«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет142/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   188
Байланысты:
материал пед

Әдебиеттер: 
1.
Олейникова, Л. Т. Балаларға қосымша білім беру - тәрбиенің әлеуеті / 
Жас 
ғалым. 
2010ж., 
№1-2 
(13).-Т.2.-282-287 
ББ. 
URL: 
https://moluch.ru/archive/13/1053
 


345 
2.
«Балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдарлау қызметі», 
(әдістемелік ұсынымдар) – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру орталығы» РМҚК – 
Астана, 2015ж.
3.
“Soft skills”: Дағдылар не үшін қажет? Алем Несипбаева,
 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар филиалының аға оқытушысы
/
«
Білімді Ел – 
Образованная страна
» Республикалық білім беру қоғамдық-саяси газеті, 
22.12.2021
ж. 
4.
 
https://dzen.ru/media/id/5f4c17daacfad641823ac6ba/kidzania-top-samyh-
interesnyh-professii-616837369643a335c56521a7
  
М.ӘУЕЗОВТІҢ «КӨКСЕРЕК» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ КӨКСЕРЕКТІ 
АДАМ БЕЙНЕСІНДЕ ТАНИ АЛАМЫЗ БА? 
Мұқамет Үмітнұр 
 
Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы «Наурызбай батыр 
Құтпанбетұлы атындағы орта мектебі» КММ 
«Жалпыұлттық құндылықтардың негізінде білім беру және тәрбиелеу» 
атты республикалық педагогикалық құрылтай барысында менде өз үлесімді 
қосып, білім беруді одан әрі дамытуға атсалысқым келді. Атап айтар болсақ, 
балаларды мектеп кезінен бастап тәрбиелеу, оларды жоғары оқу орнына сол 
мектеп қабырғасынан бастап үйрету. Нені үйретеміз? Ғылымды үйретеміз. 
Яғни, ашылмай жатқан кітаптағы, шығармадағы небір құпиялардың басын 
ашып үйрету. Бұл менің қазақ әдебиеті сабағы жағынан алып қарастырғандағы 
көзқарасым. Енді менде осы ойымды ішімде сақтамай, осы құрылтай 
барысында ортаға сала отырып, осындағы жоғары дәрежелі педагогтармен 
ақылдаса отырып, бір оңтайлы шешімін шығарсақ деген ойдамын. Осы орайда 
құрылтай бағыттары бойынша 5 алаң ұсынылған екен. Мен 5-ші пікірталас 
алаңын таңдай отырып, «Колледждер мен мектептерде ғылыми-зерттеу 
дағдыларын дамыту» бойынша өз үлесімді қосқым келді. Төменде осы тақырып 
аясында белгілі бір тақырыпты ала отырып, соны өзімше зерттеп көрдім. Осы 
тақырыпты ары қарай зерттей отырып, мектеп оқушыларына ғылыми жұмыс 
түрінде ұсынғым келеді. Мақаланың негізгі мақсатыда осы жайында болмақ, 
оқушының сабақ барысында осы бір ғылыми жұмысты алып жүруі олардың 
қызығушылығын арттырады деген ойдамын.
В ходе республиканского педагогического курултая "Образование и 
воспитание на основе общенациональных ценностей ", я хотел бы внести свой 
вклад и принять участие в дальнейшем развитии образования. В частности, 
воспитание детей со школьной скамьи, и обучение их в вузе. Чему мы учим? 
Научим науке. То есть учить разгадывать загадки в книге, раскрывать 
содержание в произведениях. Это мой взгляд со стороны на уроках казахской 


346 
литературы. Теперь я думаю, что если мы не будем держать эту мысль внутри 
себя, то сможем принять решение, посоветовавшись с высококлассными 
педагогами. При этом по курултайским направлениям представлено 5 
площадок. Я хотел внести свой вклад в «развитие исследовательских навыков в 
колледжах и школах», выбрав пятую дискуссионную площадку. В рамках 
данной темы я изучил ее самостоятельно, взяв определенную тему. Изучая 
данную тему, хотелось бы представить школьникам в виде научной работы. Я 
думаю, что основная цель статьи заключается в том, чтобы ученики могли 
сопровождать эту научную работу во время урока, что повысит их интерес. 
М.Әуезов “Көксеректі” 1928 жылдың желтоқсаны мен 1929 жылдың 
қаңтар айларында Ташкент қаласында жазған. Шығарма “Жаңа әдебиет” 
журналында 1929 жылы жарық көрді. Дәл сол тұста Патша үкіметінің ақты ақ 
демей, қараны қара деп танымай, қазақ зиялыларының шығармасын ақтарып, әр 
тұстан баға беріліп жатқан кез еді. 
Дәл сондай сынға ұшырап жатқан тұста, бұл шығарманың да көптеген 
астарлы ақиқаттары ащылмай қалып кеткендей. Оған әркім әр түрлі 
жорамалдар жасады. Бірі қасқырды адам бейнесінде елестетсе, бірі оны тұтас 
бір қоғам үшін күресіп жатқан ұлт ретінде елестетті. Ал біз бүгінгі қоғамның 
көз қарасымен қарайтын болсақ, Көксеректі адам бейнесінде тани аламыз ба? 
Иә, тани аламыз. Біз Көксеректі шығармада тек табиғат перзенті деп 
қарастырамыз. Ал оның адам тағдырымен де, қоғамның күресімен де тығыз 
байланысы бар екенін зарплата, толдым сырдың таныған болар едік.
Көксерек — маманға ғана бой ұрған оқырман үшін тек жыртқыш аң. 
Өздеріңіз білесіздер, түз тағысы ешқашан да ешкімге бағынған емес. Ол өзімен-
өзі, еркіндікте өскенді қалайды. Ал оны Құрмаш өзіне бағындырып, сол 
ауылдың иттері сияқты, кет десе кететін, кел десе келетін мақұлық қылып 
асырап алғысы келді. Бұл көксеректі біз жәй ғана аңшылық кезіндегі жануар 
ретінде қарауымыз дұрыс емес, олай қарайтын болсақ, жазушының бұл 
шығармасының оқырманға ешқандай да бір қызығы қалмайтын еді. 
Көксеректің өзінің алдына қойған мақсаты бар, ол- жанын жеген мұңды, 
белгісіздікті анықтау. Сол үшін ол бәріне шыдады, бәріне төзіммен жауап 
берді. Шығарманың да бар қызығы осында. Осының барлығын сұрыптап 
қарайық. 
Көксерек біріншіден, табиғаттың перзенті, ал адам да дәл солай. Бірақ 
екеуінің өзіндік айырмашылығы бар, қасқыр адам бола алмайды, адам қасқыр 
бола алмайды. Ал М.Әуезов оны білмеді дейсіз ба, білді. Біле отырып қасқыр 
бойына адам болмысын жасырып, адам айта алмаған сөздерді, іште жатқан 
ашу-ызаны осы қасқырдың ойынан танытты. Көк бөрі ұрпақтарының болмаса... 
Бұл образды қасқыр ерекше алып шықты. Тіпті оның астарында адам бейнесі 
жатқанын ешкім байқамай қалды. «Көксерек» сынды символдық тұспалдауға 
құрылған шығарманың идеялық, эстетикалық болмысы туралы пікірлер әлі де 
айтыла берері сөзсіз. Мәтіннің көркемдік мәнін тану жалғаса береді. Өнер 
туындысын әркім өзінше қабылдауға, түсінуге ерікті. Көрген, естіген оқиғасын 


347 
көркем баяндап, суреттеуді ғана Әуезов алдына мақсат тұтпағанын да 
ескеруіміз керек. Бір жылдың төлдері Мұхтар Әуезов пен американдық жазушы 
Уильям Фолкнер шығармаларында сарын үндестігі бар. Фолкнердің «Аю» 
повесінің болмысы «Көксерекке» ұқсас.Ол шығарма «Көксеректен» көп кейін 
жазылған. Фолкнер шығармаларында туған халқының тұрмыс тағдырына, 
олардың болмысына әсер еткен қоғамдық өзгерістің салдарын көрсетуді 
көздеген. М.Әуезов те «Көксеректе» үстем күштің әсерінен елден де, жерден 
де, ғасырлар бойы бастан кешкен тұрмыс-тіршіліктен айрылу алдында тұрған 
қазақ халқының жалпы болмысын суреттеуді мұрат тұтқан. Шығарма 
барысында Көксеректі адамдардың жауыздықпен итке айналдыру ниеті болды, 
бірақ жазушы оны олай істемеді, өйткені дала жануарының ешкімге 
бағынбайтынын ескерді, биологиялық құбылысты сол кезде-ақ зерттеп 
тастағандай. Көксерек адамдардың одан да тілейтінін түсінуге тырысты, бірақ 
түсінбеді. Қасқыр иттің күйіне түсті, ал ит ешқашан қасқыр бола алмайды. 
Өмірдің тепе-теңдігін жоғалтқан Көксерек маңайын жатсына бастады. Есейе 
келе ауылдан екі рет кетіп, екі рет қайта оралған Көксеректің үшінші кетісі 
«бұл жолғысы шын болды». Бәрібір қашты. Даладағы аштық пен суық 
Көксеректі тағылар салтына икемдеді. «Алғашқы рет амалсыздан көкке қарап, 
аузын ашып ышқығанда ішінен зор дауыс шықты». Бірінші рет ұлыды. 
Көксерек үшін күтпеген жағдай, тегінің үнін жатсынғандай күй кешті. Мұның 
толассыз ұлуын естіп келген қаншық қасқырды да Көксерек маңына дарытқысы 
жоқ. Соңынан «екеуін иістері табыстырды». Аңсаған еркіндік Көксеректі 
ширатты, жыртқыштық инстингін оятты. Ақ қасқырмен жұптасы, қайтадан 
табиғатына сіңді. Бірақ бәрібір өз қандастарынан бөлектігін байқатты. Онымен 
қоймай, ол өз күшіктерін талап тастады. Оны жазушы қасқырдың қатігездігі 
емес, керісінше сырттан келген зұлымдық сұсының белгісі ретінде бейнелейді. 
Қасқырлар қоғамынан тыс өскен Көксерек олардың тіршілік бастауын, 
жаратылыс құдіретін түсіне алмайды. Көксеректі күшігін өлтіретіндей қатігез, 
қасқой еткен бөтен орта. Ол өз ісіне өкініп, жылаған тұстары бар. Мұның 
барлығы қоғам үшін күресіп жатқан тұлғаның айқын бейнесі. Сол себепті де, 
Құрмашқа қарағанда Көксеректі жазушы бірінші орынға қойған. Көксеректі 
аяулы образ етіп көрсеткісі келді. 
Бұл шығармадан жалпы біз түсіндік, Көксеректің өмір үшін күресі, белгісіз 
тұлғаның қоғам үшін күресін сипаттап жатқанын. Жазушының бұл шығарманы 
табиғат заңымен ғана байланыстырып қоймай, биологиялық тұрғыдан да 
қарастыруы, ол аз сияқты. Бұл шығармада химиялық, физикалық, 
математикалық байланыстың да жатқаны сөзсіз. Әр тіршілік иесі, қазақ та, 
өзінің тегіне, жаратылысына адал болуын автор астармен меңзегендей. 
Шығарманың өн бойында жаратылысты күштеп өзгертуге деген қарсы күйінген 
мұңлы шер жатыр. Егер Көксеректі күштеп тұрып итке айналдырғанда, бүкіл 
табиғаттың заңына қарсы шығып, жер шарында болмаған сұмдық оқиғаға тап 
болар едік. Әуезов осы шығармасы арқылы кейінгі ұрпаққа, өз ұлтын сүйюді, 
ұлт алдында адал болуға, ұлты үшін қасық қанын қиюға дайын болуды 
меңзеген терең де астарлы ой жатқанын жеткізе білді. Біз де кейінгі ұрпаққа 


348 
осы шығарманың негізгі астарын дәлелмен түсіндіріп, Әуезов арманын, Әуезов 
ойын жеткізуге міндеттіміз. Ол — мәңгіліктің мәңгілігі, жазушы 
шығармасындағы көк бөрі ұрпақтарының сыры, мұңы, тәуелсіздік күресі мен 
шежіресі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет