«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет141/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   188
Байланысты:
материал пед

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 2012.№1.1-6.б Әбиев Ж, 
Бабаев С, Құдиярова А Педагогика-Алматы 2004 


341 
2. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 2015.№1. 3-4 б Баймұқанов 
М.Т. Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс-Астана 2005 ж 
3. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 2015.№1.18-19 б 
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ (№2 ОҚУШЫЛАР 
САРАЙЫ ЖАҒДАЙЫНДА) КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСЫ – 
БАЛАЛАРДЫҢ БОЛАШАҚ МАНСАБЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ 
 
Мұқажан Гүлбану Хамитқызы 
 
Қарағанды қаласы, «№2 оқушылар сарайы» КММ 
 
Аңдатпа. Бұл мақалада қосымша білім беру ұйымдарындағы кәсіптік 
бағдарлау жұмысының мансап қалыптастырудағы рөлі, шет мемлекеттердегі 
кәсіптік бағдарлау мен мансап тәжірибесі және жаңадан ашылған №2 
Оқушылар сарайының балалалардың болашақ мансабын қалыптастырудағы 
алатын орны баяндалған. 
Аннотация. В данной статье изложена роль профориентационной работы в 
организации дополнительного образования в формировании карьеры, опыт 
профориентации и карьеры за рубежом и роль вновь открывшегося Дворца 
школьников №2 в формировании будущей карьеры детей. 
Балаларға қосымша білім беру жүйесі – балаға ұсынылатын тар шеңбердегі 
ғылыми-әлеуметтік-мәдени 
орта 
емес, 
ол 
көпнұсқалы, 
қоғамның 
қажеттіліктеріне, баланың мүмкіндіктеріне, ғылыми-әлеуметтік-мәдени ортаға 
негізделген әлем. Мектептегі білім баланы негізгі іргелі біліммен қамтамасыз 
етуге бағытталған. Болашақ мансап тек алған негізгі біліммен шектелмейтіні 
белгілі. Балалардың шамамен 70%-ы кез-келген әрекетке бейімді болып келеді. 
Бұл жағдайда ата-аналар, мұғалімдер, қосымша білім беру педагогтері балаға 
ашылуға, өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсетуге, әлеуетті мүмкіндіктерді 
барынша іске асыра алуына көмектесуі керек. Мектеп пен қосымша білім беру 
мекемесі – баланың дамуы мен өмірлік мансабын адаспай табуында бір-бірін 
толықтырып отыратын қажеттілік. Осы орайда қосымша білім беру мекемесі 
ретінде Қарағанды қалалық №2 оқушылар сарайын қарастырмақпын.
Алдымен «Шет елдердегі кәсіптік бағдарлау жұмысы балалардың болашақ 
мансаптарын қалыптастыруға қалайша ықпал етуде?» деген сұраққа тоқталып 
өтейік. Әлемде қандай әдіс-тәсілдер тәжірибе ретінде жүріп жатқанына назар 
аударайық.
Көптеген шет елдерде кәсіптік бағдар беру ұғымы мүлдем жоқ. Оның 
орнына "мансаптық даму" термині бар. Дегенмен мақсаттар, міндеттер және 
жұмыс әдістері біздің мемлекетте жүріп жатқан кәсіби бағдарлау жұмыстарына 
ұқсас
. «
Career Development» қызмет саласы өз иелігінде инновациялық 
ақпараттық және әдістемелік ресурстары бар, жақсы дайындалған мамандары 
бар мамандандырылған орталықтарды қамтиды. Мұндай мансаптық даму 


342 
орталықтары кәсіби бағдарлаудың тығыз өзара іс-қимылына және одан әрі 
жұмысқа орналасу мүмкіндігіне негізделген. Бұл – мамандық пен жұмысты 
таңдап қойған, бірақ мансап жанға жайсыз немесе көңілден шықпаған, дұрыс 
таңдалмаған жағдайда адамға көмекке келетін орталық. Яғни, бала есейіп, 
мамандық пен мансап таңдауда қателескенін сезсе, «Career Development» 
орталығының қызметіне жүгіне алады. Демек, мектеп жасындағы бала 
қосымша білім мен негізгі білімді қатар алып жүрген күнде, мамандық саласын 
дұрыс таңдап, кейін таңдаған саласы ойлағанындай болмаса, ол олқылықтың 
орнын толтыруға осылайша жағдай жасалған. Орталық мансаптың дамуын 
"жеке және ұйымдастырушылық тұрғыдан қарастырылатын мансаптық 
жоспарлар бойынша іс-әрекеттің нәтижелері" ретінде анықтайды. Қысқаша 
айтқанда, мансаптық өсу екі тұрғыдан қарастырылады: жұмыс беруші (ұйым) 
және қызметкер (жеке тұлға). Ұйымның мақсаты – өз мақсаттарына жету үшін 
адам ресурстарының өнімділігін арттыру және мансапты дамыту, адамдар мен 
жұмыс орындары арасындағы ең жақсы «сәйкестікті» анықтау мен қамтамасыз 
ету арқылы көмектеседі. Ұйым өз клиенттерінің мансапты қалай игеретініне, 
басқаратынына үлкен мән береді және таңдаған мансап жолдары бойынша 
ілгерілету үшін нақты қадамдар жасайды. 
Бұл өте жақсы ұсыныс болғанымен, баланың алған білімі мен таңдаған 
саласы жанына қуаныш сыйлайтын, сол салада бар ыждаһатпен еңбек ететін, 
табысы көңілден шығатын саланы бірден қалай таңдамақ керек? Баланың 
кәсіби бейімділігі тек әңгімелер мен сауалнамалар негізінде анықтала 
қоймайтыны түсінікті. Тәжірибеде өз күшін сынап көру керек. Осы орайда 
ойымызға шет елдердің тағы бір ұсынатыны – қосымша білім, ойын-сауық 
арқылы мансап жолын анықтауға көмектесіп жүрген «Kidzania» кешені келеді. 
"Kidzania " 4-14 жас аралығындағы балаларға арналған Еуропа мен Азия 
мемлекеттеріндегі ең үлкен білім беру-ойын-сауық кешені, ойын түрінде 100 
жуық кәсіп негіздерін оқитын қосымша білім орыны, басқаша атағанда – 
кәсіптер қаласы. 
Kidzania – Үндістан, Қытай, Корея, Германия, Түркия, Ресей, Мексика, 
Жапония, Чили, Кувейт, Катар, АҚШ, Португалия, Индонезия, Сауд Арабиясы, 
Египет, Малайзия, т.б. мемлекеттерде балаларға мамандық таңдауға ойын 
ойнау арқылы көмек көрсетіп жатқан кешен. Кәсіптер қаласы – бұл балалар 
үшін ересек өмірдің тамаша үлгісі. Ойнау кезінде бала белгілі бір кәсіптің нені 
білдіретінін нақты түсінеді. Және сол кәсіпті ұсынатын мекемелерде жұмыс 
істеп көреді. Яғни, бәрі шамамаен шынайы: аспаздық, дәрігерлік, 
құрылысшылық, агрономдық, сауда-саттық, тағы да басқа жүздеген мамандық 
бойынша қалағанынша «жұмыс істей» алады. Еңбегі үшін ол кәдесыйларға 
немесе қосымша ақылы дағдыларға жұмсай алатын алғашқы еңбекақысын 
алады. Кәсіптер қаласындағы еңбекақы мөлшерін сол мекемелердің шынайы 
өмірде төлейтін еңбекақысының кішкене моделі деп қарастыруға болады. 
Өмірде табысы жоғары мекемелер Kidzania қалашығында да көбірек 
«еңбекақы» төлейді. Балалар қалашықта барынша еркін. Ата-аналар баланың 
эмоцияларынан оған қандай мамандық ұнайтынын және қайсысы ерекше емес 


343 
екенін көреді. Баланы ересек өмірге дұрыс бағыттауда бұл қалашықтың көмегі 
орасан. Біздің тәжірибе балаларды өндіріс орындарына, түрлі мекемелерге 
саяхатқа апару жұмыстарын жүргізетін білім ошақтары бар. Тек жай саяхат пен 
мекемеде қызметкер ретінде жұмыс істеп көрудің тиімділігі әртүрлі екені 
белгілі.
Қазір әр салада цифрлық және кросс-функционалдық дағдылары, 
ақпараттық қауіпсіздік, soft skills және жобаларды басқару дағдылары бар 
кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. 
Маманның кәсіби біліктілік моделінде 
дағдыларды soft skills (жұмсақ) және hard skills (қатаң) деп бөледі. Hard skills – 
аясы тар, күнделікті жұмыс барысында нақты міндеттерді шешу үшін 
қолданылатын кәсіби дағдылар. Бұларды аз уақытта меңгеруге болады. Soft 
skills дағдыларына сыни тұрғыдан ойлау, мәселені оңай шешу, дәлел келтіру; 
ғылыми-зерттеу-іздену 
дағдылары 
мен 
әдістері; 
шығармашылық, 
қызығушылық, қиял, инновация, тұрақтылық, өзін-өзі басқару, жоспарлау, 
ауызша және жазбаша қарым-қатынас, аудитория алдында сөйлеу, презентация 
жасау, тыңдау, көшбасшылық, топтық жұмыс, ынтымақтастық, ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар, БАҚ, интернет сауаттылық, деректерді 
түсіндіру және талдау, бағдарламалау жатады. №2 оқушылар сарайының алға 
қойған мақсаттарының бірі де сол – қосымша білім беру арқылы балада 
функционалды сауаттылықты, Soft skills дағдыларын бойына сіңіруге ықпал ету 
болып табылады.
Баланың дағдылары сәби кезеңіңен бастап, үздіксіз өмір бойы дамиды. Ол 
дағдыларды мектепте арнайы оқытпайды, бірақ оларды дамытудың алуан түрлі 
жолдары ұсынылады: балаларға арналған секциялар мен үйірмелер 
құзыреттіліктің барлық түрлерін дамытады. 
№2 оқушылар сарайы – балаларға шығармашылық қабілеттерін ашуға 
және дамытуға, белсенділік, көзқарас пен пайымдау, ой қорыту еркіндігі, 
жалпы еркіндік, жауапкершілік, жан-жақтылық, түрлі жағымды дағдыларға 
құмарлық сияқты және басқа да жақсы қасиеттерді қалыптастыру мен 
тәрбиелеуге мүмкіндік беретін орын. Оқушылар сарайындағы үйірме 
алуандығы оқушының әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді және баланың 
физикалық, психологиялық жай-күйін, адамгершілік қасиетін, денсаулығын 
сақтауға, ұйымшыл және өнерлі тұлға етіп қалыптастыруға, өзін-өзі 
құрметтеуге, басқа адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеуге, төзімділік таныта 
білуге, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын қосымша білімнің құндылығын 
түсінуге, өз армандарын жүзеге асыруға, соның ішінде мамандық таңдауға да 
бағытталған. 
Балалар бірнеше үйірмеге тұрақты қатыса отырып, әрқилы дағдыны 
игереді, бұндай әрекет өз кезегінде болашақта да пайдасын тигізбек: айтып 
өткеніміздей, 
Soft skills дағдыларының бірі – икемділікті қалыптастырады. 
У
ақыт өте келе, сұранысқа ие болатын мамандықта мансап жолын оңай 
қалыптастыра алады. 
Бала өзіне ұнайтын нәрсемен айналысар болса, онда ол 
қызмет саласына қарамастан, оны пайдалы іс-әрекетке айналдыра алады. Кез-


344 
келген жол бірінші қадамнан басталады. Біз үшін алғашқы қадам кәсіби бағдар 
болмақ.
Осы мақсатта №2 оқушылар сарайы болашақта мансап жолына себеп 
болуы мүмкін өз кәсіби бағдарлауын келесі мазмұндағы түрлі үйірмелер 
арқылы ұсынады. 
Педагогтер оқушылардың практикалық дағдыларды немесе 
кәсіби құзыреттілікті игеруге деген ынтасын арттыруға ықпал ететін, оқытуда 
тәжірибеге бағытталған тәсілдермен жұмыс істейді: 

Ғылыми-техникалық, ғылыми-жобалық шығармашылықты ұйымдастыру 
баланы ғылыми-техникалық прогреске, өнертабысқа байланысты қажырлы 
өзіндік шығармашылық жұмысқа баулиды. Жобалық жұмыс әлеуметтік, 
көшбасшылық және зияткерлік құзіреттіліктерді дамытуға мүмкіндік береді. 
Әдетте, ұшқыш, ғарышкер, өнертапқыш, мен роботтық техник, ІТ маманы, 
бағдарламалаушы және т.б. маман болуды армандайтын балалар келеді.

Балалардың экологиялық-биологиялық қосымша білімі баланың 
биология, география, экология және басқа да жер, өсімдік, тіршілік туралы 
ғылымдарды зерттеуге деген қызығушылығын дамытуға бағытталған. Флора 
мен фауна әлемін зерттей отырып, қоршаған ортаны зерттей отырып, бала өзін 
табиғаттың бір бөлігі ретінде сезіну, айналада болып жатқан барлық нәрсеге 
жауап беру өнерін үйренеді.

Әлеуметтік даму бағытында балалар шашки, шахмат, тоғызқұмалақ 
сынды үйірмелерде логика мен ақыл-ойды шыңдаса, фитнесте дене әсемділігін 
тәрбиелейді. Спорт, би ерікті құзыреттілікті дамытады, командалық спорт 
ұжымда жұмыс істеуге үйретеді. Музыка және сурет, актерлік шеберлік
қолөнер шығармашылықты, креативтілікті дамытады және барлық зияткерлік 
құзыреттердің дамуына серпін береді.

Психолингвистикалық бағыт баланың шет тілдерін игеруге, келешекте өз 
мамандығын заман талабына сай бірнеше тілде алып жүруіне, бұқаралық 
ақпарат құралдарымен жұмыс істей алуына себепкер бола алады.

№2 оқушылар сарайының ең жас тәрбиеленушілеріне арналған 
бағытымыз – ерте даму бағыты. Бүлдіршіндер қосымша білімге деген 
құлшынысын осы бағыт үйірмелерінде оятып, сәл есейгенде басқа бағыттарда 
қызығушылықтарын жалғастыра алады.
Ағысқа қарсы жүзіп те, ағыстың ағынымен жүзіп те қажеті жоқ. Қай бағыт 
қажет, сол бағытта жүзген жөн. Біз тәрбиеленушілерімізге жан-жақтылық 
ұсынамыз. Заман талабы күнделікті жаңаруда. Сондықтан, б
іртіндеп, тіпті 
қалыптасқан маманның өзі де білімін түбегейлі жаңартып, өмір бойғы кәсіби 
қызмет саласын өзгерту қажеттілігі де туындап келеді. Бұл жолда бала кезден 
игерілген бірнеше дағды көмекке келмек. 
Мансапты дамыту бойынша қосымша 
білім беру мекемесі қызметі – осы, бала бойына түрлі дағды сіңіру, 
функционалды сауаттылықты тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет