүйесі; мектептік ғылыми
конференцияға жобалар дайындау және қорғау; бейіндік сынып оқушыларына
арналған ашық сабақтар; бейіндік оқытудың оқу жоспарлары; өзге білім беру
ұйымдарымен ынтымақтастық; қала (аудан), облыс жоғары оқу орындарымен,
мекемелерімен
және
ұйымдарымен
ынтымақтастық;
педагогтардың
конференцияларға, семинарларға қатысуы; мақалалар, жарияланымдар,
әдістемелік ұсынымдар, кітаптар; мамандандырылған кабинеттердің МТБ
толтыру; мұғалімдерді курстық қайта даярлау; авторлық бағдарламалар; БМ-тің
білім беру қызметтерін әлеуетті тұтынушылардың алдындағы жағымды беделі.
БМ-ді басқаруда жергілікті актілер маңызды жұмылдырушы құжаттар болып
табылады. Олар перспективалық даму мен тұрақты қызмет етудің нақты
бағдарларынан құралып, бүкіл жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Жергілікті нормативтік актілерге мыналар жатады: мектептің құрылымдық
бөлімшелерінің қызметі туралы ережелер; осы бөлімше мүшелерінің
атқарымдық міндеттері; құрылымдық бөлімше басшылары мен олардың
331
мүшелері қызметінің нәтижелілігі өлшемдері. Бұл ретте мектептің
ұйымдастырушылық құрылымында ұйым үшін қажетті, сондай-ақ оның қызмет
етуі мен дамуын қамтамасыз етуші құрылымдық элементтер сақталады.
Бейіндендіру жағдайында бейіндік оқытуды енгізу бойынша мақсатты
бағдарланған қызметті регламенттеуші жаңа мектепішілік нормативтік
актілерді енгізу қажеттілігі туындайды: бейіндік оқу туралы (немесе бейіндік
сыныптар туралы) ереже; оқушылардың портфолиосы туралы ереже;
оқушының жеке даму траекториясы туралы ереже; мектеп басшылары мен
бейіндік оқыту жоспарын іске асыруға қатысушы және т. б. мұғалімдердің
лауазымдық міндеттері жатады.
Білім беру ұйымдарында бейінді оқыту барысында мұғалімдерден
қосымша уақыт шығындауды талап етеді (сабақты жоғары деңгейде өткізуге
дайындалу, жаңа дидактикалық және әдістемелік материалдар әзірлеу,
жоспарлау және есеп беру құжаттарын жазу, біліктілікті арттыруға немесе
қайта даярлауға кететін уақыт). Оқушылардың басқа материалды игеруге
кететін жүктелімін төмендетпестен бейінді пәндерді тереңдете үйрену үшін
уақыт жұмсауларына тура келеді.
Осы жоғарыдағы аталған іс шаралар жоспарға сай атқарылса, әр
оқушының мамандықты таңдау нақтыланып, болашаққа нық басады.
Достарыңызбен бөлісу: |