«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ БАР



Pdf көрінісі
бет145/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   188
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ БАР 
ТАПСЫРМАЛАРДАҒЫ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ
Мұхамедия Айжан Мейіржанқызы 
Қарағанды, Ыбырай алтынсарин атындағы мектеп-лицейі 
 
Аңдатпа
:
Оқушылармен кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу математика 
сабақтарына күнделікті өмірмен, мамандықтармен байланысты практикалық 
сипаттағы есептерді кіріктіру арқылы балалардың болашақ мансабын 
қалыптастыруға болатындығы айтылады.
Аннотация: В статье говорятся о том, что формирование будущей 
профессий детей может быть достигнуто путем интеграции практических 
уроков, связанных с 
повседневным бытом
и профессиями, в уроки математики. 
Заманауи математикалық білім беруді модернизациялаудағы негізгі 
жағдайдың бірі – жалпы білім берудің барлық деңгейлерінде математика 
курсының практикалық бағытын күшейту, яғни оның мазмұны мен оқыту 
әдістерінің практикамен байланысын жүзеге асыру. Бұл жаңа мәселе емес. 
Мектеп математикасын практикалық бағыттау мәселесі математикалық 
теорияның үнемі дамып отыруына, компьютерлік технологияның дамуына
адам қызметінің өрісінің кеңеюіне, жаңа мансаптардың пайда болуына 
байланысты қарқынды өзгерістерге түсіп отырады.
Оқушылардың болашақ іс-әрекетінде математиканы қолданудың барлық 
аспектілерін болжау мүмкін емес және бұл мәселелерді білім беру ұйымында 
қарастыру одан да қиын. Адам қызметінің барлық бағыттарындағы ғылыми-
техникалық жетістіктер білімге, техникалық мәдениетке, білім берудің жалпы 
және қолданбалы сипатына жаңа талаптар қояды. Бұл қазіргі заманғы мектеп 
үшін оқушыларды практикалық қызметке, мансап таңдауда дайындаудың жаңа 
міндетін қояды [1, 272-б.]. 
Практикалық мазмұны бар математикалық есеп – бұл басқа пәндермен 
сабақтаса жүретін, заманауи өндірістің технологиясы мен экономикасында, 


355 
қызмет көрсету секторында, күнделікті өмірде, еңбек операцияларын орындау 
кезінде қолданылатын тапсырмалар.
Айналадағы шындықтың мысалдары оқушыларға математиканың 
практикалық маңыздылығын, оның тұжырымдарының кең тұтастығын ашуға 
мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, оқушылар практикалық мазмұндағы 
тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды [2, 26-б.]. 
Қазіргі оқушылар ата-аналары өмір сүрген қоғамнан айтарлықтай 
ерекшеленетін қоғамда өмір сүреді. Соңғы онжылдықтарда елімізде болған 
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер қоғам арасындағы экономикалық және 
құндылық бағдарын өзгертті, бұл білім берудің мақсаттары мен міндеттерінің 
өзгеруіне әкелді. Білім берудің нысаны, сапасы мен мазмұны тек мемлекеттік 
тапсырыспен ғана емес, сонымен қатар әр түрлі әлеуметтік топтардағы 
сұраныспен анықтала бастады. Білім беруді заманауи интенсивті жолға көшуі 
білімді игеруге ғана емес, «ойлау тәсілдерін үйретуге», оқушының танымдық, 
шығармашылық күштерін дамытуға бағытталған. 
Мектеп оқушыларды өз бетінше әрекет етуге және алдыңғы буындардың 
өмірінде болмаған жағдайларда шешім қабылдауға дайындауы керек. Мұндай 
мәселені бір пән аясында шешу мүмкін емес, оқыту теориясы мен 
практикасында пәнаралық басланыстарды қолдану қажет. Математиканың 
басқа пәндермен кіріктірілген, бинарлық сабақтары нақты қолданбалы бағытқа 
ие және оқушылардың болашақ мамандық таңдауында танымдық 
қызығушылығын тудырады. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай сабақтарды өткізу 
кезінде оқушылардың танымдық және зерттеу әрекеттері дамиды; мұғалім мен 
оқушының бірлескен жұмысы қызықта да нәтижелі болады [3, 347-351-б.]. 
«Дене бетінің ауданы»
тақырыбындағы сабақта: Сфералық сегменттің 
бетінің ауданын анықтау формуласын алу үшін сабақты былайша бастауға 
болады: «1961 жылы 12 сәуірде Кеңес үкіметінде бортында адам бар әлемдегі 
алғашқы ғарыш кемесі «Восток» ғарышқа ұшырылды. Ұшқыш-ғарышкер – 
КСРО азаматы, ұшқыш, майор Гагарин Юрий Алексеевич болды». Оқушылар 
бұл оқиғадан хабардар, бірақ олар бұл жағдай бүкіл әлемде қандай қуаныш 
тудырғанын білмейді. Бұл таңғалуды мәнерлі оқу арқылы жеткізуге болады. 
Енді оқушылар Ю.А. Гагаринның геометрия сабағына, атап айтқанда «Шар беті 
және оның бөліктері» тақырыбына қандай қатысы бар? Деп ойлауы мүмкін. 
Олардың ойларын «Ю.А. Гагарин ғарышта Жер бетінің қандай бөлігін көрді? 
деген сұрақпен бөлуге болады. Оқушылардың математикалық білімдері 
жеткіліксіз болса да, бұл сұрақ оларды қызықтырады. Әрі қарай, сфералық 
сегменттің беткі ауданын есептеуге болатын формуланы шығарумен 
айналысамыз. Оқушыларды Ю.А. Гагарин ғарышта болған уақытта көрген Жер 
бетінің ауданын табуға шақыру арқылы қызықтыруға болады Гагарин сабақтың 
басты кеіпкеріне айналды. Оларды шешіп, қажетті формулаларды ала отырып, 
оқушылар қызықты зерттеу процесіне түседі [4, 164-б.]. 
Математика сабағында экономикалық мазмұндағы тапсырмаларды шешу 
арқылы экономикалық білімді де кеңейтуге тырысуға болады. Біз Я.А. 


356 
Коменский ұсынған ұлы дидактикалық принципті ұмытпауымыз керек: 
«Зерттелетін нәрсенің көптеген байланыстары болуы керек».
«Бірдеңенің» бірнеше пайызға артуы немесе төмендеуі туралы 
хабарламалар толығымен түсінікті қабылданбайды. Сондықтан қарапайым 
және күрделі пайыздармен байланысты тапсырмаларды шешу қажет. Мысалы: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет